Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Самопознание

"Ағаштан ағаш рең алады..."дөңгелек үстел
2015-01-01, 9:38 PM
Тақырыбы: «Ағаштан ағаш рең алады,
Адамнан адам тәлім алады»
Мақсаты:өскелең ұрпақты тәрбиелеуде қоғамға пайдалы, үлкенге құрмет көрсетіп, кішіге қамқор болатын, мемлекетіміздің болашағы – жан-жақты дамыған жеке тұлғаның бойында мейірімділік, ізгілік, сүйіспеншілік сезімдерін қалыптастыру мәселесінің бағыт-бағдарын жүйелеу. туралы пікір алмасу.
Өту әдісі: топтық, пікір алмасу, тренингтер
Өту барысы:
I.Кіріспе сөз. «Ағаштан ағаш рең алады, адамнан адам тәлім алады» тақырыбында кіріспе сөз. (директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары С.А. Камутова)
ІІ. Шаттық шеңбері.
Дөңгеленіп тұрайық
Керегені құрайық.
Уықтар болп иіліп
Шаңыраққа киіліп
Киіз үйді құрайық.
Барлығымыз орнымыздан тұрайық
Денемізді бос ұстайық
Енді билейміз
Бастарыңызды қозғап билеңіздер
Иықтарыңызды қозғап билеңіздер
Белдеріңізді қозғап билеңіздер
Денелеріңізді қозғап билеңіздер
Қатты-қатты билеңіздер
Емін-еркін билеңіздер
Бір-бірлеріңізге жылы лебіз білдіре билеңіздер
Осындай көңіл-күймен сабағымызды жалғастырайық
(«Қара жорға» биін бірлесе отырып билеу.)
ІІІ. Әңгімелесу.
- Осындай көңілді күймен «Ағаштан ағаш рең алады, адамнан адам тәлім алады» деп аталатын дөңгелек үстелге қош келдіңіздер деймін! Осы тақырып жөнінде біраз әңгімеқозғасақ, өз ойларыңызды ортаға салсаңыздар.
- Өзін-өзі тану жобасының авторы С.А. назарбаева бір сөзінде былай деген екен «Халайық, ояныңдар! Кім екендіктеріңді сезініңдер, адам болу - ол үлкен құндылық» Сіздер қалай ойлайсыздар? Осы жөніде өз ойымызды ортаға салсақ.
- Ал, орыстың ұлы жазушысы Л.Толстой : «Балаларды адамгершілікке тәрбиелеу түгелдей игі өнегеге саяды. Өзіңіз жақсылап өмір сүріңіз, тым құрыса жақсылап өмір сүруге талаптаныңыз, өмірді неғұрлым жақсырақ өткізсеңіз, соғұрлым баланы жақсы тәрбиелейсіз” деген екен. Біздің алдымыздан мынадай жәйіттер жиі кездесіп отырады. “Тәйірі, бала ғой! Бала әлі ақылы кірген соң тентектігін, шалдуар еркетайлығын өзі де қояды” осы мінез бізде бар ма?
- Кітапқа қарап бала тәрбиелеуге бола ма?
- “Игілікті үйреткен опық жемейді” деген, келісесіз бе?
- “Кешірімділік – көңіл кеңдігі” қаншалықты кешірімдісіздер?
- “Әркім – аңсаған бақытының ұстасы” бұл ойдың шындығына қаншалықты келісесіз?
ІҮ. Жағдаяттар топтамасы
- «Ұрпақ тәрбиесі – ұлы іс» деген дана халқымыз. Алдымыздан түрлі жағдайлар шығып, әркім өз әлімізше оның шешімін тауып жатамыз. Осы орайда «кім қалай шешер екен» айдарымен алдыларыңызға жағдаяттар береміз, өз шешемдеріңізді ортаға салсаңыздар.
Ү. «Өмірде жоқ жануардың суретін салу» тренинг
- Қазір сіздерге бір-бір ақ парақтан таратып беремін. Сіздердің мақсатттарыңыз сол ақ параққа өмірде жоқ жануардың суретін саласыздар.
(салған суреттеріне қарап болжам айту)
«Былай деген екен...» дәйексөз
“Жақсылықты қорғасаң, жалғызбын деме”
“Сөзіңе сүйінген, ісіңе күйінбесін”
“Баба – ұрпақтың түсі, бала – ұрпақтың ісі”
“Балаңа кешіргенің – ақылын өсіргенің”
М. Әлімбаев
“Қатты тәртіп көрсе бала күнінде,
Өнерімен қуантады түбінде”
Ж. Баласағұн – деп айтса, сіздер қалай ойлайсыдар? Әр біреуіміздің өмірде өз түйген ойларымыз, тұжырымдамаларымыз бар. Осы тұжырымдамаларымызға сүйене отырып, нақыл сөз жазыңыздар, яғни бала тәрбиесі туралы ойларыңызды ақ параққа түсіріп, аты-жөндеріңізді көрсетіңіздер.
ҮІ. Тыныштық сәті.
Әсем әуен аясында релакциялық тренинг өткізу.
ҮІІ. «Мейірімді жүрекпен, балаға деген Махаббатпен!» «Ғажайып сандықша»
Баланың қылығына, кейде сөзіне сүйсініп мақтау айтып жатамыз. Бірақ біз әрқашан оларға махаббатымызды үстірт жеткіземіз. Қазір сіздерге үлкен мүмкіндік бар, соны пайдалана отырып, оқушыңызға немесе сыныбыңызда жақсы көретін оқушыңызға және айналаңыздағы ұстаздарға жылы лебізіңізді білдіруіңізге болады.
Категория: Самопознание | Добавил: miko2073 | Теги: Асқарбаева
Просмотров: 1250 | Загрузок: 0 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 4.0/2
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Понедельник, 2024-12-23, 7:59 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru