Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Технология

Бірінші тамақтарды дайындау технологиясы. Көженің түрлері.
[ Скачать с сервера (23.1 Kb) ] 2015-11-07, 9:55 PM
Технология пәні мұғалімі: А. Бисенова
Сабақ №
Сыныбы: 8
Сабақтық тақырыбы:. Бірінші тамақтарды дайындау технологиясы. Көженің түрлері.
Сабақтың мақсаты:
- оқушыларға еттің тағамдық құнарлылығы туралы жалпы түсінік беру, алған білімдерін жетілдіру.
- теориялық білімдерін сарамандық жұмыс кезінде қолдана білуге үйрету, оқушыларды өз бетінше ізденуге дағдыландыру, ой - өрісін дамыту;
- оқушыларды үйден өз бетімен жұмыс жасауға қызықтыру, ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке, эстетикалық талғамдылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі - суретті, бекіту, әңгімелесу.
Сабақтық көрнекілігі: суреттер, құнарлылығы, рецептурасы, нұсқаулық, қосымша мағлұматтар, сұрақтар

Сабақтың барысы:
Қызығушылықты ояту
І. Ұйымдастыру кезеңі
суреттер таңдату арқылы 3 топқа бөлу. 1-топқа І-ші тағам дайындауға қажеті ет, , қызылша, орамжапырақ. (борщ) 2-топқа фарш, күріш, томат (тефтели). 3-топқа алма, ұн, жұмыртқа (клярмен дайындалған алма)
Әр топ өздеріне берілген азы-түліктерден жасалатын тамақ түрін тауып айтады және оның қай тағам түріне жататынын табады.
Сыныпты
ІІ. Мағынаны тану
Мәтінмен танысады
І. Еттің тағамдық құнарлылығы. Қолда өсірілген малдың етінде орта есеппен 52, 8 - 73, 7 пайыз – су, 15 - 20 пайыз – белок, 5, 8 – 29, 4 пайыз – май, 0, 8 – 1, 1 пайыз – күл, құс етінде 50 – 64, 4 пайыз су, 18, 2 – 19, 8 пайыз – белок, 15, 5 – 31, 2 пайыз – май, 0, 9 – 1, 1 пайыз – күл болады. Әрбір мал түлігі етінің бір - бірінен айырмашылығы биохимиялық құрамы мен дәмінде. Сиыр етінде гистамин көп, мал етіне қарағанда, құс етінде коллаген, эластин аз. Ол жеңіл қорытылады. Етте толып жатқан минералды заттар, атап айтқанда, темір мен дәрумендер бар. Әсіресе, бауыр темірге, А1, В2, В6, В12 дәрумендеріне бай. Оның үстіне, өте маңыздысы, еттің құрамына экстрактивті деп аталатын заттар кіреді, олар қайнатқан кезде сорпаға ауысады. Экстрактивті заттар тәбетті қоздырады, ас қорытатын сөлдердің бөлінуін күшейтеді. Етті көп жеу организмде экстрактивті заттарды, атап айтқанда, несеп қышқылын құрайтын пурин негіздерін, сондай - ақ, азотты метаболизмнің түпкі өнімдерін көбейтіп, ауыртпалық түсіреді. Жеңіл дене еңбегімен шұғылданатын ересек адамға аралас тамақтанған ретте, күніне 150 - 200 грамм ет немесе ет өнімін жеу жеткілікті.
Ет тағамдары пісірілген ет, қуырылған ет, бұқтырылған ет, көміп пісірілген ет, тартылған еттен дайындалған тағамдар және т.б.[1]
Көп мерзімге сақталатын ет - соғым еті. Оны сақтаудың әдісі - мал етін мүшелеп бұзып, тұздап, шошалада арысқа іліп, сорғыта отырып кептіру. Жылы мезгілдерде етті сақтау үшін оны жұқалап тіліп, тұздап, көлеңкеде бірнеше күн бойы жел қақтырып, ыстап кептіру көп тараған. Ыстау, көбіне, ет ұзақ қатпайтын жылы өлкелерде жасалады. Аяз қайтқан көктемнің алғашқы күндері арыстағы кепкен ет сүр ет деп аталады.
Сорпа — көкөніс, балық, етті қайнату ортасы. Оның қоюлығы ондағы өнім мен судың мөлшеріне және қанша рет қайнатылғанына байланысты болады. Түссіздендірілген немесе боялған сорпа жеке тағам ретінде қолданылады. Сорпаның қоректілігін арттыру үшін (пирожки, бөлке, кепкен нан түйіршіктері, макарон өнімдері, жармалар, жүгері, бидай) салынады. Сорпа, негізінен, неміс және француз асханасының тағамы. Егер олар ұзақ мерзім сақталынса ондағы органикалық заттар ыдырауы мүмкін. Соңғы кезде сорпалар орнына көптеген ұлттық көжелер кең тарала бастады. Олардың қоректік қасиеті жоғары әрі дәмді және хош иісті болады
Бірінші тағамдар. Көженің түрлері.
Бірінші тағам деп біз көжелерді атаймыз. Көбінесе көжелер әр түрлі сорпада, қайнатпаларда дайындалады. Ал көженің қоюын көкөністерден, жармадан, макарон өнімдерден, бұршақтардан, жеміс жидектерден дайындайды.

Әр ұлттық асханасында бірінші тамақтарды әр түрлі етіп жасайды. Мысалы қазақ ұлттық асханасында бірінші тамақтарды, негізінен, ет сорпасынан әр түрлі дәмдеуіш терді қосып дайындайды. Көбіне көжелерге қолдан жасалған кеспелерді қосады. Барлық көжелерге аскөк сеуіп безендіреді. Ол көженің дәмін жақсартады. Көжелердің дайындау тәсіліне қарай келесі топ болып бөлінеді – қоспа көже, езбе көже, мөлдір көже, сүт көже, наурыз көже, салқын көже, ерекше топ – тәтті көже. Температурасына қарай көжелерді ыстық күйінде (70 - 80С ), және салқын күйінде (10 - 14 С) ұсынады. Ыстық көженің тобына езбе көже кіреді (55 - 60С) ұсынады.

Сорпа дайындау технологиясы
- азық - түлікті салқын суға салады;
- қайнату уақытын қадағалау;
- қайнау барысында еттің көбігін алып отыру;
- бір қалыпты қайнауын қадағалау;
- дайын болуға 20 - 30 минут қалған кезде дәмдеуіш заттарды қосу;
- дәміне қарай тұз салып, дайын сорпаны сүзеді.
Мәтін бойынша әр топ бір-бірімен пікір алмасады. Сұрақтар дайындайды.
Түртіп алу мәтіндегі жаңа сөздер мәліметтерді дәптерге жазу.
Топтар бір-біріне сұрақтар қояды
Постер қорғау «Тамақтану мәдениеті»
Тамақтану мәдениеті дегеніміз – бір қалыпты тамақтану, тағамдардың әр түрлі болуы, қай кезде және қандай мөлшерде ішіп-жей білу.
Адам тағамнан өзінің бір тәулікте жұмсайтын энергиясының мөлшеріне сай қуат алуға тиіс. Егер адам үнемі мөлшерден тыс ішіп-жесе, семіріп кетеді де, нәтижесінде қант диабетіне, атеросклерозға ұшырайды, бауырдың қызметі бұзылады, басқа да ауруларға шалдығады.
Демек, «сұлулық үшін» ішіп-жеу мөлшерден артық тамақтану емес. Алайда, тамақты аз ішіп, үнемі аш жүруге де болмайды. Бұның да қауіпті зардаптары бар. Тамақтанудың ақылға қонымды жай-жапсары болуға тиіс. Адам денесінің тканьдары (мысалы, салмағы 70 кг тартатын) 40-45 кг судан, 16-17 кг белоктан, 7-10 кг химиялық элементтерден, 2,5-3 кг минерал тұздарынан және 0,5-0,8 кг көміртегінен тұрады.

Бағалау. Топ мүшелері бір-бірін бағалайды
Үйге тапсырма: қосымша материалдар табу
Категория: Технология | Добавил: Айнур6469
Просмотров: 3327 | Загрузок: 38 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Суббота, 2024-11-23, 8:50 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru