Главная » Файлы » В помощь учителю » Самопознание |
2014-04-16, 11:17 AM | |
Сабақтың тақырыбы: «Отбасым-бақыт мекені!» Сабақтың мақсаты: Отбасы туралы түсініктерін кеңейту. Отбасындағы сүйіспеншілік сыйластық туралы ұғымдарын бекіту. Отбасындағы өзара сыйластық, қарым-қатынас дағдыларын дамыту, отбасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Әдіс-тәсіл: әңгіме, сұрақ-жауаптар, тақпақ, ойын практикалық жұмыс. Сабақ барысы: Шаттық шеңбері Амансың ба, балалар ! Амансыздар ма, қонақтар! Амансың ба, алтын күн! Амансың ба, жер ана! Амансың ба, достарым! Сендерді көрсем қуанам! -Балалар, бүгін мен сендерді осындай кең, жарық, әдемі бөлмеде кездестіргеніме сондай қуаныштымын. Ал сендер қуаныштысыңдар ма? Ән «Қанша бала, қанша қыз?» -Кәне, балалар өзіміздің жақсы көңіл-күйімізді, әдемі күлкімізді бір-бірімізге алақандарымыздың жылуы арқылы таратайықшы. -Міне, қызық балалар, біздің шеңберіміздің ішінде дөңгелек пайда болыпты. Біздің шеңберімізге ұқсайды. Ол неге ұқсайды? (балалардың жауабы) -Балалар біз бүгін «Өзін-өзі тану» әлемінің картасындағы «Отбасы» аялдамасына тоқталамыз. -Суретте нені көрдіңдер? (сурет б-ша әңгіме) -сіздердің өз отбасыларың бар ма? -Отбасы деген сөзді қалай түсінесіңдер? -Өз отбасыларыңды неге жақсы көресіңдер? (балалардың жауабы) -Бүгін мен бір тамаша хат алдым. Ол хатты оқып қатты қуандым.Сендерді туыстарың өте қатты жақсы көреді екен.Туыстарың сендерді жақсы көретіндігі соншалықты, сендерді еркелетіп түрлі жақсы нәрселермен теңейді екен. -Кәне,отбасында сендерді кімдер және қалай еркелететінін еске түсіріп, айтып көріңдерші. (балалардың жауабы) -Өте тамаша, ендеше ақын Қ.Ысқақовтың «Кім ойлап тапқан?» өлеңін оқып берейін. Кім ойлап тапқан? Сөздерді ең аяулы, жақсы көріп жаттадым. Енді білдім оларды, кімнің ойлап тапқанын. «Күнім», «жаным»дегенді, «Құлыншағым» дегенді, «Ботақаным» дегенді, «Қошақаным» дегенді, «Толған айым» дегенді ойлап тапқан аналар. Ойын «Мен отбасымды жақсы көремін» Ойыннан соң балалардың жауабын қортындылау. Дәйек сөз: «Күн нұрын таратады, ана мейрімін таратады.» Мағынасын түсіндіру. «Өзіммен-өзім» релаксация-өз үйлерін көз алдына елестету. Өз отбасы тұратын үйді салуды ұсыну. Қортындылау. Біз бүгін өзімізге жақын, ең қымбат анамыз туралы,ең ақылды қамқор әкеміз туралы, ең қайырымды ата-әжеміз туралы, ең сүйкімді іні-қарындас,аға-апа туралы әңгімелестік. Оларды сыйлауды, жақсы көруді үйрендік. Олардың бізге тек жақсылық тілейтінін білдік.Ата-аналарың, туыстарың сендердің нағыз адам болып өскедеріңді қалайды. Сондықтан да, олардың сенімін, еңбегін ақтауға тырысыңдар. | |
Просмотров: 3181 | Загрузок: 0 | Комментарии: 9 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|