Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Технология

ашық сабақ технология
2015-04-07, 3:39 PM
Садиева Алия Сайлауовна
Өскемен қаласы «№ 6 орта мектебі»
технология пәні мұғалімі.


«Былғарымен жұмыс»

Сабақтың мақсаты: «Сәндік-қолданбалы өнер, былғарымен жұмыс жасау» бөлімі бойынша оқушылардың білімін қорытындылау және жүйелеу;
1. Білімділігі: -тақырып бойынша оқушылардың білімін жүйелеу;
- Түстер гаммасында былғарыдан картиналар құрастыруда дағдыларын, білімдерін бекіту;
2. Дамытушылығы; - жұмыстың әдістерінде іскерлікті дамыту;
- Былғарымен жұмыс жасағанда алған білімін пайдаланып өз бетінше түстерді таңдап үйрену;
3. Тәрбиелігі: - эстетикалық талғамын тәрбиелеу, тапсырманы жинақы орындау (композиция);
- Тапсырманы берілген уақыт ішінде орындауға үйренуді тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі:
- Әңгіме нұсқау;
- Көрнекі – оқушыларға композицияларды көрсету;
- Мұғалім тарапынан – бақылау, есеп әдісі;
- Оқушыларды өзара бақылау;
- Мұғалім тарапынан байқау;
- Техникалық құжаттармен жұмыс – технологиялық карта;
- Сарамандық жұмыстар – теория мен практиканың байланысы;
- Жартылай – зертеушілік әдіс – оқушы проблеманы өз бетінше шешуі (тапсырманы талдау және орындау)
Сабақтың түрі: теория мен практика сабағы
Сабақтың формасы: - дербес – жауаптарға қосымша; жұптық сқанворд; топтық (Не? Қайда? Қашан?, былғарыдан жасалғангүлдерден композиция жасау);
Еңбек объекті – сәндік-қолданбалы өнер бойынша былғарымен жұмыс.
Пәнаралық байланыс:
- тарих – сәндік қолданбалы өнер тарихы, былғарымен жұмыс, гүлдер тілі (Символика);
- бейнелеу өнері – суреттер, гүлдерден композиция.
- биология – қандай жануарлардың былғарылары жақсы өңделеді;
Құрал-жабдықтар: - «Былғарымен жұмыс жасау» бөлім жұмыстарының көрмесі; - тапсырма карточкалары; - сканворд; -рамкалар, холст, ДВП, былғары, ПВА желімі, мастер желімі.
Пайдаланған әдебиеттер; 1. Гульянц Э.К, Базик И.Я. Что можно сделать из природного материала. М. Просвещение, 1991.
2.Хвостов А.С. ДПИ в школе. М. Просвещение, 1981.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі
1. Арнайы киімді тексеру, жұмыс орнын тексеру.
2. Сәлемдесу.
3. Оқушыларды түгендеу.
II.Өқушылардың оқу әрекетін мотивациялау және сабақтың мақсатымен, міндеттерімен таныстыру.
Сабақ «Сәндік – қолданбалы өнер, былғарымен жұмыс» бөлімі бойынша қорытынды болып табылады, сондықтан біздің сабағымыздың мақсаты: былғары бойынша білімді қорытындылау және жүйелеу немесе жалпы қайталау сабағы деп атауға болады. Сабақтың мақсатына жету үшін келесі міндеттерді орындау қажет: оқушыларды «Сәндік – қолданбалы өнер, былғарымен жұмыс» тақырыбы төңірегінде білмді жүйелеу. Былғарыдан панно жасауда оқу дағдыларын бекіту. Берілген уақыт ішінде орындай білу.
III. Тірек білімдерін тексеру (кіріспе нұсқау).
Оқушылардың тірек білімдерін түзету. Не? Қайда? Қашан? Принципі бойынша топтық жұмыс. Сұрақты талқылауға 1 минут беріледі, қай топ жалауды бірінші көтерсе сол топ жауап береді. Жауапты бағалау. Бірінші жұмыстың қорытындысы.
Жұппен жұмыс: картина, панно, дизайн, былғарыдан жасалған шоқ гүлдер, композиция, құмыра – осы тақырыпқа сәйкес келетін 8 кілт сөз табу. Екінші жұмыстың қорытындысы.
IV. Былғарымен жұмыс жасау негізінің анализі, қайталау (кіріспе нұсқау).
Былғарымен жұмыс жасау үлкен шеберлікті және өнерді қажет етеді. Былғарымен жұмыс жасаған кезде жазық жұмыстарға да көлемді жұмыстарға да желім жағылып қалмау, қолының саусақтарын күйдіріп алмас үшін өте тиянақты, талғаммен, жинақылықты орындауды қажет етеді. Берілген суретті арнайы дайындалған былғарыға калька көмегімен түсіруге болады, содан кейін бөлшектерді қиып алып, 5 – 6 см алыс не жақын ара қашықта шамның үстіне қыздырамыз, бөлшек көлемді форма ала бастайды.
Осындай әдіспен суретке қажетті бөлшектерді өңдеп, рамкаға суреттердің дайындамаларын жабыстырамыз. Желім-момент, супержелім немесе мастержелім, қайшы қажет. Барлығын жабыстырып әдемі «панно» аламыз. Ал егер жұмыс жазық болса, онда былғарыны қыздыру керек емес, онда сурет, қайшы, калька және бөлшектерді сурет бойынша жабыстырады.
Оқушыларға дайын гүлдерден композициялар, былғарыдан жұмыстар беріледі. 5 – минут композицияны талдауға және 2 минут топтың жауабына беріледі (жартылай –зертеушілік әдіс). Жауаптар толық сыныппен тыңдалып, қосымша ұпайлармен түзетіледі. Дайындық кезде әр топтан бір қатысушы дербес жұмысқа шығады, «Гүлдер» өлеңін оқиды (әдебиетпен пәнаралық байланыс).
Үшінші жұмыстың қорытындысы.
V. Ағымды нұсқау. Сарамандық жұмыстарды орындау (түсініктерді корытындылау, жүйелеу және оларды практикада қолдану).
Топтық жұмыс – былғарыдан жасалған гүлдерден композиция жасау.
– кашпо+гүлдер (былғары); - сабан дөңгелек-гүлдер(былғары);
- рамка + гүлдер (былғары); Қорытынды нұсқау. Анализ. Қорытындылау.
1. Не? Қайда? Қашан? «Былғарымен жұмыс жасау» бөлімі бойынша 8 кілт сөз табу.
 Ең ежелгі гүл? Елі?
 Гүлдермен байланысты діни әдеп – ғұрыптар?
 Композиция құрғанда қолданылатын ыдыс?
 Аранжировка? Композицияда қолданылатын ұстағыштар?
 Композиция? Композизия құрастыруда негізгі сызық (бағыт)?
 Букет? Былғарымен жұмыс жасағанда « жазық және көлемді формалар нені білдіреді?
2.Сканворд – букет, композиция, былғарыдан гүлдер, аранжировка, құмыра, панно, рамка.
 Гүлдерді қоятын орын? (сәндік құмыра)
 Табиғи сөмкені неден тігеді? (былғары)
 Ата-аналар қайда барады? (жұмысқа)
 Үйді көркемдеу? (дизайн)
 Экибананы құрастыруды қалай атайды? (композиция)
 Көркем шығарманы қалай атайды? (картина)
 Фотография неде турады? (рамка)
 Каринаны рамкада құрастыру? (панно)

3.Композицияны талдау, бар болса кемшіліктерді анықтау.
4. Өлеңдерді оқу – айқындылығы, ашық, ритмді сезуі, әр
топтан өздері ойлап тапқан өлеңдер.
5. Сарамандық жұмыс – аранжировка ережелерін ұстанып, берілген материалдардан, былғары гүлдерінен композиция құрастыру (алдын ала дайындалған былғарыдан жасалған гүлдер).
Категория: Технология | Добавил: aliasadieva | Теги: садиева, алия
Просмотров: 1535 | Загрузок: 0 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 5.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вторник, 2024-11-26, 10:42 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru