Толепбергенова Арайлым Серікқызы, Семей қаласы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті, тарих-педагогика факультеті, бейнелеу өнері және дизайн кафедрасы, П-309 тобы «Технология сабақтарында дәстүрлі материалды көркемдеп өңдеудің ерекшеліктері» Н.Ә.Назарбаевтың жарлығымен бекітілген мемлекеттік «Білім » бағдарламасында: Балалар мен жастарды тәрбиелеудің ең көкейкесті мәселелері ретінде, білім мекемелерінде оқушылардың этностық-мәдени ерекшеліктерін ескере отырып тәрбиелеу, білім берудің тиімді жүйесін жасап, өмірге ендіру қажеттілігі атап көрсетілген. Қазіргі уақытта революцияға дейінгі қазақ халқының қол өнер табиғатын жан –жақты те этнографиялық тұрғыда зерттеудің ғылым үшін де, өмірлік тәжірибе үшін де маңызы өте зор. Өмірдің қай саласында болмасын оның қазіргі қалпын жақсы түсіндіру үшін өткен тарихын,тегін тереңірек зерттеп білудің қажеттілігі белгілі. Қазіргі қоғам талабына сай, мектептің білім стандартын басшылыққа ала отырып, технология пәнін оқытудағы негізгі мақсаты: оқушыларды шеберлікке, шығармашылық қабілетін, пәнге деген қызығушылығын арттыру мақсатында ағашты көркемдеп ою, темірден зергерлік бұйымдар жасау, атакәсіпті терең игеріп, өз бетімен күнделікті өмірге қажетті заттарды, бұйымды жасай білуге үйрету. көркемдеп өңдеу көне заманнан бері белгілі металл. Көркемдеп өңдеу көне заманнан бері белгілі металл. Шеберлердің жасаған өнімдері, әшекейлер мен тұрмыстық заттар ғана емес, қызмет етуге арналған тұтынушылық заттарды қолданған; олар адамдарды эстетикалық қанағаттандыру үшін жасады: білім беру саласында оқушылардың дәстүрлі материалды көркемдеп өңдеудің ерекшеліктерінүйрете отырып, мәдениет, оның көркемдік талғамын қалыптастыру үшін қажет жұмыс қызығушылықтарын оята түседі. Сондықтан да технология пәні ұстаздары кез-келген материалдан бұйым жасауды меңгерулері тиіс, деп ойлаймын. Оқушылар әр түрлі тігілген бұйымдарды зерттей отырып, баға берумен келешек кәсіби ісіне қажетті эстетикалық, ұлттық, этикалық және т. б. бағалы қасиеттерін өз бойларына қалыптастырады. Еңбек сабағында оқушылардың іске икемділігі мен іскерлігіне, өнерге, шеберлікке деген бейімділігін дамыта отырып қалыптастырамыз. Оқушылар отбасында да тұрмыстың әр түрлі өнімді еңбегіне қатысады. Баланың бойындағы сапалық қасиеттері, еңбекке қызығушылығы, табиғатты қорғауы, ұқыптылығы арқылы еңбек адамын көру. Қазіргі кезде білім беру кеңістігінде инновациялық үрдістердің бағыттарының бірі - мектепке бағдарлау болып табылады. Оқушылардың қызығушылықтары, қабілеттері толық ескеріліп, сол қажеттілікке сай тиімді жағдайлар жасалып, білім беріледі.
|