Балтабек Дидар Қалиасқарұлы, Қадірғазы Қайнар, Семей қаласы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті, тарих-педагогика факультеті, сызу және бейнелеу өнері кафедрасы, кәсіптік оқыту мамандығы, П-309 тобы «Технология сабағында ағашты көркемдеп өңдеу» Ағаш — құрылыс материалы ретінде ежелден қолданылып келеді. Оның механикалық жағынан жеткілікті дәрежеде өте мықты, жылу өткізгіштігі төмен, салмағы ауыр емес, өңделуі оңай, қышқылдар, тұз, май және басқалар әсеріне химиялық тұрғыдан төзімді т. б. көптеген бағалы қасиеттерге ие болады. Қолөнердің ең көп тараған түрлерінің бірі - бұл ағашты көркемдеп, өңдеу. Ертеден - ақ көшпелі халық тұрмысына қажетті заттарды өздері жасап отырған. Ағаштан түйін түйген шеберлер атқа салатын ерді, тамақ сақтайтын кебеже, киім салатын сандық, әбдіре, киім ілетін - адалбақан, тостаған, саптаяқ, шара, отау, табақ пен тегештерді аса шеберлікпен жасаған.Ағаштан жасалған бұйымдардың ішіндегі ең көп тараған түрлері жұкаяқ, күбі, ағаштан бүтіндей ойылған астау, келі - келсап, асадал. Бұл бұйымдарды шеберлер күмістен, сүйектен жасалған ою - өрнектермен әрлеген. Ағаш өңдеу – ағаштан жасалған бұйымның арнаулы өңдеуден өткізіп кәдеге жарату жолдары. Дайындалатын заттың бетін тегістеу, оймыштап бедер салу, бояу ағаш бетін қыздырылған металлмен қару, біздің ұшымен қарып өрнек, жазу түсіру, т.б. тәсілдер жатады. Ағаш бұйымдарын көркемдеп өңдеу үшін композициялық пішін арқылы жаттығып көреміз. Ағаштан жасалған бұйымдардың ішіндегі ең көп тараған түрлері жұкаяқ, күбі, ағаштан бүтіндей ойылған астау, келі — келсап, асадал. Бұл бұйымдарды шеберлер күмістен, сүйектен жасалған ою өрнектермен әрлеген. Ағаш бұйымдарын көркемдеп өңдеу мынадай шаралар арқылы жүзеге асады. - Бұйымның негізін талаптарға сай тазалау. - Бұйымның барлық бөліктеріне өрнекті жоспарлау, үлгісін жасау. - Өрнектерді кесу. - Бұйымдарды бояу, оған әр беру, лактау. Көркемдеп өңдеуге қажетті ағашты дұрыс таңдау істің нәтижелі болуына септігін тигізеді. Оған май қарағай, тезек, үйеңкі секілді жұмсақ ағаш қажет. Ағашпен жұмыс істеген кезде оның текстураланған суретін бүлдіріп алуға да болады, ажарландыра түсуге де болады. Соңғы жағдайда ағаш бұйым одан сайын көркейе түседі. Ағаш өз мəнін жойды деуге болмайды: ол жиһаз өндірісінде, құрылыста, біздің тұрмысымызды əшекейлеуде өте қажет. Ағаш адамға белгілі жəне түрлі мақсаттарда қолданылатын ежелгі материалдардың бірі болып табылатындықтан осындай кең қолданысқа ие. Бұл жерде сүректі тек металдармен ғана салыстыруға болады. Сондықтан да ағаш бойынша сан алуан жұмыс тəсілдері жəне қолдану салалары болғандығы табиғи үрдіс болып табылады.
|