Главная » Файлы » В помощь учителю » Технология |
[ Скачать с сервера (734.0 Kb) ] | 2012-02-22, 7:57 PM |
Ақтөбе политехникалық колледжі «Келісілді» « Бекітемін» ОӘК меңгерушісі Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары _________ Ж.Т.Ходжаниязова _________А.Аймұқатов «Технологиялық процесті автоматтандыру және саланың ТПАБЖ» пәні бойынша ашық сабақтың әдістемелік нұсқауы Тақырыбы: «Жылу процестерін автоматтандыру» Мамандығы: 1302000 «Автоматтандыру және басқару» Тобы: 301 AC. «Электрмен қамтамасыздандыру» ЦӘБ отырысында қарастырылады «__»_____2012 ж . №___хатама ЦӘБ төрайымы___Р.С.Дузбаева Бөлім меңгерушісі_____Г.Ө.Есенгалиева Құрастырған _____Мырзағарин Б.М 2011-2012 оқу жылы Сабақтың ұзақтығы: 80 минут Өткізілу мерзімі: 07.02.12 ж. Өткізілу орны:106 кабинет. САБАҚТЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ № 1 2 3 4 5 6 Уақыты 5мин 15мин 40мин 12мин 5мин 3мин САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ № Мазмұны Оқытушының Қызметі Мақсаты мен міндеті Оқушының қызметі 1 Ұйымдастыру бөлімі Оқушылардың сабаққа қатысымын тексереді,кабинет тазалығын қадағалайды,оқушылар ды жұмыс ырғағына бейімдейді. Оқушыларды сабаққа дайындау Оқу құралдарын дайындау 2 Жан-жақты білімдерін тексеру Алдыңғы сабақ бойынша оқушылардың білімін тексеру Өткен сабақ бойынша білімді тексеру Сұрақтарға жауап береді, тапсырма орындайды 3 Жаңа сабақты түсіндіру Жаңа сабақ бойынша толық мәлімет беру Жылу процестері түрлерімен таныстыру, өмірде қолдана білу Жылу процесінің жұмыс істеу принципін үйрену 4 Тапсырмалар орындау Тапсырмалардың дұрыс орындалғандығын тексеру Берілген тапсырма бойынша білімдерін тексеру Тапсырмаларды тиянақты орындау, шешімін табу 5 Сабақты бекіту Жылу процестерінің маңыздылығын атап өту Білімдерін жүйелеу Сұрақтарға жауап беру 6 Қорытындылау Оқушыларды бағалайды,үйге тапсырма береді Оқушыларды бағалау,тапсырма беру Сабақ туралы өзіндік көзқарасын білдіру Сабақтың тақырыбы: Жылу процестерін автоматтандыру Сабақтың мақсаты: Білімділік: Жылу процестері түсінігін қалыптастырып, процесті автоматтандырудың тың түсінігін ұғындыру. Тәрбиелік: Өндірістегі ТП басқарудың негізі арқылы оқушыларды адамгершілікке, қайырымдылыққа, еңбекті сүюге тәрбиелеу және жақсы істерді бағалай білуге ұмтылдыру. Дамытушылық: Оқушыларды өз бетінше ізденуге жұмылдыру, ойлау қабілеттерін дамыта отырып, дүниетанымын кеңейту. Жалпы өндірістегі технологиялық процесс туралы ой өрісін дамыту. Типі: Жаңа сабақты меңгерту Түрі: Аралас Көрнекілігі: Проектор, тірек-сызбалар, плакаттар Әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндіру, ізденушілік, талдау, ажырату, салыстыру, топтау, жинақтау, дәлелдеу Жаңа технология: АТҚ оқыту Пәнаралық байланыс: Автоматты реттеу және реттегіш, Электрлік машиналар, ЭТН, Сала технологиясы Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру бөлімі. Оқушылардың сабаққа қатысымын тексеру, сабақ тақырыбы мен мақсатын хабарлау, оқушылардың сабаққа дайындықтарын қадағалау. 2. Жан-жақты білімін тексеру. I – тапсырма. «Пирамида» ойыны 1. Нормативті құжаттар неше категорияға бөлінеді? - жалпымемлекеттік, ведомоствалық және жеке мекемелер тарапынан жасалған 2. Шық нүктесі дегеніміз? - сулау камерасынан кейінгі ылғал ауа температурасы 3. Ауаны кондиционерлеу қондырғыларының көмегімен ғимараттың ішіндегі ауа қандай қасиетке ие болуы қажет – ылғалдылыққа, жылдамдыққа, тазалыққа 4. Өнеркәсіптік қазан құрылғылары не үшін арналған? - әртүрлі технологиялық процессте қолданылатын буқозғалтқыштарда бу алу үшін 5. Машина және аппарат механизмдерінің қосу және сөндіру уақытындағы қателіктерінің алдын алу ненің негізгі қызметі болып есептеледі? – Блокировканың негізгі қызметі 6. Қызмет алгоритмін орындау үшін белгілі бір сыртқы команданы орындайтын қондырғы немесе машиналар не деп аталады? – Басқару объектісі 7. Автоматтандыру схемаларында щиттар және пульттар қалай белгіленеді? –сызудың төменгі бөлігінде төртбұрыш түрінде 8. Сыртқы метреологиялық шарттарға тәуелсіз түрде ғимараттың ішінде жасанды климатты ұстап тұруға арналған құрылғылар қалай деп аталады? - ауаны кондиционерлеу қондырғылары 9. Жұмыс істеу принципі қандайда бір технологияық процесс барысында алынған жылуды пайдалануға негізделген қазан қалай аталады?– утилизатор деп аталатын қазан құрылғылары да кездеседі. 10. Бір немесе бірнеше бір біріне бекітілген шкафтар немесе панелдерден тұратын кешенді құрылғы қалай аталады? – Щит 11. ГОСТ 21.404-85 бойынша қай құрал (автоматтандыру құралы ) мынадай түрде белгіленеді? (шеңбер: 5мм –диаметр ) – Атқарушы механизм 12. Қазан барабанындағы қысым қандай прибор мен өлшенеді? – Манометр 13. ТПБАЖ функциялары қандай түрлерге бөлінеді? – Ақпараттық және күштік 14. Ауаны кондиционерлеу қондырғыларында сулау камерасынан кейінгі ылғал ауа температурасы не деп аталады? – «Шық нүктесі» 15. Өндірісте апаттық жағдайлардың алдын алу мақсатында қандай құрылғылар қолданылады? – автоматты қорғау құрылғылары II – тапсырма. «Көршіңді тап» ойыны Ауаны кондиционерлеу қондырғыларында іске асырылатын негізгі процесстер? - қыздыру, жұмсарту, салқындату, құрғату, тазалау және ауаны араластыру. Қазан құрылғыларында кең қолданылатын отын түрлері не жатады? табиғи газ. Отын ретінде мазут немесе көмірді де қолдануға да болады. Сыртқы метрологиялық шарттарға тәуелсіз ғимараттың ішінде жасанды климатты ұстап тұруға арналған құрылғылар не деп аталады? Ауаны кондиционерлеу құрылғылары Технологиялық сигнализацияның қандай түрлері бар? Ескертуші және апаттық Ауаны қыздыру құрылғылары не деп аталады? Калориферлер Қандай температура «шық нүктесі» деп аталады? -40ºС Қызмет көрсетуші персоналға бақылаудағы объектілердің жағдайы туралы мәлімет беру үшін арналған құрылғылар? Сигнализация құралдары Қазан құрылғыларында манометр арқылы қандай параметр өлшенеді? Қысым 3. Жаңа сабақты түсіндіру. Жылу процестерін автоматтандыру Жылу процестерi деп жылуды беру немесе оны қабылдап алу арқылы жүретiн технологиялық процестердi айтады. Жылу процестерiне қыздыру, салқындату, конденсациялау, булану жене т.б. процестер жатады. Қыздырy - жылу беру арқылы енделетiн материалдардың температурасын көтеру. Салқындату - өнделетiн материалдардан жылуды бөлiп алу арқылы оның температурасын төмендету. Конденсация - заттан жылуды бөлiп алу арқылы оның буын сұйылту. Булану - жылу беру арқылы сұйықтықты бу тәрiздес күйге айналдыру. Буланудың жеке түpi химиялық технологияда кең таралған буландырy процессi болып табылады. Буландыру ¬ерiтiндiлердiң қайнауы кезiнде сұйық ұшқыш ерiткiштi бу тypiндe аластату арқылы қaтты ұшқыш емес заттарды қойылту. Жылу процестерiнде температурасы әр түрлi ең кeмiндe екі орта өзара әрекеттеседi. Бұл процестер кезiнде жылу бiр заттан екiншi затқа берiледi. Жылу беру процессiне қатысатын заттар жылу тасымалдағыштар деп аталады. Температурасы жоғары, жылу бөлiп, оны температурасы темен заттарға бepeтiн заттар ыстық жылу тасымалдағыштар деп, ал температурасы төмен, осы жылуды қабылдап алатын заттар салқын жылy тасымалдағыштар деп аталады. Жылу процестерiн жылу тасымалдағыштарды жанастыру арқылы немесе оларды бөлiп тұратын қабырға арқылы жылуды өткiзу жолдарымен жүргiзуге болады. Бiр денеден екiншi денеге жылу өткiзу немесе беру жылу өткiзгiштiк, конвекция, сәуле шығаpy арқылы орындалады. Жылу өткiзгiштiк деп заттың белгiлi бiр дене бөлшегiне жанастыру арқылы бiр денеден екіншi денеге жылу беру қабiлетiн осыған орай бiр болшектен екiншi бөлшекке энергия беріледі, өйткенi олар толқыңды қозғалысқа келтiрiледі. Сұйықтықты жылыту Қаптама құбырлы жылу айырбастағыштағы қыздыру процесін қарастырамыз. Бұл аппаратқа қыздырылған өнім және жылу тасымалдағыш түседі. Процестің тиімділік көрсеткіші болып жылу айырбастағыштан шығатын өнімнің температурасы, ал басқарудың мақсаты жылу тасымалдағыштың шығынын өзгерте отырып температураны анықталған деңгейде ұстап тұру болып табылады. Реттелетін параметрдің негізінде жылу айырбастағыштан шығатын өнімнің температурасы, ал шаманы бақыланудың нәтижесінде өнімнің және жылу тасымалдағыш шығыны, олардың бастапқы және соңғы температурасы, будың шығыны алынады. Сигнализациялануға өнімнің шығыны және жылу айырбастағыштан шығатын өнімнің температурасы жатады. Бақыланатын шаманың негізінде жылу тасымалдағыштың шығыны, оның соңғы және бастапқы температурасы, қысымы қабылданады. Процесті қалыпты іске қосу, жөндеу және пайдалану үшін бұл параметрлердің ағымдағы мәндерін білу қажет. Сигнализациялануға өнімнің шығыны және температурасы жатады, өйткені шығынның күрт төмендеуі жылу айырбастағышты қалыптан шығарудың себебі болуы мүмкін. Қорғаныс құрылғысы бұл жағдайда жылу тасымалдағыштың келуін тоқтату қажет. Буландыру Буландырғыш аппараттардың түрлері Пластикалы буландырғыш аппараты. Құрылысы: Пластикалы жылу алмастырғыш сепаратор рамкалы аппаратта арнайы пластиналар орнатылған, олар өнім мен жылытушы ортаны кезектескен каналдарға бағыттайды. Пластиналар нығыздаған аралық қабат арнайы формалы қимаға орнатылған және адгезивтердің қолдануын қажет етпейді. Бұл аралық қабаттарды құралдардың көмегінсіз орнатуға және шешуге болады. Жұмыс жасау принципі: Өнім мен жылутушы орта сәйкес каналдар арқылы өтеді. Пластинаның арнайы формасымен олардың арасындағы дұрыс қабылданған ара-қашықтыққа байланысты қатты турбуленттілік пайда болады. Яғни, жылу алмасу өнімінің қайнауына әкеледі және пайда болған бу қалған сұйықтықты жоғары көтерілген қабықшы түрінде пластинкаларының булы каналына еліктіреді. Қалған сұйықтықпен бу әрі қарай ортадан тепкіш әс-әрекетті аппараттарға өтеді. Кең кіріс канал және жоғары көтерілуші (паток) дүрмек өнімнің жылу алмастырғыштың көлденең қимасына толығымен үйлестіруін қамтамасыз етеді. Ерекшеліктері: - Әр түрлі жылытушы амалдарын қолдану пластиналардың өлшемдерінің арқасында жүйені ыссы сумен және бу мен жылытуға болады. - Өнімнің жоғарғы сапасы – өйткені булану бірқалыпты аса жұмсақ жағдайлардан өтеді. - Жай және тез монтаж – себебі үлкен транспорттың түйіндер жиналған күйінде жеткізеді. Кристалдану Кристалдану процесін басқарудың негізгі қағидаларын жайма тоңазытқышы бар кристализатор мысалында қарастыруға болады. Процестің тиімді көрсеткіші алынған кристалдардың өлшемі болып табылады. Кристалдық заттың аққыштығын қамтамасыз ету үшін бірдей өлшемдегі кристалдарды алу қажет, бұл басқару басты нысаны болып табылады. Кристалдардың өлшемі бір жағынан процестің өтуі кезіндегі шарттарға байланысты, (аппараттағы температура салқындаудың қарқындылығы ерітінді қозғалысы), ал екінші жағынан ерітінді кристалдануға өтетін қасиетіне байланысты анықталады. (Қатты фазаның деңгейі, яғни бастапқы концентрациясымен және де температураның , қоспалардың болуы және т.б.) Кристализатордағы температураның тұрақтылығын салқындатқыштың шығынын өзгерте отыруына байланысты қамтамасыз етеміз. Аппараттағы тұрақты температурадағы ерітіндінің салқындау қарқындылығын, ерітіндінің аппараттан өту жылдамдығына байланысты анықтаймыз. Оны тұрақты шамада ұстап тұру үшін ерітіндінің шығынын тұрақтандырамыз. Тұрақты сипаттамасы бар сорапты қолдану кезінде кристализатордағы ерітіндінің қозғалу қарқындылығын тұрақты деп есептейміз. Қатты фаза концентрациясы алғашқы ерітіндіде, оның температурасы және қоспалардың болуы процестің бастапқы параметрі болып есептелінеді. Олардың өзгеруі кристалданудың технологиялық режимінің бұзылуына әкеліп соқтырады. Кристализатордың материалдық тепе-теңдігін сақтау үшін аппараттағы деңгейді тұрақтандыру қажет. Бұл кезде реттеуші әсер ретінде суспензияның шығынын өзгерту болып есептеледі. Түрленетін ерітінді аппараттан ағып кетеді, сондықтан оның шығыны реттелмейді. Осы барлық параметрлердің тұрақтылығы кристалдардың берілген өлшемдерін қамтамасыз етеді. Келуші ерітіндінің, түрленуші ерітіндінің, суспензияның және салқындатқыштың шығынын олардың температурасын, деңгейін және кристализатордағы температураны басқарып отыру қажет. Сонымен қатар ерітінді және суспензия сораптарының параметрлері қадағаланып, ескертіліп отырады. (Жаңа сабақты видео фрагмент арқылы толықтыру) 4. Тапсырмалар орындау. I – тапсырма. Сематикалық карта Булану Салқындату Конденсация Қыздырy Жылу процестерi ыстық жылу тасымалдағыштар жылу беру арқылы енделетiн материалдардың температурасын көтеру. өнделетiн материалдардан жылуды бөлiп алу арқылы оның температурасын төмендету заттан жылуды бөлiп алу арқылы оның буын сұйылту жылу беру арқылы сұйықтықты бу тәрiздес күйге айналдыру жылуды беру немесе оны қабылдап алу арқылы жүретiн технологиялық процестердi Температурасы жоғары, жылу бөлiп, оны температурасы темен заттарға бepeтiн заттар II – тапсырма. «Тапқырлық» ойыны III – тапсырма. «Білгенге - маржан» (avtocad бағдарламасын қолдана отырып схема құрастыру) 5. Сабақты бекіту. Сұрақтарға жауап беру. 6. Сабақты қорытындылау. Сабаққа белсенді қатысқан оқушылар бағаланады. 7. Үйге тапсырма. 1) Жылу процестері 2) MS Visio бағдарламасымен технологиялық процестің схемасын тұрғызу. Қолданылған әдебиеттер Негізгі 1. Голубятников В.А., Шувалов В.В. Химиялық өнеркәсіп процестерін автоматтандыру. М., Химия, 1985. Қосымша 2. Лапшенков Г.М., Полоцкий Г.М. Химиялық өнеркәсіптегі өндіріс процестерін автоматтандыру. Химия, 1988 3. Клюев А.С. және т.б. Технологиялық процестердің автоматтандыру жүйесін құру, М., Энергия, 1980 4. Кузьмин О. Т. және т. б. Мұнай химиялық және мұнайды қайта өндіретін өнеркәсіптегі аспаптар. М., Химия, 1987. 5. Өнеркәсіп аспаптары мен автоматтандыру құралдары. 1987 6. Емельянов А. И., Капник О. В. Технологиялық процесстердің автоматтандыру жүйесін құру. М., Энерго атомиздат, 1983. 7. ГОСТ 21.404-85. «Технологиялық процестерді автоматтандыру. Сұлбадағы автоматтандыру құралдарының және аспаптардың белгіленуі». . | |
Просмотров: 4553 | Загрузок: 581 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|