Главная » Файлы » В помощь учителю » Самопознание |
2013-02-16, 3:09 PM | |
Еңбек-бәрін жеңбек Мақсаты: «Еңбек» адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту. Міндеттері: -еңбектің адам өміріңдегі мәні туралы түсінік беру; -еңбек етуге қызығұшылықтарын дамыту; -еңбексүйгіштікке тәрбиелеу: Көрнекіліктері. Интерактивті тақта, дәптер, оқулық Сабақ барысы. 1 слайд Қош келдіңіздер 2 слайд Сәлемдесу Иіліп сәлем бердік атқан күнге, Иіліп сәлем бердік қонақтарға. Иіліп сәлем бердік ұстаз сізге, Иіліп сәлем бердік достар бірге. 3 слайд.Тақырыпты хабарлау 4 слайд Шаттық шеңбері Күлімдеген күн мейірімді! Кіршіксіз ақ қар мейірімді! Таза мөлдір су мейірімді! Бәрімізді көтеріп тұрған жер мейірімді! Аяулы анам мейірімді! Қадірлі әкем мейірімді! Әлпештеген әжем мейірімді! Еркелеткен атам мейірімді! Жылы жүзді ұстазым мейірімді! Тату-тәтті достарым мейірімді 5 слайд. Дәйексөзді оқу және таныстыру 6 слайд Үй тапсырмасын тексеру «Қайдан келдің бауырсақ» - Балалар, бауырсақтың қайдан, қалай келгеніне тоқталайық. Қырманнан, диірменнен, наубайханадан, дүкеннен дастарханға келген. Нан – дастарханның көркі. Олай болса, мына суретке назар аударайық. 7 слайд. Әр отбасында той дастарханының сәні – бауырсақ. Бауырсақты ауылда әжелер мен апалар қара қазанға пісіреді. Қазан маңында бауырсақ жеп жүрген балалар ерекшекөңілді. - Балалардың көңілді, әрі қуанышты өмір сүруі үшін дастарханға келетін бір түйір нанға қаншама адамның маңдай тері сіңеді. Енді соған тереңірек тоқталайық. 8 слайд Нан дастақарқанға қалай келді? - Ерте көктем келісімен адамдар трактормен жер жыртып, дән себеді. Оны күтіп, баптайды. Тыңайтқыштар сеуіп, арам шөптерін жұлып, зиянкестерге қарсы дәрі сеуіп жаз бойы егін басында жүреді. - Егін піскен кезде адамдар оны комбайнмен жинауға кіріседі. Күн демей, түн демей егін алқабында егін жинаумен болады. Жиналған егінді машинаға құйып, диірменге апарады.Диірменде бидайдан ұн тартады. Ұнның үш сорты болады. Ұнды қапқа салып, вагондарға тиеп, қалалар мен ауылдарға жөнелтеді. Қапқа салынған ұн наубайханаларға апарылады. Наубайханада ұнның әр сортынан нан түрлері пісіріледі. Наубайханада ұннан қамыр илеп, қамырдан нанның формасын жасап, пешке салып пісіреді. Наубайханадан дүкендерге жіберіледі. Дүкеннен адамдар сатып алып, дастарханға қояды. 1.Қоныс көркі – там, Дастархан көркі – ... (нан) 2.Дастарханында наны жоқтың Тамағының .... жоқ.(дәмі) 3.Нан болса, ... болады.(ән) 4.Тістем нанның қадірін, Тарыққанда ...(білесің) 5.Нан қиқымын шашпаңдар, Жерде жатса ... (баспаңдар) Тыйым сөздер 1.Нанды бір қолмен үзуге болмайды. 2.Нанды төңкеріп қоюға болмайды. 3.Нанды аяқ астына тастама. 4. Дүкенге барғанда нанның сапасын қолыңызбен анықтамаңыз. Бұл тазалыққа да, мәдениеттілікке де жатпайды. 5.Нанды сатып алғанда таза дорбаға салыңыз. Жаңа тақырып Еңбек –адамның өзіне, өміріне және қоғамға пайла келтіретін іс-әрекеті. Еңбек арқылы адам өз арманы мен мақсатына жетіп, қуанышқа, бақытқа бөленеді. Мәтінмен жұмыс Жақсылардың жақсысы 1. Неліктен әкесі ұршық, өрмек, кітапты жақсылардың жақсысы дейді? Балалардың жауаптары Ұршық пен өрмек болса еңбегін жанады.Ал кітап оқысаң, білімінің артады. Жарық дүниеде бұлардан жақсы нәрсе жоқ. Дүниедегі мүліктің бәрі еңбекпен, біліммен табылады. Тыныштық сәті Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезінесіңдер. Біздің жүрегіміз қайырымдылыққа, мейірімділікке, адамгершілік құндылықтарға толы екендігін сезінеміз. Енді көзімізді жаймен ашамыз. Ендеше жүрегіміздің жылуын, бізді мектепке келгенде білім беріп, тәрбиелеп жатқан мұғалімдерімізге арнап көрейік. “Болайықшы осындай ” әні топпен орындайды. Дәптермен жұмыс Жемістер биі. Жүректен –жүрекке. Оқушылармен бірге еңбек өлең жолдарың қайталайды. Еңбек. Гүл өсірсең, терлеп, Мұның аты- Еңбек Кесте тіксең зердеп Мұны аты –Еңбек Сабағыңды жөндеп Әзірленген –Еңбек Қиындықтың бәрінен Еңбек қана жеңбек | |
Просмотров: 2503 | Загрузок: 0 | Комментарии: 2 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|