Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Самопознание

Ата салты алтын қазына
2012-09-10, 9:53 PM
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ
АЛМАТЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ

К Е Л І С І Л Г Е Н Б Е К І Т Е М І Н
Колледж әдіскері Директордың ҒӘІ жөніндегі
______ Қалабаева Г.Қ. орынбасары ______Лысенко В.Ю.
«_____»________2012ж. «_____»___________2012ж.





«ӨЗІН ӨЗІ ТАНУ» ПӘНІНЕН ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРДІ КӨТЕРІП ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНА НЕГІЗДЕЛГЕН «АТА САЛТЫ - ҰРПАҚ АМАНАТЫ» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ АРАЛАС САБАҚТЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЫ

Өзін өзі тану пәнінің оқытушысы: Мұсаева П.А.

Әлеуметтік және гуаманитарлық
Пәндік – циклдік комиссиясында талқыланған
Хатттама № ___«____»_________2012ж
Төрағасы_________ Халилов К. Т.

АЛМАТЫ, 2012ж.
Әдістемелік нұсқаудың мазмұны

1. Түсінік хат
2. Сабақтың жоспары
3. Сабақтың құрылымы
4. Сабақтың барысы
5. Пайдаланған әдебиеттер

ТҮСІНІК ХАТ

«Өзін-өзі тану» пәні бойынша берілетін білім рухани-адамгершілік білім берудің жалпы мақсаттарына жетудің құралы болып табылады.
Адам мен қоршаған әлем туралы түсініктерді тек танымдық тұрғыда ғана емес, өзекті сипатта, яғни зерттеушілік ізденіспен, мәселені шығармашылық тұрғыда түсінетіндей кең мағынада қарастырады.
Сабақты жүргізу барысында оқытушы баяндап, сипаттап айту, түсіндіру, оқулықтағы материалмен жұмыс істеу, оқулықтан тыс материалдармен жұмыс істеу, суретті, экранды, көркем әдебиеттерді т.б. құралдарды пайдалана отырып, оқушыларға білім мен тәрбие беріп қана қоймай олардың ойлау қабілеттерін , таным талғам қызметтерін, ақыл-ойын мүмкіндігінше дамытуға күш салады.
Студенттердің өздігінен білім алуға, ізденімпаздыққа, өз ойларына қорытынды жасай білуге, жолдастық, ұлтаралық қатынастарды дұрыс қалыптастыра алу мақсатында «АТА САЛТЫ - ҰРПАҚ АМАНАТЫ» тақырыбында сабақ өткіземін. Бұл тақырып пәннің оқыту бағдарламасында маңызды орын алады.
Ұлттық құндылықтарымыздың бірі - ата салты, кәсіпке, сенімге, тұрмыс- тіршілікке байланысты әдет-ғұрыптар. Салт – ұлттық қасиеттердің басты белгісі, ол бабалардан мирас болған. Атамыз аманат еткен бұл құндылықтар әрқашан біз үшін қастерлі. Тарихи материалдарды, халық ауыз әдебиетінен үзінділерді пайдалана отырып, әдет-ғұрып, салт-дәстүр жайлы өз бетінше іздену студенттерді ойларын түсінікті, жатық жеткізе білуге, қойылған проблемалық сұрақтарға жауап бере алуға, алған білімдерін өмірлік тәжірибемен ұштастыра білуге ықпал етеді, сондықтан да мұндай сабақтардың ақыл-ойды қалыптастырып, шығармашылық тұлғалар тәрбиелеудегі маңызы зор.

САБАҚ ЖОСПАРЫ:

ЖАҢА САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: «Ата салты – алтын қазынаң»
«Ұлт руханияты – ұрпақ аманаты»

САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ:
Білімділік: «Ата салтының», «Ұлт руханиятының» ұлттық құндылық ретіндегі мәнін ашу, ата салтын жіті біліп, оны құрметтеудің перзенттік борыш екенін түсіндіру; ұлттық рухани мұра, түрлері, мәні, оны қорғау туралы түсінік беру; ұлттық рух, болмыс, мәдениеттің, салт-дәстүрдің ұрпаққа мұра ретіндегі маңызын түсіндіру

Дамытушылық: оқушыларды ата салтына адал болуға, оны қастерлеуге, сақтауға, жасампаздықпен дамытуға үйрету; берілген ақпарат негізінде оқушылардың өз бойындағы барды оятып, жаңа ұғымдар беріп, ұлттық руханиятты сақтауға баулу; өз ойын саралай, тұжырымдай білуге дағдыландыру, ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: оқушының ішкі сезім дүниесін дамыта отырып, ақыл-ой жүйесін жетілдіру; ұлтжандылыққа, ата салтына беріктікке, парасаттылыққа тәрбиелеу; өздігінен ойлау қабілетін жетілдіруге жеке және ұжыммен бірге жұмыс істеу шеберлігіне, адамгершілікке, отаншылдыққа, патриоттыққа тәрбиелеу.

САБАҚТЫҢ ТҮРІ: аралас сабақ.

САБАҚТЫҢ ӘДІСІ: баяндау, сұрақ-жауап, әңгімелесу, дәйексөз, топпен және жеке жұмыстар, пікірталас, ой қозғау әдістері.

ПӘН АРАЛЫҚ БАЙЛАНЫС: ән-күй, тарих, қазақ әдебиеті, химия

САБАҚТЫҢ КӨРНЕКІЛІГІ: жүрекшелер мен жұлдызшалар, доп, шарлар , ән, күй, үлестірме қағаздар.



САБАҚТЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ:

І. Ұйымдастыру кезеңі. 2-мин.
ІІ. Үй тапсырмасын қайталау. 15 -мин.
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру. 25-мин.
Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру
Шаттық шеңбері. «Рух пен тіл» әні
Жаңа ақпарат. «Ұлттық басты құндылық-ата салтымыз»
Салт дәстүрлердің мазмұны мен айырмашылықтары
Ырым-тыйымдарға байланысты ақпарат
Жаттығу-сергіту «Молекула» ойыны
Мәтінмен жұмыс «Дәстүр жалғастығы-ұлт болашағы»
Пікірлесу «Қазақтың ырым-тыйымдары»

ІV Тақырыпты бекіту. 30-мин.
Тыныштық сәті
«Күлімдесін көкте күн» (бұлттардағы сұрақ-жауап)
«Қаңбақ пен салмақ» (шар таңдап, ондағы берілген мақал-мәтелдерді
аяқтау, құрастыру)
Тақырып бойынша ой қорыту «ЕЛ АУЗЫНАН»

Сабаққа қортынды жасау. 6-мин.
Жүректен жүрекке. «Төрт ана». М.Шаханов.
Қ.Мырза Әлі «Қазақ осы» өлеңі
Үй тапсырмасы- 2 мин.
М. Әуезовтың «Абай жолы» романының «Өрде» тарауынан үзінді оқу
(107-б);
Д. Исабековтың «Гаухартас» романынан үзінді оқу. (119-б);
Tақырыпқа байланысты эссе жазу;
М.Шахановтың «Төрт ана» өлеңін жаттау.(121-б).


САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:
І. Ұйымдастыру кезеңі. 2-мин.
1. Сәлемдесу
2. Студенттердің сабаққа қатысуын тексеру

ІІ. Үй тапсырмасын қайталау. 15 -мин.
Бата-тілектердің адам өміріне тигізетін пайдасы бар ма?
Абай атамыздың «Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз» деген өлең жолдарын қалай түсінесіңдер?
«Өмір-өзен». Өмірді неліктен өзенге теңейміз?
Мына жұлдызшаға тілегіңді жазып, досыңа ұсын.

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру. 25-мин.
Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру 1-мин.
«Ата салтының», «Ұлт руханиятының» ұлттық құндылық ретіндегі мәнін ашу, ата салтын жіті біліп, оны құрметтеудің перзенттік борыш екенін түсіну; ұлттық рух, болмыс, мәдениеттің, салт-дәстүрдің ұрпаққа мұра ретіндегі маңызын ұғыну.
ДӘЙЕКСӨЗ: Қоғамдық рухани байлықтың азая бастауын
ешбір қазына байлықпен алмастыруға болмайды.
С. Әшімбаев
1. Шаттық шеңбері: Бәріміз шаттық шеңберіне тұрып, бір-бірімізге ізгі ниеттерімізді білдірейік, «Рух пен тіл» әнін бірге шырқаймыз.
2. Жаңа ақпарат. а) Ұлттық басты құндылық - ата-салтымыз. Сондықтан да, оның ғасырлар бойы сақталып, тұрмыс тіршілік негізінде халықтың ой-сана мен танымы нәтижесінде қалыптасуына баса назар аудару керек. Ерте дәуірден қалыптасқан ата аманаты екенін ұмытпайық. Дей тұрғанмен, салт дәстүрлеріміз заман ағымына байланысты өзгерістерге ұшырап отыратындығын да есте сақтағанымыз абзал. Солай десек те, жат жұрттардан кірген салттардың халық арасында кең қолданысқа еніп кеткендігі жасырын емес. Осы орайда мынандай салт дәстүрлерді атап кетуге болады: Валентин күні, Хеллуйн, Алғыс айту күні, Жаңа жылды тойлау; Ұзақ сапарға шығып бара жатқан кісінің соңынан су себу, т.б. Әсіресе, той томалақтарда арақ ішу, киім киюдегі, күнделікті тұрмыста, қарым қатынаста кездесетін теріс салттар. Жахандану кезеңінде тұрған әлем халықтарының алдындағы ұлы мәселе әр халықтың ұлттық бейнесін сақтап қалу болса, ол салт дәстүрді, тілді сақтаумен тікелей байланысты.
ә) Ата салтына, халық дәстүріне адал болу-ізгілікті, адамгершілікке негізделген әлемдік тәрбие үлгісінен бір де кем емес. Біздің салтымыз, дәстүріміз ғасырлық тарихы бар кез келген өркениетті елмен иық теңестіруге лайық. “Өзіңнің қазақ болып дүниеге келгеніңе қуан, қуана тұрып ұлттық салт-санамызды қорғап, жат жұрттың жасық, даңғаза шуынан сақтана біл!”- дейді Ғабиден Мұстафин.
(Мұстафиннің сөзін дәптерімізге жазып аламыз)

Салт дәстүрлердің мазмұны мен айырмашылықтары:
Байғазы- балалардың, жастардың жаңа киімі үшін (мысалы: қамшы, шана, ер-тоқым) берілетін ақшалай, заттай сый. Байғазы сұраудың еш артықтығы жоқ.
Көрімдік -жаңа туған балаға, жас келінге, күйеу балаға береді. Мұның маңызы алып-беруде ғана емес, адамның ниетін, адамгершілігін, ашыққолдығын танытады. Айырмашылығы: көрімдік адамға, жандыға беріледі, байғазы- жансыз дүниеге қатысты.
Бастаңғы- ата-анасы, үйдің үлкендері жол жүріп кеткенде ауыл жастары сол үйге жиналып, бас қосады.
Қызойнақ- әке-шешелері жоқ кезде бойжеткен қыздар оңаша қалып, ойын-сауық ұйымдастырады. Оған жасырын түрде жігіттер де қатысады. Бұл мәжіліс құпия және оны жасаушылар тек қыздар болғандықтан осылай аталады. Айырмашылығы: Бастаңғы-ашық, қызойнақ-құпия түрде өтеді.
Ерулік -жаңа көшіп келушілерге көршілері ас пісіріп, табақ тартады. Бұл оларды өз ортасына тартудың, сыйласудың белгісі.
Тәбәрік- ойын, тойда бәйге, жүлде алса немесе құдалықтан кәде алса, одан жанындағыларға үлес беруі керек. Олжалы адам әдеп бойынша тәбәрік беруге міндетті, бермесе сараңдық, дәстүр сыйламағандық боп саналады.

«Біз шаншар» - Ақсақал-қарасақал аралас бір топ ер азамат бойжеткен қызы бар үйге түсе қалады. Қандай шаруамен жүргенін айтпайды, ел шаруасын, амандық білген болып, қонақасын ішіп аттанып кетеді. Әдеп бойынша ел ішінде бір топ адам былай жүрмейді. Олар кеткеннен кейін отағасы мен анасы қонақтар отырған жерді қарап одан шаншулы бізді тауып алады. Бұл «бізде ұл, сізде қыз бар, құда болайық» дегенді білдіреді.
“Ұйқыашар” - Мереке (мыс: Наурыз, айт) алдындағы түнде қыз- келіншектер жігіттер ұйықтап қалмасын деп жақсы тағамдардан «ұйқыашар» деген тамақ дайындайды. «Ұйқыашар» қыз - жігіттердің бір – біріне деген сезімі мен махаббатын арттыра түсуге себепші болған.
«Селт еткізер» «Ұйқыашар» дайындап, өздеріне құрмет көрсетіп, қызмет етіп жүрген көңілі қалаған бойжеткенге жас жігіттер сақина, сырға, білезік сияқты ескерткіш сый-сияпат ұсынады. Ол жігіттің «жаман» ойын сезген сезімтал қыздар әрине «селк» ете қалады. Сондықтан да бұл сый «селт еткізер» деп аталады.

Сонымен қатар қазақта төрт түлік малдың өз иесі бар деп есептеледі:
 Түйе атасы - Ойсылқара
 Жылқы атасы - Қамбар ата
 Сиыр атасы -Зеңгі баба
 Қой атасы - Шопан ата
 Ешкі атасы - Шекшек ата

Сандарға, сан қасиетіне байланысты ұғымдар:
 Бес қару: мылтық, садақ, найза, қылыш, айбалта
 Үш арсыз: тамақ, ұйқы, күлкі
 Жеті ата: ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене
 Үш даусыз: мінез, кәрілік, ажал
 Үш мақсат: жол мақсаты- жету
қыз мақсаты- кету
сауда мақсаты- ұту

б) Қазақ халқының тәрбие құралдарының бірі – тыйым сөздер. Бұл сөздер есі кірген балаларды жаман әдет, жат пиғыл, орынсыз қылық, теріс мінездерден сақтандырып отырған. Тізені құшақтау – жалғыз қалудың, қолды төбеге қою – ел-жұрттан безінудің, үлкеннің жолын кесу – әдепсіздіктің белгісі деп танылған және ондай ерсі істерге қатаң тыйым салынған. Ол – талқылауға жатпайтын тәрбие заңы. Алайда оның астарында мәдениет, әдеп, әдет негіздері жатыр.

Ырым-тыйымдар мен олардаң мағыналары:

Нанды бір қолыңмен үзбе, нан ұсағын тастама;(киелі асты қорлау)
Жатқанда аяғыңды басыңнан биік көтерме; (бұл өз басыңды қорлау, “дос басқа, дұшпан аяққа қарайды”)
Тізеңді құшақтама: (жалғыз қалудың белгісі)
Отқа су құйма, түкірме (от тіршілік көзі)
Есікті керме, табалдырықты баспа
Туысыңа ит, пышақ сыйлама, (араздасып қаласыңдар)
Үш күн айтта кір жума, тырнақ, шаш алма
Жуылған киімді оң қаратып жаймайды, саусақты тарақтап, қолды көкірекке не желкеге қойып жатпайды - ажал шақыратын ырым деп саналған

Бала бас ұстамайды.
Шөбересінің алақанына су құйып ішкен қарт жұмаққа барады.
Пышақтың жүзі шалқасынан жатса, сол үйдің малы пышаққа ілінеді.
Жолаушыға «қайда барасың» демейді, «жол болсын» дейді.
Үйге кешке немесе түнде келген адам «кеш жарық» деп кіреді.
Қазақ «сәтті күн» деп істі сәрсенбі күні бастайды.
Қазақ басымыз көбеймейді деп адам санамайды.
Адам басы кемиді деп бөтен адамға бас киім бермейді немесе айырбастамайды.
Жаңа айды көргенде «жаңа айды жарылқа, ескі айды есірке» деп бата жасап, ырымдайды.
Сәби қолындағы заттарын «шашу» деп шашса, ол үйде той болады.
Жұма күні кір жуса, аруақтар ренжиді.

«Қағып ал да, жауабын айт» жаттығуы
Оқушылар дөңгелене отырады. Қолында добы бар оқушы ырым тыйымға, санғ, салт дәстүрге байланысты сұрақ қояды, добын біреуіне лақтырады, қағып алған оқушы жауап беруі керек.

МӘТІНМЕН ЖҰМЫС:

«Дәстүр жалғастығы - ұлт болашағы»
Г. Молдағалиева
Ұлт тағдыры – ұрпақ қолында екенін жақсы түсінген ата-бабамыз өз ұрпақтарын ежелден ізгілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке, имандылыққа, инабаттылыққа, салауаттылыққа тәрбиелеуді бірінші міндет етіп қойған.
Ата дәстүрі дегенде, әрине, өзіңнен жасы үлкенді сыйлаудың орны ерекше. Қазақта «көз көрген» деген ұғым бар. Көз көргеннің мәнісі неде? Біріншіден, ескі дос-жаранның, ағайынның, жекжат-жұрттың бір-бірін қастерлеп, өзара сыйласуы, екіншіден, қиын-қыстау кезеңдерде көз көргендігін білдіріп, кәдімгі өз туғанындай қарауы, үшіншіден, жоғарыда айтылған адамдық істерді ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, ізгіліктің қайнар көзіне айналдыруы. Көз көргендердің бірін-бірі дәріптеуі, бір-бірінің бала-шағаларына қамқорлық жасауы – ізгіліктің ең жоғарғы шыңы, дәстүріміздің биік шоқысы.
Әулеттегі балалардың үлкені әкесінің жәрдемшісі, кейде ақыл қосары, өзінен кіші бауырларының қамқоршысы да болған. Әкесі болмаған жағдайда: інілерін оқыту, үйлендіру, отау қылып шығару, қолдан келгенше енші беру – бәрі ағаның мойнындағы қарызы. Ағаның қолы қысқа болып, өзінен кіші бауырына ойдағыдай көмек берілмей жатса да, салтымызда ағасын сыйлау дәрежесі ешбір төмендемеген.
Әйел баласын «қонақ» , «болашақ ана» «шаңырақтың басты тұтқасы» деп құрметпен қарау – ата дәстүрінің көрнекті тұсы.
Жаны жайсаң қазақ халқының қонақжайлық , меймандостық салты ізгілік нұрын төгіп тұрған жоқ па?! Қазақ ең жақсы тағамын, сусынын, шай-қантын «қонақ келіп қала ма» деп сақтықпен ұстаған, тәуір көрпесін де «қонақ көрпе» атап, соған төсеп, соған жапқан. Онда «мейманымызға ылғи мал сойып, құрмет көрсет!» - деген талап қойылмайды, қонақжайлық мәні – қара су болса да, бар пейіліңмен беру.
Ер балаларға ауылдың үлкендеріне қос қолдап сәлем беруді, қыз балаларға ибалық жасап, үлкендерге жол беруді, олардың алдын кесіп өтпеуді уағыздаған. Жастардың жадына «сіз» деген сыпайылық, «сен» деген анайылық, «Адамдықтың белгісі - иіліп сәлем бергені», «Кішіпейілділіктен кішіреймейсің», «Жұпыны жұтымайды, сыпайы сүйкімді» деген қағидаларды үнемі уағыздаған.
Ата дәстүрінің жүйелі жолын, мәнді мазмұнын білу үйрену, үлгі алу – біздің парызымыз.

в) Ұлттық руханият – ұлттық рухтан туындаған ұғым. Ұлттық рух болмаған жерде “ұлтпын” деп айту қиын. Руханиятқа ұлт тілі, ділі, діні, дәстүрі, ұлттық мәдениет, әдебиет, өнер және т.б. ұлттық құндылықтар жатады. Ол – халық санасының, мінез-құлқының, іс-әрекетінің рухани негізгі, ұлттық болмысы.
Ұлттық руханиятты сақтау, оны нығайтып отыру және дамыту – өскелең ұрпақтың қасиетті парызы мен міндеті.

ТЫНЫШТЫҚ СӘТІ (РЕЛАКСАЦИЯ)
«Тазару» жаттығуы.
Терең дем алып, демді барынша қайта шығарыңыз. Денеңізді босатыңыз. Өзіңізге былай деңіз: «Мен өмір сүруіме кедергі келтіретін барлық өкпе, реніштен тазарғым келеді. Мен барлық қысымнан осылайша босаймын. Барлық ескі реніш, өкпелерден құтылғым келеді. Мен жанға рахат жайбарақаттылықты сезінемін. Мен өз қалпымдамын. Өз өмірімнің ағынымен барамын. Бірақ өкпені ұмыттым, кештім».

III. Тақырыпты бекіту. 30-мин.

«Халқын сүйген – халқының салтын сүйеді».
Халық нақылы

« Күлімдесін көкте күн! »
Тақтаға бұлт басқан күннің суреті ілінеді . Әр бұлтта ата салтымызға байланысты аяқталмаған мақал мәтелдер берілген, оларды аяқтау керек. Тапсырманы орындау барысында күннің көзі ашылады.

«Қаңбақ пен салмақ»
Шарларға тапсырмалар мен тілектер жазылған. Оқушы шарды алып, қалаған сыныптасына береді. Сол сыныптасы тапсырманы керек. Қаңбақтай шардағы тілектер мен сұрақтардың салмағын бағалау алғашқы оқушылардың еншісінде. Ұтымды жағы - оқушылар өздері бір-бірінің білімдерін тексереді, тілектеріне ризашылықтарын білдіреді.


Тақырып бойынша ой қорыту:
Ел аузынан
Бейбіт жатқан ауылды жоңғарлар шауып, қазақтың малын айдап, егісін таптап кетеді. Жау қорлығынан тоз-тоз болған ел жұрт таулы жерге қашып, жан сауғалайды. Босқын халық арасында екі қабат жас келіншек бесікті арқалап жүгіріп бара жатады. Қара жолда Төле бимен үзеңгі қағысып келе жатқан егде кісі:
- Мына бейшараның көрпе-жастығын тастап, бос бесікті арқалап келе жатқанын-ай, - дейді.
- Баланың бесігі – кең дүниенің есігі! Ата-бабамыздың салты ғой,-депті сонда ақылгөй Төле би.
ІV. Сабаққа қортынды жасау. 6-мин.

ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕ: Егемендігімізді алғанға дейін ұлтымыздың тілін, дінін, әдет-ғұрып, салт-дәстүрін мүлде жойып ала жаздадық. Не себептен деп ойлайсындар?

Жүректен жүрекке. «Төрт ана». М.Шаханов.
Қ.Мырза Әлі «Қазақ осы» әнін орындау.

V. Үй тапсырмасы- 2 мин.
М. Әуезовтың «Абай жолы» романының «Өрде» тарауынан үзінді оқу (107-б); Д. Исабековтың «Гаухартас» романынан үзінді оқу. (119-б); тақырыпқа байланысты эссе жазу; М.Шахановтың «Төрт ана» өлеңін жаттау.(121-б).
Категория: Самопознание | Добавил: МИРАЖ | Теги: ойындар, ұлттық салт дәстүр, ата салты, ұрпақ қамы
Просмотров: 9763 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Понедельник, 2024-12-23, 11:05 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru