Главная » Файлы » В помощь учителю » Мой Казахстан |
2016-12-15, 11:53 AM | |
СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАНОБЛЫСЫ «Мұрат Айтхожин атындағы №1 орта мектеп» КММ Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне арналған «Мен елімді жырлаймын» музыкалық-поэтикалық фестивалінің бағдарламасы «Қазақстан арманына апарар жол» Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері: Көпбасова Бақыт Шәмтенқызы Омарова Әсемгүл Абдукәрімқызы Жаманова Рима Жұмағалиқызы ПЕТРОПАВЛ, 2016 Фестивальға қатысушылар: 1. Аракелова Ангелина 4 «А» - орыс 2. Аскерова Сакина 9 «В» – әзірбайжан 3. Ахметжанова Камила 6 «А» - татар 4. Биннатов Тимур 10 «В» - әзірбайжан 5. Вальтер Алексей 6 «А» - неміс 6. Вьюшкина Анастасия 10 «А» - орыс 7. Гасанов Гасан 9 «В» – орыс 8. Головина Валерия 6 «А» - орыс 9. Дружинина Виктория 8 «А» – орыс 10. Зарецкая Ирина 8 «А» – орыс 11. Зеленова Елизавета 6 «А» - орыс 12. Иванова Виктория 8 «А» - орыс 13. Котвицкий Тимур 7 «Б» - орыс 14. Кравцова Алина 6 «Б» - орыс 15. Мержоева Мадина 4 «В» - тәжік 16. Морозова Елена 8 «А» - орыс 17. Морозов Дмитрий 7 «Б» - орыс 18. Пахандрин Константин 10 «А» - орыс 19. Ткачук Дарья 4 «Б» - орыс 20. Черемных Ангелина 6 «А» - орыс Көрнекілік: 1. Презентация «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» - слайдтар. 2. «Елім-ай» ән. 3. Би «Туған жер» 1-жүргізуші: Пахандрин Константин - Армысыздар!Мерекеге келген құрметті ханымдар мен мырзалар! Баршамызды Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдық мерейтойымен құттықтаймыз! 2- жүргізуші: Вьюшкина Анастасия Қаланың қақ ортасынан орын тепкен, Көп ұлтты Айтхожин атты мектебінен. Алдарыңа сіздердің келіп тұрмыз, Бөлісуге мерекелі көңілменен! «Қазақтың монологы» - Әскерова Сақина Иә, мен бүгінде елімнің «Тәуелсіздігін», елін ойлап, елдікке ерен еңбекпен қол жеткізген «Елбасы күнін» айта берсем, азат елімнің азат таңында өзімізге тиесілі мерекелерімнің барлығын тойлап жатқан қазақпын!… Осы күнге жету үшін не өтпеді басымнан, не өшпеді жылдарда қалған жадымнан… Көкбөріден жаралып, Жер Анадан нәр алып, таза тұнық қаным пайда болды. Хандық құрып «жақсылармен» бауыр боп, «жамандарды» аластаттым. «Шоқан» боп тудым жұлдыздай, «Абай» боп тудым дана болып, «Ыбырай» боп қараңғыға сәуле шаштым, білім кілтімен есік аштым. «Алаш» болдым арыстандай ақырып, жолбарыстай жақсы істерді жапырып. Сол жылдары ауыр болды, Ресейдің қабағын торыдым, бұйрықтары құлағыма «жауыр» болды. Қастықты да көрдім, аштықты да көрдім. Екінші дүниежүзілік соғыста құладым, жыладым, қайрат жинап қайта тұрдым, рух шақырып, жеңіске бет бұрдым да, «Рақымжан»боп Рейхстагқа ту тіктім. Әрине, қазақ деген қаным, жаным, тілім, дінім, тірлігім, елім, жерім, ұрпағым болғасын, 1986 жылы «Қайрат пен Ләззат» боп барлық жастарды жинап, желтоқсан ызғарында арнамды бөліп алдым. Шүкір, Тәңір қолдап, Тәуелсіз таңымды атырып, күрсінбей күнімді батырып келемін.Қанша ауыр болса да бәрі есімде, ұмытуға хақым жоқ! 1-жүргізуші: Пахандрин Константин Бостандық! –деп аталатын асқақ арман жолында қаншама қан төгілді, қаншама батыр мерт болды. Бұл арпалыс бір күн, бір жыл, бір мезет емес, талай ғасырларға созылған. Осы арпалысты жай тілмен тарих дейді. Котвицкий Тимур Қазақ халқы азаттық үшін талай қиындықты бастан кешірді. Бірақ ешқашан мойымады, күресе білді. Азаттық таңы туатынына сенді. Енді осы кейбір тарихи оқиғаларды еске түсіріп өтейік. Сахналық көрініс: «Қайраттың тұтқындауы» Рөлдерде:1.Қайрат Рысқұлбеков:Гасанов Гасан 2. Жеңгесі:Аскерова Сақина 3. Милиционерлер:Биннатов Тимур, Котвицкий Тимур Сахнада Қайрат Рысқұлбеков пен жеңгесі дастарқан басында отырады. Үйге милиционер жігіт кіреді. Милиция:Біз органнан келдік. Қайрат Рысқұлбеков деген азаматты тұтқындауға келдік. Прокурордың санкциясы бар. Міне! Жеңгесі: Қайрат, бері кел. Милиция: Тез жинал, бізбен бірге кетесің. Жеңгесі: Ойбай-ау, бұларың не?! Жұдырықтай баланың не жазығы бар еді? Әке-шешесіне не бетімізді айтамыз?! Милиция: Жеңеше, сабыр етіңіз! Бұл жігіт бір төбелеске қатысыпты. Анық-қанығынтексерген соң қайтарып жібереміз. (Осы кезде Қайратты милиционер алып кетеді) Қайраттың ақтық сөзінен үзінді: ГасановГасан Күнәдан таза басым бар, Жиырма бірде жасым бар, Қасқалдақтай қаным бар, Бозторғайдай жаным бар, Алам десең, алыңдар! Қайрат деген атым бар, Қазақ деген затым бар. «Еркек тоқты – құрбандық», Атам десең, атыңдар! Мен не етермін, не етермін, Мен келмеске кетермін. Көрмеген, қош бол, таңдарым, Көре алмай мен өтермін. Қош, аман бол, артымда Ағайын, туған азамат! Артымда қалған ата-анам, Ел-жұртым, саған аманат! 1 оқушы: Морозов Дмитрий Желтоқсан – заман толғағы байтақ даланың, Шарпыған сәті үміт пен күдік қаланың Желтоқсан – Қайрат, Ләззат, Сабира Құрбаны болған жаланың Ал қоғамның адамнан бар ма асылы, Кеткенде жоқ құлақтан зар басылып, Бұғаудағы боздақтары кете барды Бірі атылып, ал бірі дарға асылып 2- оқушы: Вальтер Алексей Жүректе намыс оты лапылдаған, Күш-жігері жастардың сарқылмаған. Отан үшін олар шығып алаңға Қарсы ағып өзендей тасқындаған. 3-оқушы: Головина Валерия Болмасам да сол кезде мен сеземін Жүректе намыс оты сөнбегенін, Ызғарына аяздың төзгендерін, Бұл күннің оңайлықпен келмегенін. 4- оқушы: Мержоева Мадина Жасасын, жаса, азат күн, Жасасын бейбіт ел, су, жер! Бостандық алған қазақтың Мәртебесін көрсін ел! Уа! Айбынды тұғырлы елім, қазағым! Аңсап ең ғой осы сәтің ғасырдың Енді міне, айта аларсың менмін деп, Қазақ деген егеменді елмін деп. 5-оқушы: Ткачук Дарья Отан – атам, Отан – әкем. Осы сөзім қате ме екен? Қате болса, неге біздер Дейміз оны –Атамекен? Отан – әжем, Отан – анам Туған ел деп, туған жер деп Ол бекерге аталмаған! 6-оқушы: Кравцова Алина Тәуелсіздікті елге сыйлады Бейбітшілікті қалады. Орындалып арманы, Халқымызда ажарлы. Осының бәрі әрине, Елбасының арқасы. 7-оқушы: Черемных Ангелина 25 жыл өтіпті сыннан дара, Сыннан өтер сыр бермес тұлғаң ғана. Нұрсұлтан деп тауың да асқақтады, Нұрсұлтан деп күй төкті туған Дала. Жеткізді ұлы өр елін бүгінгіге, Дос қуанып,күншілдер түңілді де. Бағыт алды «Мәңгі Елге» Қазақстан, Сол жайлы ұрпақ айтар жырын,міне. Тәуелсіз боп ел тұрса аспан асты, Бақытты онда қарты да,жас баласы. Елбасының салынған қалауымен, Жарқырайды бұл күнде Астанасы! 2- жүргізуші: Вьюшкина Анастасия Ұлы достық Нұрлы достық, күн достық. Достық деген қасиетті ұранға Кең даланың жүрегі де үн қосты Биші қыздар биімен де үн қосты «Туған жер» биі. Орындаушылар: Головина Валерия, Ахметжанова Карина, Зеленова Елизавета 2 – жүргізуші: Вьюшкина Анастасия Елді бүгін қарасам, Айналам бақыт кең жатыр. Бірімен – бірі туысқан. Қол ұстасқан ел жатыр. Ән «Елім-ай». Орындаушы: Аракелова Ангелина Бишілер: Зарецкая Ирина, Дружинина Виктория, Иванова Виктория, Морозова Елена (Балалар шығып тұрады, қолдарында шар мен жалаушалар) 2-жүргізуші;: Вьюшкина Анастасия Ту тігілді халқымның бүгін бағына Жас өрендер желбіретіп нық ұста Ғасырларға жалғастырып елдікті Дақ түсірме ата-баба рухына Үлгі бізге аталардың ерлігі, Ұлағаты өнегесі еңбегі Тәуелсіздік туын ұстап жоғары Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі! 1-жүргізуші: Пахандрин Константин Қазақ елім! Туды жастық дәуірің. Алғандайсың жұлдызыңның жарығын. Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым, Туған күнің құтты болсын, алыбым! Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, ағайын! Назарларыңызға рақмет! | |
Просмотров: 767 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|