Главная » Файлы » В помощь учителю » Самопознание |
2014-04-25, 8:25 PM | |
31-сабақ Ізгілік іздеп келемін 30-сабақ 8- сынып «Өзін-өзі тану» пәнінің 6-сынып оқулығында «Ізгілікке бастар жол» атты сабақ өткізілген болатын. Сол сабақта айтылған рухани-адамгершілік құндылықтардың мәнін аша түсу мақсатында 8 сыныпта сабақ негізіне «Ізгілік іздеп келемін» атты тақырып алынып отыр. Мақсаты: Оқушылардың ізгілік ұғымы туралы өткен сыныптарда алған түсініктерін кеңейту. Міндеттері: ∙Оқушылардың ізгіліктің рухани-адамгершілік құндылық ретіндегі мағынасын түсіндіру; ∙Оқушылардың бойында ізгі істерге жетелейтін адамгершілік қасиеттерді дамытуға ықпал ету; ∙Оқушыларды адамгершілігі мол, ізгілікті тұлға ретінде тәрбиелеу. Шаттық шеңбері Мұғалім балаларды рухани адамгершілікке әлемімен етене жақындастыру мақсатында Қ.Бекхожиннің төменде берілген өлең жолдарын ерекше бір сезіммен оқиды. Ақын айтқан құштарлық сезімін өз бастарынан кешуі үшін мұғалімнің өлең оқу мәнері оқушыларға әсер ететіндей болуы керек. Жүзі жылы жандарды Құшақтағым келеді. Гүлі сұлу орманды Сусатпағым келеді. Шулап аққан өзенге Бұлақ қосқым келеді. Сыр толқыған тереңге Құлақ тосқым келеді. Мәтінмен жұмыс Төменде берілген сұрақтарды талдай отырып, мұғалім оқушыларды Ж.Баласағұнидің «Ізгілік» атты өлеңімен таныстырады. Өлеңді талдағанда мұғалім алдымен сынып-аралық сабақтастықты бекіте түсу үшін 6-сыныпта өткен Ж.Баласағұнидың «Құтты білік» дастанынан үзінді түрінде алынған «Ізгілік» атты өлеңін еске түсіреді. Дәйексөз «Шамаң келсе, ізгілік істе, ізгілік пен әділдік өлмейді» деген С.Сараидың нақыл сөзінің мағынасына орай мұғалім оқушыларға ізгіліктің құндылық ретіндегі мәнін түсіндіреді. Әңгімелесу Мұғалім әңгімелесу әдстемелік тәсілі арқылы оқушылардың тақырып бойынша не білетіндерін, жеке көзқарастарын анықтап алады. Төмендегі сұрақтарға жауап беруде оқушылар адам бойындағы ең жақсы қасиет – жақсылық жасай білу және оны міндет етпеу екендігіне көз жеткізеді. Жаңа ақпарат Балалар әңгімелесу арқылы өз қорытындыларын жасаған соң, оқулықтағы жаңа ақпаратқа назар аударады. Оқушы берілген ақпаратты тек қана қабылдап қоймайды, сонымен бірге әңгімелесу әдісіндегі өз шешімі мен ойының дұрыстығын, тіпті болмағанда оның басқа нұсқалардың ішіндегі артықшылығын логикалық түрде түсінеді. Жаңа ақпараттағы мәтінге қарап оқушы өз жауабын тереңірек қарастыруды ойластырады. Оқулықта берілген ақпаратты мұғалім оқып береді. Мәтінмен жұмыс Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға, оқу материалын эмоционалды-бейнелі қабылдауына ықпал ететіндей өзін-өзі тану сабақтарының міндетті элементі ретінде оқушылардың білімін және оқу іскерліктерін дамытуға бағытталған «Мәтінмен жұмыс» әдісі пайдаланылады. Тапсырма Оқушылардың меңгерген құндылықтарды күнделікті өмірдегі маңыздылығын түсініп, қолдана білуге үйрету мақсатында оқулықта төмендегідей тапсырма берілген. Мұғалім тапсырманы үйге беруіне болады. Тапсырма оқушы дәптеріне орындалады. Бұл сабақта Ғ.Жандыбаевтың мына өлең жолдарындағы ойды жалғастыру тапсырылады. Нұрланып ізгі жандар тілегімен, Күн күлер мейірімнің реңінен. Әлемдік сыйластықтың қызыл жібі, Өтеді әр адамның жүрегінен. Жүректен- жүрекке Оқушылар ой тазалығы, жүрек жылуы және сезім сергектігінің адамдар арасындағы қарым-қатынаста аса қажет құндылықтар екендігіне тоқталып, бір-біріне ізгі ниетпен жақсы тілек айтады. Мысалы: Ерсін Гүлнұрға: - Шын жүрегіңмен жасаған жақсылығың өзіңе қуаныш болып оралсын. Аняир Анарға: - Біреуге жасаған жақсылығыңды ешқашан міндет етпе. Осы ретпен әр оқушы өз ойындағы тілегін айтып, бір-бірін ізгілік елін аралауға шақырады. Әдістемелік құралда көрсетілген мысалдарды өзгертіп, бұл әдісті басқаша өткізуге де болады. Үйге тапсырма: 148 беттегі тапсырма бойынша өлең жолдарын жалғастыруды аяқтау. Оқушылардың сабаққа белсенді қатысқаны үшін мадақтау. | |
Просмотров: 2888 | Загрузок: 0 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|