Главная » Файлы » В помощь учителю » Самопознание |
2014-11-09, 7:02 AM | |
Пәннің аты: Өзін-өзі тану Тақырыбы: Менің арманым Мақсаты: Оқушылардың жақсы ниетпен армандай білуіне және оған қол жеткізуге ұмтылуына ықпал ету. Міндеттері: - арман ұғымы туралы түсінік беру; - балалардың ойын, қиялын дамыту; - жақсылыққа тәрбиелеу. Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу Көрнекілік: оқулық, дәптер, сөзжұмбақ. Шаттық шеңбері -Сәлеметсіңдер ме, балалар! Сендерді шаттық шеңберіне шақырамын. Бүгінгі шеңбер әрбірімізді жақсы ниетпен армандай білуге баулып, арманымыздың орындалуына жол ашады. Өткен сабақта біз сыныптастар, олардың өзара достық қарым-қатынастары туралы әңгімелескен болатынбыз. Ал бүгінгі сабақта «арман» туралы әңгімелесеміз. Қазір бәріміз кол ұстасып тұрып, бір минуттай үнсіздік сақтап, іштей сыныптастарымыз туралы армандап керейік. Балалар көздерін жұмса да болады. Бір сәт үнсіздіктен кейін мұғалім балаларға бір- біріне тілек білдіруді ұсынады: Ал енді бір-біріңнің армандарыңның орындалуына тілектестік білдіріңдер! Балалар кезектесіп айтып шығады: «Досым Дархан, арманыңның орындалуына шын жүректен тілектеспін!» және т.б. Оқушылар оқулықта берілген «Бала арманы» өлеңін оқиды. Бала арманы Ә. Еділова Ұлы Абайдай кең жүрек Бар білімді меңгерген Міне, осындай дүрмекті Ақын болғым келеді. Ғалым болғым келеді. Бар таусылмас арманым. Бауыржандай ержүрек Жетпіс өнер теңгерген Елге деген кұрметті Батыр болғым келеді. Дарын болғым келеді. Ертеңіме жалғадым. Әңгімелесу -Арманның үлкен-кішісі болады деп ойлайсыңдар ма? -Өздеріннің қандай армандарың бар? -Адамға армандау не үшін қажет деп ойлайсыңдар? -Арманға қалай қол жеткізуге болады? Мәтінмен жұмыс Оқушылар төменде ұсынылған мәтіндерді кезектесіп оқиды. -Өлең неліктен «Арман мен ақыл» деп аталған деп ойлайсыңдар? -Білімнің арманға қандай қатысы бар?Ойланып, жауап беріңдер. Дәйексөз «Арман - адамға қанат» Жақсы ниетпен армандау адамға зор қуат беріп, іске талпындырады, өмірге құштарлықты арттырады. Ойын Оқушылар шеңбер қурып отырады. Олардың біреуі ойын жургізуші болады. Ол ортадағы үстелге асықты бар өнерімен бұралта тастайды. Асық кімнің тұсына түссе, сол оқушы шығып өз арманын және не үшін соны армандайтынын жоғарыда берілген өлең қатарларына салып айтады. Мысалы, «Шіркін-ай, басшы болсам, еліме нұр сыйлаған», «Шіркін-ай, доктор болсам, халқымды етем аман», «Шіркін-ай, банкир болсам, молшылык бәрінде болады», «Шіркін-ай, сәулетші болсам, жайнайды менің қалам» және т.б. Жылдам және не үшін оны армандайтынын айта алмай қалған оқушы айып тартады. Жаңа ақпарат Сабақты түйіндеу мақсатында мынадай ақпарат беріледі: «Адам көкейіндегі ізгі ниет, болашақтан күтер үміт, алға койған мақсат арқылы арманына жете алады». Тапсырма «Арман алга жетелейді» дегенді қалай түсінесіңдер деген тапсыр- маны ұсыну арқылы мүгалім оқушылардың білімдерін тиянақтай түседі. Шығармашылық жұмыс -Бос шаршыларға қандай баланы жақсы бала деп атайтынын жазыңдар А қ ы л д ы Р а қ ы м д ы М е й і р і м д і А р л ы з е й і Н д і Ш ы н ш ы л Ы н т а л ы о й Л ы Сөзжұмбақ жауабы: ақылды, рақымды, мейірімді, арлы, зейінді, шыншыл, ынталы, ойлы. Тыныштық сәті Балалар денелерін түзу ұстап, бастарын жоғары көтеріп, ыңғайланып отырады. Көздерін жұмуына да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныстайды, айналадағы барлық тіршілік иесі оларды аялап, қоршап, қамқор болып жатқанын сезінеді. Тұла бойлары жақсылыққа, махаббатқа толғанын сезінуге ұмтылады. Осылайша екі минуттай отырады. Дәптермен жұмыс Сендердің армандарыңның жақсылықтан құралғанына сеніміміз мол. Бірақ нені армандайтындарыңды білгіміз келеді. Армандарың туралы қысқаша әңгіме жазыңдар. Қорытындылау Сабақ оқулықтағы қоржында берілген сөздермен түйінделеді. Жүректен жүрекке Балалар шеңбер құрып, қол ұстасып тұрып «Нағыз адам болғым келеді» дегенді бәрі бірге үш рет қайталап айтады. Оқулықта берілген өлеңді оқиды. Өмірге Ә. Есмағанбетов Сүйемін, қатты сүйемін, Шыңына шықтым құлпырып Бақытты сұүлу өмірім, Өмірдің биік дөңінің. Жас денемде жалын күш, Құшақтаймын аймалап. Көтеріңкі көңілім. Жайнаған жас өмірім. Қуанбасқа немене... Құлпырамын қүндыздай, Өсірген соң, өмірім!.. Көтеріңкі көңілім. | |
Просмотров: 1930 | Загрузок: 0 | Комментарии: 4 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|