Главная » Файлы » В помощь учителю » Технология |
2012-08-21, 11:14 PM | |
Сабақтың тақырыбы: «Жапсырмалау». Сабақтың мақсаты: 1. Жапсырмалау туралы алған білімдерін тереңдету, матамен жапсырмалуды үйрету; 2. Ойлау, қиялдау, өз бетінше шығармашылық шешім қабылдау қасиеттерін дамыту. Белгілеу, қиып алу, жапсырмалау сияқты жұмыстарды дұрыс орынадауға машықтандыру; 3. Өзара түсіністікке, бірін бірі құрметтеуге, көмек жасауға дайын болуға және ұқыптылыққа, үнемділікке тәрбиелеу. Керекті жабдықтар: қатырма қағаз, мата қиындылары, желім, қайшы, қарындаш, сызғыш. Көрнекіліктер: дайын бұйым үлгілері, суреттер. Сабақтың типі: жаңа білімді меңгеру. Сабақтың барысы. Ұйымдастыру кезеңі. Жаңа сабақ. Сұрақ – жауап арқылы бұрынғы білімдерін еске түсіру. - Балалар, осы уақытқа дейін не жапсырмалауды үйрендік? - Қағазды, күзгі жапырақтарды, түрлі дән тұқымдарын жапсырып үйрендік. - Ал, бүгін матамен жапсырмалауды үйренеміз. Белгілі бір сурет бойынша жұмыс жасағанда өзімізге қажетті мата түрін таңдап алып, белгілі бір өлшемде қиып қағаз бетіне немесе картонға жапсырмалаймыз. Матамен жапсырмалау өте ыңғайлы еш қиындық туғызбайды, жұмыс барысында мата сынбайды, артық кеткен, шетке шыққан тұстары болса жеңіл қиылып алынады және матамен жапсырмалау көп уақытты алмайды, міне осындай артықшылықтары бар. Тек желімдегенде артық желім жағып жібермеуді ескеріңдер. Арнайы мамандар жасаған бұйым ұзақ сақталып, мықты болуы үшін матаны алдын ала крахмалдайды. - Балалар, ертегі оқып отырғанда ертегі кейіпкерлерін көз алдарыңа елестетіп суретін салып жүрсіңдер, ал сол кейіпкерлерді өз қолдарыңмен жасап көру ойларыңа келді ме? - Бүгінгі сабақтың сарамандық бөлімінде мына «Ұядағы балапан» суретін матамен жапсырмалаймыз. Ол үшін бізге жұмысымыздың негізі болатын қатты қағаз қажет, балапанның, ұяның, жұмыртқаның үлгісін матаға сызып, қиып аламыз. Қиған үлгілерді ретімен қатты қағазға жапсырамыз. Ойланып, шеберлік қасиетімізді пайдаланып жұмысқа кірісеміз. - Балалар, осы жерде мынаны ескерейік, үйден алып келген мата қиындыларының түсі суреттегі балапанның түсіне сай келмесе оған абыржымаңдар. Барлығымыздың балапанымыздың бірдей болғаны басты мақсат емес. Өз қиялдарыңмен қолдағы мата түсін үйлестіріп жапсырмалай беруге болады. - Балалар, жұмыс жасағанда бір бірлеріңді түсініп, көмек жасауды ұмытпаңдар және техника қауіпсіздігі ережесін қатаң сақтаңдар. 1. Қайшыны дұрыс ұстап, жаныңдағы досыңа ашып ұсынба; 2. Желімді пайдаланғанда тазалық ережесін сақта. - Балалар, жасаған жұмыстарың өздеріңе ұнайды ма? Матамен жапсырмалауда қандай қиындыққа кездестіңдер? Тағы да жапсырмалаумен айналысқыларың келеді ме? - Бүгінгі сабақтан не үйрендіңдер? - Енді, суреттерден көрме ұйымдастырып, бір біріміздің еңбегімізді қарап, бағалайық. Үйге тапсырма: «Бұйра ешкі» ертегісінің кейіпкерлерін матамен жапсырмалау. - Балалар, осы ертегінің кейіпкерлерін өздерің қалағандарың бойынша бөліп алып жапсырмалап келіңдер. Келесі сабақта сол суреттерің бойынша шағын ертегіні тамашалайық, сабақ аяқталды. | |
Просмотров: 3756 | Загрузок: 0 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|