Дауыл Бақсый, Семей қаласы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті, тарих-педагогика факультеті, сызу және бейнелеу өнері кафедрасы, кәсіптік оқыту мамандығы, П-309 тобы «Мектептегі технология сабақтарындағы дизайн элементтері. Оқу кабинетін безендіру» Мектептегі технология сабақтарындағы дизайн элементтері - студенттерге қазіргі дизайн саласының маңызы, мақсаты және құрылымымен қатар, дизайн саласы мамандарының ролі мен міндеттерін, жаңа ақпараттық технологияларды қолданып әртүрлі дизайн өнімдерін жарыққа басып шығарудың әдіс-тәсілдерін үйрету. Келешек дизайнер көркем білім беру саласында терең білім алып, мықты тәжірибелік дағдыларын қалыптастыруға міндетті. Оқулықтың теориялық бөлімі студенттердің түстану саласынан ғылыми білім негіздерін, кескіндеме көркем материалдарының техникалары мен технологиясы меңгеруді қамтиды. Атадан балаға жалғасып келе жатқан ұлттық қолөнерді өткен ғасырда жоғалтып ала жаздап, егеменді ел болғалы өз мәдениетімізді, салт-дәстүрімізді, рухани сән-салтанатымызды, ырым-наным, әдет-ғұрып, тұрмыс-тіршілік болмысымызды қайта жандандырып, қазақ қолөнері кайтадан ел арасына, білім ордасына бірте-бірте тамаша үлгілерімен еніп, оқушыларға жан-жақты білім мен тәрбие беруге, жаңаша еңбек етуге талпындырып отыр. Оқушыларға тәрбиелік мәні бар халықтық мұралар аз емес. Қазақ халқының өнерін, іскерлігін, өнер шеберлерінің қолынан шыққан алуан түрлі заттар мен бұйымдарды айтып, бұрынғысымен бүгінгісін салыстыра отырып, ұлттық енерді сүюге, кұрметтеуге баулу, бүгінгі шәкірттерді ертеңгі еңбеккер, жан-жақты жетілген азамат етіп тәрбиелейді, оқушылардың жүрегіне жол тауып, олардың бойында еліне, жеріне, ұлттық өнерге деген сүйіспеншілігін, пәнді оқып үйренуге деген ынтасын, құштарлығын арттыру, қазақ колөнерін жас жеткіншектердің санасына жеткізудің кұралы. Бүгінде біз орта білім беруді одан әрі оқу кабинетін безендіру екінші кезеңіне көштік, ол мазмұндық тұрғыда болады және компьютерлік сауаттылықтан жеке тұлғаның ақпараттық мәдениетінің іргелі операциялық негіздеріне ауысуды білдіреді. Дұрыс ұйымдастырылған әдістемелік жұмыс пен соған сай жасақталған әдістемелік кабинет мұғалімдердің шеберлігін шыңдап, оқу-тәрбие сапасын арттырудың бірден бір қажетті шарты болып табылады. Қай заманда, қандай реформа болсын білім саласының басты тұлғасы –мұғалім. Мемлекеттік білім саясаты да осы мұғалім арқылы жүзеге аспақ. Ал бүгінгі таңда білім ордасының , мұғалімнің қасиетті міндеті – рухани бай, жан-жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыру. Рухани байлық, ең алдымен, әр халықтың ұлттық әдет-салты, көзқарасы шыққан түп-тамырында жататыны белгілі. Сол ұлттық байлықты бүкіл адамзат өз ұрпағын тәрбиелеуге қолданып келеді.
|