Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Технология

Қыздар жақсы көрінер өнерімен-сыныптан тыс жұмыс
2013-11-04, 8:03 PM
Қыздар жақсы көрінер өнерімен.

Мұғалім:
Осы тақырыпты алғандағы мақсатым: өмірде өнердің, қолынан іс келу дегеннің ерекшеорны бар екендігін көрсету. Ол, яғни, өнер тек қана өнерлінің ісі емес, жалпы өнерді білуге, менгеруге талпынған адамның да ерекшелігі. Өнердің әр түрін әрбір қыз бала үшін өмірде өте қажет құрал. Әрбір басқан қадамда, тіпті жай өмірдің өзінде еш зиян шектірмейтіні белгілі. Өнерлі адам сол өнерімен- ақ өзін айналасына танымал, іскер, сүйкімді көрсете алады. «Білмейтін, қолымнан келмейді» деп тартыншақтамай, не нәрсені болса да білуге, үйренуге тырысу- өмірсүруге талпыну. Өмірде талай нәрсені игеруге болады. Оның жағымды, жақтары да бар. Мысалы:
Мода қуып кердендеген, саусағына шылым қыстырған қыз бала мен он саусағы майысып өнер көрсетіп жатқан қыз баланы алайықшы.
Көзге елестеткеннің өзінде кімнің әдемі, сұлу, кімнің өрескел, жаман көрінгені көрініп тұр емес пе? Ендеше, өмірден тек жақсы, өзімізге керекті, алдағы өмірде пайдасы зор өнердің иесі болуға тырысқанымыз жөн деп ойлаймын. Алдағы қойған мақсатымызда осы болсын.
Біз бүгін 5 сыныпқа келген қыздарымызға, өздерінің 9 сыныптағы апайларының еңбек пәніне үйреніп, меңгерген өнерлерін көрсетейік деп жиналдық. Кішкентай 5 сынып қыздары, осы апайлары сияқты, өнер түрлерін жақсы, ұқыпты, қызығушылықпен меңгеріп, келешекте өз еңбектерін, жұмыстарын көрсетеді деп сенеміз.
Кездесуді бастайық.

Мұғалім:
Ең бірінші сөзді біз мектебіміздің озат оқушысы Мусина Арайға бермес бұрын;
Бұл- Арайдың дайындаған еңбегі,
Жақсы мұны көпшіліктің көргені.
Жемісін же, ертең Арай осының,
Өнер құмар қасиет бұл сендегі,- деп Арайға сөз берейік.
Арай өзінің төменгі сыныптан бастап істеген жұмыстарын көрсетіп, кішкене мағлұмат береді.


Сұрақтар:
1. Үйде өзіңіздің қолыңыздан жасалған бұйымдарыңыз бар ма?
2. Ең жақсы көретін пәніңіз қайссы?
3. Кесте тігу сізге ұнайма әлде сабақта ғана тігесіз бе?

Мұғалім:
ІІ. Сегіз қырлы, бір сырлы.
Біздің Гүлдерай өнерлі,
Саусақтары майысып,
Меңгеріпте алыпты.
Түрлі- түрлі өнерді- деп Гүлдерайға сөз берейік. Гүлдерай өз жұмыстарын көрсетіп, таныстырады.


Сұрақтар:
1. Еңбек сабағы сізге үнайма?
2. Сіздің жұмыстарыныздың ішінде ең әдемі және күрделі жұмыс кестелеп қасқыр суретін көрдік, сіз оны қанша уақытта тігіп боласыз?
3. Жаңғақ қабықтарын қандай желіммен жабыстырдыңыз?

Мұғалім:
ІІІ. Ділдә дағы өнерлі
Игерген бар өнерді
Ортаға кеп қалыпсын
Өнерінді төк енді- деп Ділдаға сөз кезегін берейік. Ділдә өзінің жасаған жұмыстарын көрсетіп, ортаға салады.



Сұрақтар:
1. Ұялы телефонға арналған қапшық тігіпсіз, Суретін қалай шығардыңыз?
2. Жіптік графиканың негізгі тәсілдері қандай сол туралы айтып беріңізші.

Мұғалім:
ІV. Ибалы да өнерлі қыз
Динара біздің осындай.
Жақсылыққа жаны үйір,
Жамандыққа жаны қас.
Таныстырып өтсін өзін.
Қалмасын ел танымай.
Динара да өз жұмыстарын көрсетіп, таныстырады.

Сұрақтар:
1. Сіз қол өнердің әр түрлерін көрсеттіңіз, соның ішінде ең сізге ұнайтыны қайссы?
2. Үйде сінілі- бауырларыңызбен қолдан бір нәрсе жасайсыз ба?

Мұғалім:
Балалар, міне біз жоғары сынып қыздарының еңбек сабақтарында жасаған жұмыстарын көріп тамашаладық. Бұл сыныптардың басқа қыздарының да жұмыстары көп. Соған шолу жаңа жасайық. Біз бүгін бұл кездесуден 5 сынып қыздары көптеген жаңалықтар, өнердің жаңа түрлерін көріп, жақсы әсер алды деп ойлаймыз. Еңбек сабағына қызығушылықпен қарап, осы апайлары сияқты еңбекқор, өнер түрлерін жақсы меңгеріп, келешекте олардыңда осындай өнерлерін көреміз деген ойдамыз.
Енді осы 9 сынып қыздары 5 сынып қыздарына айтатын сөздері бар шығар, соны тыңдайық.
5 сынып қыздары апайларының жұмыстарын көріп тамашалады, олардың да айтатын сөздері бар шығар, соларға сөз берейік.
Осы біздің кездесуден кішкентай қыздарымыздың алған әсері көп деп ойлаймын. Енді кездесуімізді мына бір сөздермен аяқтасақ деймін.

Қыздарсұлу көрінер қылығымен,
Жараса төгілген қосбұрымымен,
Бұл күнде сұлулықтың үлкені осы,
Қыздар сұлу көрінеді шашыменен.
Ақ сұлу қиғышқасыменен.
Қыздар сұлу көрінеді толған айдай.
Он бес пен он сегізде жасыменен.
Қыздар сұлу көрінеді толған айдай.
Тізіліп сөз маржаннан тергенімен,
Майыса наз қылықпен келгенімен,
Дарытқан бар асылды өз елінен,
Қыздар сұлу көрінеді өнерімен.
Категория: Технология | Добавил: alinaali
Просмотров: 2634 | Загрузок: 0 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 1.5/2
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Воскресенье, 2025-02-09, 5:32 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru