Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Самопознание

«Өмір – сен маған қымбатсың!»
[ Скачать с сервера (11.7 Kb) ] 2012-03-16, 11:50 AM
О. Ж. Жұмағалиев тарих пәнінің мұғалімі
№8 мектеп- кешені

«Өмір – сен маған қымбатсың!»

Сабақтың мақсаты:
1. Мақсаты.
1) Оқушыларға денсаулыққа зиянды әрекеттер туралы кең мағлұмат беру.
2) Зиянды әрекеттерден сақтану жолдарын қарастырып, жеке бас гигиенасын ұстауға үйрету.
3) Салауаттылыққа тәрбиелеп, өз әрекеттеріне баға бере білуге баулу.
2. Тәрбиелік мақсаты:
а) Дені сау, жаны таза, адамгершілігі мол, Отансүйгіш қоғамымыздың нағыз азаматын тәрбиелеу;
ә) Тәні де, жаны да таза, әрі сау, болашақ ұрпақты тәрбиелеу;
б) Оқушылардың бойына салауатты өмір салтын дарыта отырып, жаман әдет-ғұрыптан аулақ болуды түсіндіру, насихаттау.
3. Көрнекілігі:
Нақыл сөздер жазылған плакаттар, «Салауатты өмір» қабырға газеті, суреттер , кестелер, схемалар.

Дайындық барысы: Оқушыларға тақырыпқа сай материалдарды оқып, жинастыру және «Темекінің», «Ішімдіктің», «Нашақорлықытың», адам өміріне зиянды әсері тақырыптарына шығарма жаздыру, қабырға газеттерін шығару, сурет салу, сыныпты безендіру.

Барысы:

Мұғалім: Адамдардың өмірінде шарықтау сәті бар, ол оны қолынан шығарып алады, бұдан кейінгі күн «тар жол, тайғақ кешумен ұласады» деп ұлы ойшыл Шекспир айтпақшы адамға шыншыл да, ең қымбатты – ол оның мәнді де, сәнді өмірі. Ал, осы өмірінің мәнді де, сәнді өтуіне оның басты байлығы – денсаулығы тікелей әсер етеді.
Қазіргі таңда бүкіл әлемді толғандырып отырған мәселелрдің бірі – адам денсаулығы. Адам өміріне қауіп төндіретін жағдайларға соғыс, ашаршылық, экологиялық жағдайлар және адам ағзасын азғындайтын зиянды әрекеттер жатады.
Осы жағдайлар ішінде бізге түсінбеушілік тудыратын соңғысы, яғни адам ағзасын азғындайтын зиянды әрекеттер. Бұлар қандай әрекеттер? Бұлар: шылымқорлық, ішімдік, нашақорлық т.б.
Бүгінгі тәрбие сағатында біз осы зиянды әрекеттер туралы әңгіме қозғап, солардан сақтану жолдарын қарастырамыз.
Топ оқушылары үш топқа бөлінеді.
І топ «Шылымқорлық»
Ұраны: «Темекіден түтін сорсаң улайсың, өзінді-өзін жіпсіз байлап шырмайсың.»
ІІ топ « Ішімдік»
Ұраны: « Болар бала кісілікке үйір, тозар бала ішімдікке үйір.»
ІІІ топ «Нашақорлық»
Ұраны: «Есірткіге жолама, жетелейді молаға.»

Мұғалім: Жас жеткіншек талшыбық секілді иілгіш, жел қайда соқса сол жаққа қарай бейімделеді. Қай ата-ана баласының тәрбиесіз бұзақы болуын қалайды? әйтсе де, жаман әдетке үйрену оңай. Енді осы зиянды әдеттер туралы әңгіме жүргізейік.

І топ «Шылымқорлық»
1-оқушы:
Темекінің шығу тарихы. Темекі Еуропа мен Азияға ХV ғасырда келген. Алғашқы кезде темекі тіс ауруына қарсы қолданылатын дәрі ретінде пайдаланылып жүрген. Ресейде темекі тарту дағдыға айналып, кең етек жайған мезгіл - Петер І патшалық еткен кез.
2-оқушы:
Дүние жүзілік «Денсаулық сақтау» ұйымының мәліметі бойынша 2027 жылы темекінің зардабынан қайтыс болатындар саны 10 миллионға жетеді деген болжам бар. Темекі шоғының қызыуы 300 градусқа жеткенде, оны сорған адамның аузының температурасы 60 градусқа дейін барады. Бұл ауыз, өңеш, кеңірдек, тыныс жолдарымен, асқазан қабығының нәзік жасушыларын күйдіреді.
3-оқушы:
Темекіден ауаға жылына 720 мың тонна күкірт қышқылы, 384 мың тонна аммиак, 180 мың тонна никотин, 660 мың тонна темекі майы, 550 мың тоннадай иістті газ шығады.
Мұғалім: Қазіргі кезде республикамыздағы мектеп оқушылары арасында 13-15 жастағы оқушылардың 46 % шылым шегеді. Бұл - өте өкінішті жағдай. әйгілі дәрігер Боткин 57 жасында көз жұмып бара жатып: «Егер мен темекі тартпасам , әлі ұзақ өмір сүрер едім.», - деп өкініпті.

ІІ топ «Ішімдік»
1 оқушы:
Маскүнемдік – алкоголь ішімдіктерін үнемі қолданудан және шектен тыс үйір болудан қанға сіңіп кететін дерт. Ағзаның бірқатар қызметін бұзатын және тереңдей беретін кесел.
2 оқушы:
Алкоголь ішімдіктеріне тым үйір адамдардың өмір ұзақтығы – халықтың орташа өмір ұзақтығымен салыстырғанда 15-20 жас кем. Балалардың миының дамуының 40-60 % артта қалу себебі – ата-аналарының маскүнемдігі.
3 оқушы:
Қазақстанда халықтың басым көпшілігі алкоголь ішімдіктерін пайдаланады, оның ішінде балалар 7 %, жасөспірімдер- 37%, жастар – 54,5%.
Мұғалім: Маскүнемдікті дер кезінде тоқтатпасаң айықпас дертке ұшырып, өз өміріне өзің балта шабасың!

ІІІ топ «Нашақорлық»
1 оқушы:
Есірткі – бұл адамның көңіл-күйін, сана-сезімін, мінез- құлқын бұзатын қауіпті, тиым салынған химиялық зат. Ол адамның есін алып, құмарлық жиілігіне ұшыратады. Нашақор есірткісіз өмір сүре алмайиын бейшара халге түседі.
2 оқушы:
Есірткінің негізігі түріне апиын, кокаин, көкнәр, марихуана, гашиш, және т.б. жатады. Барлығы да адам ағзасы мен психикасына әсер етіп зақымдайды.
3 оқушы:
Біздің елімізде ресми түрде 35 мыңға жуық нашақор наркологиялық диспансерде тіркеуде тұр, ал тіркелмегендердің саны одан әлде қайда көп. Алматы қаласында нашақорлықтан емделетін «Нарконон» және «Ақниет» атты диспансерлік орталықтар жұмыс істейді.
Мұғалім: Дәрігер айтса да, немесе заңсыз сатып алынса да, қалай деседе анаша атаулының бәрі – у. Турасын айтсақ, бұл - өлімге апаратын бірден- бір жол.

Енді әрбір топқа ситуациялық сұрақ қойсақ.
«Ішімдік» тобына:
Бірге оқитын қыз бала мен екі ер бала шарап ішіп отыр. Бұл туралы сендердің көзқарастарын, қандай кеңес берер едіңдер?
«Шылымқорлық» тобына:
Ата-анамның еркелеткені мені одан әрі құтырта түсті. 5-ші сыныпқа жеткенше екі-үш мектепке ауысып үлгердім. Неге дейсіз ғой? Тәртіпсіздігім үшін. Бір күні көрші подъезге жаңа отбасы көшіп келді. Олардың да мен секілді жалғыз ұлы бар еді.
Сонымен «іздегенге сұраған» дегендей, екеуміздің жұбымыз, жазылмайтын болды. Оның менен айырмашылығы «наша» деген пәленің дәмін ерте татқан екен. Енді мен де шеге бастадым, нашаның адам баласына әкелетін қасіретін ол кезде кім білген? Осы жайлы сіздердің ойларыңыз?
«Нашақорлық» тобына:
Сәкен атты ұл бала 6-шы сыныпта оқиды. Бір күні ауруханада ине арқылы дәрі шаншу кезінде ол СПИД вирусымен зақымдалады. Кейінірек онда осы ауру белгілері байқала бастады. Қан тексеру арқылы оның СПИД- ке шалдыққаны анықталады. Бала естіген хабарға аң-таң болып, қорқып, көңіл-күйі түсіп, ары қарай не істерін білмейді. Ал сендер осы жайлы не ойлайсыңдар?

Әрбір топқа бір парақ ақ қағаз бен маркерлер таратылды. Осы қағазға әр топ өздерінің аттарына сәйкес шылымқорлықты, ішімдікті, нашақорлықты қалай елестейтіндіктері туралы сурет салулары керек. Топ ұйымдасып жұмыс жасап жатқанда, әрбір топтан бір баладан шығып тақтадағы кестені толтырулары тиіс.

Келесі тапсырма әр топқа тақырыптарына сай тапсырма беру.
«Ішімдіктер» тобына: мас адамның үйіндегі жағдай (көрініс)
«Нашақорлық» тобына: нашақорлық туралы екі шумақ өлең шығару.
«Шылымқорлық» тобына: сау адамның өкпесі мен шылым шегетін адамның арасындағы диалог құру.

Мұғалім: Ұлы ойшыл Сократқа кезінде мынандай сұрақ қойылыпты: «Адамға өмірде не қымбаттырақ, «байлық па, әлде атақ па?» деп. Сонда Сократ: Байлық та, атақ та, даңқ та адамды шын бақытты ете алмайды. Дені сау кедей, ауру патшадан бақыттырақ» деп жауап берген екен. Яғни адам бақытты болу үшін оған денсаулық керек, ал денсаулықтың кепілі – салауаттылық. «Тіршіліктің негізі – салауатты болашақ» деп бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.
Категория: Самопознание | Добавил: анарка
Просмотров: 14594 | Загрузок: 414 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 3.1/7
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Понедельник, 2024-12-23, 5:13 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru