Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Самопознание

«Адам - әлем бөлшегі»
2014-11-20, 6:47 AM
Тақырыбы: «Адам - әлем бөлшегі»
Мақсаты: «Әлем», «Адамзат», «Адам» құндылықтарының мәнін ашу, адалдық; шыншылдық қасиеттерін қалыптастыруға ықпал ету; адал шыншыл болуға тәрбиелеу.
Міндеттері:
• адамның әлеммен үйлесімі, адам өмірінің мәні туралы түсініктерін кеңейту,
• өзін, қоршаған әлемді түсіне білуге, танып –білуге баулу;
• сүйіспеншілікке, ізгілікке тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: суреттер, интерактивтік тақта.

Шаттық шеңбері.

Оқушылар шеңберге шығып, бір-бірімен сәлемдеседі.

Ж. Молдағалиевтың сөзіне жазылған Ә. Бейсеуовтың «Адам бол, адам!» әнін айтады.

Ай, жұлдыз аспан төсін алқалаған,
Жер-ана әлдилеген, арқалаған.
Нәзік гүл, алып емен, асау бұлақ-
Бәрі де саған құштар, дарқан адам.
Қайырмасы:
Адам бол, адам!
Адам бол, адам!
Сұлу бол, адам!
Жылу бол, адам!
Биікте бол, адам!
Сүйікті бол, адам!
Адам бол, адам!

Тірліктің тәттілігі, қаттылығы,
Сағыныш, махаббат, мұң, шаттық үні.
Өтеді бәрі менмен жүрегіңнен
Секілді шеру тартқан ат дүбірі.
Қайырмасы:
Артады асқақ міндет заман саған,
Тыныштық, еңбек, бақыт, ән аңсаған.
Әркімнен айналаға сәуле түссін,
Жаралсын жақсылыққа адамша адам!

Мәтінмен жұмыс.
Сабақ тақырыбын меңгерту үшін мәтінмен жұмыс жүргізіледі. Мәтінмен жұмыста Д.Әбілевтің «Көкжиек» атты өлеңін оқып, шығып, ондағы негізгі ойға назар аударады. Мәтіннің мазұнын талдау жұмысы әңгімелесу әдісімен байланыстырылады.

Көз көрім шолғаныңда дүниені-
Жерменен қауышқандай көкжиегі,
Тұрасың «көк шеңбердің» ортасында,
Туғандай дүниені үйіргелі.

Сонда сен жіті шолып айналаны,
Арман қып онан арғы бай даланы,
Әлгінде «көкжиек» бар жерге жетсең,
Көкжиек жеткізбеске айналады.

Сонда да құмартқамын, асығамын,
Сол менің бала жастан ғашық әнім.
Балаймын алдымдағы арманыма,
Алыста көкжиектер ашылғанын.

Әңгімелесу
Әңгімелесу өткізудегі мақсат оқушылардың адам мен әлемнің үйлесімі туралы түсініктерін байқау болып табылады. Ол үшін оқушылар оқулақтағы «Ойланайық, пікірлесейік» айдарында берілген төмендегідей сұрақтарға жауап береді.

Адам ғалам құпиясын ашуға неліктен құштар?

«Көк шеңбер», «көкжиек» деген сөздерді қалай түсінесіңдер?

Адам өзін қоршаған әлемге ықпал ете ала ма?

Оқушылардың жауаптары тыңдалып, қорытынды жасалады.

Ойын: «Өзімізге ерекше көңіл – күй сыйлайық»
Парақшаларға көңіл – күй сыйлайтын сөздер жазылып, топтарға таратылады. Сөздерден шағын көрініс көрсету керек.
1. «Көптен көрмеген досын көргендегі қуаныш»
2. «Өз досының жеңісіне деген қуаныш»
3. «Ата – анасына өз қуанышын жеткізу»
4. Досынан өз қателігіне кешірім сұрау
Ойын – жаттығу
1. Көпшіліктен береке кетпес,
Берекеден................. кетпес. \мереке\
2. Бірлік бар жерде ............ бар. \тірлік
3. Татулық-табылмас............. \бақыт\
4. Игілік басы..........\ынтымақ\
5. Бірлігі ........... ел тозады, \жоқ\
Бірлігі ............ ел озады. \күшті\
Дәйексөз
Сабақ тақырыбын оқушыларға кеңірек түсіндіру үшін дәйексөз беріледі. Сабақтың дәйексөзі ретінде Ақжан әл-Машанидің:

«Адам-ғалам, ғажайып, жеке дара,
Жан құмары ізденген мәңгі сана»
Өзіңді өзің танысаң ісің басы,
Түзеген өз ғаламын болған дана»-деген өлең шумағы алынған.

Дәйексөздің мағынасын қалай түсінетіндері сұралады.
Ойларын түйіндету.

Тапсырма
Жұмбақты шешіп, сұрақтарға жауап беру.
Алты арқар,жеті қаз, төрт бөдене,
Кейде толы,мкейде орта-бір тегене,
Тұнық пенен лайдың арасынан
Бір аққу шыға келді құсқа төре.

Шешуі: алты арқар дегені-үркер, жеті қаз дегені-жетіқарақшы, төрт бөденесі- қос-қостан көкжиекте тұратын босаға жұлдыздар. Кейде орта, кеде толы болып көрінетін ай. Тұнық пен лай дегені- күндіз бен түн. Ал құсқа төре аққуы- аспандағы ай-жұлдыздың төресі күн.

• Аспан әлемінің құпиясын танып-білу өздеріңді қызықтырмай ма?
• Аспан жұлдыздары туралы аңызды естідіңдер ме?
• Өлеңде табиғат пен адамзат өмірінің байланысы қалай көрсетілген?

Сегіту сәті
Мынау менің жүрегім, /жүрегіне қолын қояды/
Бәрі осыдан басталған.
Мынау менің оң қолым, /оң қолын созады/
Мынау менің сол қолым. /сол қолын созады/
Мынау басым ақылды /басын ұстайды/
Барлық істі атқарған.

Жаңа ақпарат;
Жаңа ақпартпен танысу оқушылардың сабақта алған білімдерін бекітіп,ой түйіндеуге септігін тигізеді. Сабақта мынадай жаңа ақпарат берілген; «Адам баласы түйсік,сезімі мен ақылы арқылы өзі өмір сүріп жатқан әлемін танып-біледі. Әр адам өзінің ойлау қабілетіне сәйкес өз әлемін іштей қалыптастырып алады. Адамның рухани даму жолындағы талпынысы оның танымдық көзқарасымен ойлау деңгейін кеңейтеді.»

Өзін-өзі жетілдіру зебрасы
Ақ тізім
Менің жағымды қасиетім Қара тізім
Менің кемшіліктерім
Мысалы: ақ көңілмін, пысықпын т.б.

Тез ашуланамын , жалқаумын т.б.

Жүректен-жүрекке

Оқушыларды шеңберге шақырып, бір-біріне жүректі сыйлау арқылы жылы лебіз-тілектерін білдіреді.

Үйге тапсырма: Мен қандаймын? Сауалнаманы орындау \тапсырманы әр оқушыға таратып беру\

Мен қандаймын?

Еңбекқор Білім құмар Әдепті, кішіпейіл Шыншыл Мейірімді
әрқашан кейде ешқашан әрқашан кейде ешқашан әрқашан кейде ешқашан әрқашан кейде ешқашан әрқашан кейде ешқашан
Мектепте
Үйде
Қонақта
Кітапханада
Көшеде

М. Ғабдуллин атындағы қазақ орта мектеп-интернаты

Өзін-өзі тану пәні

Ашық сабақ

Тақырыбы: «Адам-әлем бөлшегі»

Өткізген: Б.З.Абдильманова
Категория: Самопознание | Добавил: Зейнуловна
Просмотров: 3943 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 1.8/6
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Понедельник, 2024-12-23, 8:24 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru