Катшибекова Айгерим Серикболовна, Семей қаласы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті, тарих-педагогика факультеті, бейнелеу өнері және сызу кафедрасы, кәсіптік оқыту мамандығы, П-309 тобы. «Технология сабақтарында Қазақстанның сәндік-қолданбалы өнерін оқып үйрену. Ұлттық сәндік бұйымдар (сәукеле, белдік, өңіржиек)» Қазақстанның сәндік-қолданбалы өнерін мектептің оқу-тәрбие процесінде мақсаттылықпен кешенді пайдалану оқушылардың танымдық көзқарасын байытып, көркемдік-эстетикалық тұрғыда дамуын арттырады. Қазақ сәндік-қолданбалы өнерінің адам өміріндегі рөліне Орта Азия халықтарының этнографиясын, тарихын зерттеген ғалымдар (И.Г.Андреев, А.А.Бобринский, А.А.Боголюбов, А.Фелькерзам және т.б.) қазақ ағартушылары Ш.Уәлиханов, А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин аса мән берген. Атадан балаға мирас болған мәдени мұраны, ата мұраны сақтай отырып бейнелеу, кескіндеме, мүсін, дизайн, өнерлері арқылы қолданбалы қолөнерін технология сабағында басқа жаңа деңгейде қайта жаңғырту, жаңа замануй талабына сай жаңарту, көзін ашу мұғалім қызметін атқаратын маңызды міндеті болып табылады. Кәзіргі таңда ұлт мәдениетін инновациялық жол мен дамыту, халық ауыз әдебиетін, сөз өнерін, қол өнерін, саз, әуендерінің үдірістерін зерттеу біздің міндетіміз. Ата – бабаларымыздың қолдарымен жасаған өнер түрлерін санамызда ұстап, есімізге алып тарихи бағаларын беріп, оқып дамыту өшпес соқпақты даңғыл жолға айналдырып, болашақ жас ұрпаққа қалдыру халықтық, мемлекеттік іс. Мектеп оқушыларының кәсіби шеберлігін қалыптастыруда ұлттық қол өнер дәстүрін меңгеруін, сақтауы мен жалғастыруын қамтамасыз етеді, еңбекке баулу мазмұнын кеңейтуге, халық өнерінің негізгі түрлері туралы білімдерін (сәндік-бейнелеу, салттық-ойындық, сөздік-поэтикалық) пәнаралық деңгейде қорытындылауға мүмкіндіктер береді. Қысқасы, сәндік-қолданбалы өнер туынлыларын бейнелеу өнері, технология пәндерінде тиімді пайдалану, пәнаралық байланыста жүзеге асыру болып табылады. Халык өнерінің шығармашылығын игеру мектеп оқушыларының кәсіби шеберлігін қалыптастыруда сәндік- талғамын тәрбиелеп қана қоймай, олардың саздан бұйымдар жасау, ою-өрнектер түрін кұрастыру, оларды дамыта колдану, ағаш ұксату мен ою жұмыстарын орындау, тоқыма, кестелеу әдістерін меңгеру сиякты шығармашылық тұрғыдағы жұмыстармен жеке айналысуға құштарлығын оятады. Мектеп оқушылары сәндік-қолданбалы өнер шығармашылығымен етене танысуы негізінде қызығушылыққа бөленіп, сұлулық пен әсемдікке тәрбиеленеді, олардың талғампаздығы жетіледі.
|