Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Самопознание

Отан мен жер шарының ұрпағымыз
2015-01-12, 12:35 PM
Тақырып: «Отан мен жер шарының ұрпағымыз»

Пән: Өзін-өзі тану

Сабақтың түрі: Білімді жүйелеу және жалпылау сабағы

Сабақтың мақсаты:
а)білімділік: Отан, туған ел, халықтар достастығы, патриотизм жайлы түсініктерін тереңдету.
ә)дамытушылық: азаматтық пен патриоттық сезімдерін дамыту
б) тәрбиелік: өз Отанын сүйетін, өз елінің болашағына үлес қосамын деген жеке тұлғалық қасиеттерін тәрбиелеу

Сабақтың әдіс-тәсілдері: әңгімелесу, түсіндіру, топпен жұмыс, рөлдік ойын, коллажды презентацияла,жартылай- ізденушілік.

Көрнекі құралдар мен таратылатын материал: нақыл сөз, ноутбук, плакаттар,түрлі- түсті қарандаштар, шумақ жіп

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, сабаққа қатысуды тексеру.
«Қуаныш шеңбері»- бүгінгі сабақтан мен нені күтемін ? Бүгінгі сабақтан мен...........күтемін.

2. Сабақтың тақырыбын хабарлау:
2.1 «Елім менің» сөзі: (Н.Назарбаевтікі, әні: Б. Тілеухандікі) атты әні шырқалады.
Осыдан бүгінгі сабақтың тақырыбы Отан, ел тақырыбына арналмақ. Яғни, «Отан мен жер шарының ұрпағымыз» атты тақырыпта ой қозғаймыз (мұғалімнің сөзі).
Талқылауға арналған сұрактар:
• Патриот болу дегенде нені түсінесіздер?
• Сіздер көп үлтты мемлекетте жасайсыздар. Сіздердің
достарыңыз қай ұлттың өкілдері?
• Сіздердің басқа ұлттың тарихына, тіліне, салт-
дәстүріне көзқарасыңыз қандай?
• Барлық ұлттарға ортақ қандай жалпы адамзаттьқ
құндылықтарды білесіздер?

Үйге берілген тапсырмалар бойынша аталған тақырыпқа байланысты өлең оқылады: «Үш бақытым», «Қазақстан», «Қос ішек».

3. Өзіндік /практикалық / жұмыс:
3.1 «Отан мен жер шарының ұрпағымыз» атты тақырыпта 4 топ өз ойларын шығармашылықпен шыңдап коллаж түрінде жасайды. Әрбір топтан 1,2 оқушы қорғайды.

3.2 Тапсырма: «Достық мозайкасы».
Басқа ұлт өкілдерінен достарыңыздың бар екендігі шындық. Олардың ұлттық әдет- ғұрпын, қайсібір әдептерін де білесіздер. Сол бойынша әрбір топ курстастарының алдында жария түрде өздері таңдаған ұлт- өкілінің салт- дәстүрін, биін, әнін, т.б. көрсетеді.

3.3 Жаттығу: Мемлекет басшысының рөлін ойнап көріңіз.
«Бір күнге мемлекет басшысы» сауалнамасы.
Егер, сіз мемлекет басшысы болсаңыз, қай салаға қаражатты көп жұмсар едіңіз?
- кедей елдердің дамуына көмектесу үшін;
- өз мемлекетімнің қорғанысы үшін;
- қаланың тұрмысын жақсарту үшін;
- ауыл шаруашылығын қолдау үшін;
- білім беру ісін дамытуға;
- көлік жүйесін дамытуға;
- қоршаған ортаны қорғауға;
- өнеркәсіпті дамытуға қолдау көрсету үшін;
- ғарыштық зерттеулерді дамытуға;
- өз елімдегі кедейшілікпен күресу үшін.
Енді өздеріңіздің таңдауларыңыз бойынша атқарылатын шараларды реттеп, нөмірлеңіз. Әрбір шарамен байланысты қүндылықтарды анықтауға тырысыңыз. Мысалы, сіздің ойыңызша, елімізде білім беру ісін жақсарту маңызды деп санасаңыз, өз тұжырымыңызды негіздеңіз: «Әрбір адам өзінің қабілеттерін мүмкіндігінше дамытуға қүқылы» немесе «Білім адамға қандай жағдайда болсын жол табуға көмектеседі» т.б. Бүдан кейін қаражатты көбірек бөлуді қажет ететін саланы қалай таңдағаныңызды түсіндіріңіз.

4.Сабақты қорытындылау:
4.1Рефлексия:
«Достықты бекітетін жіптер».
Бұл жаттығуды орындау үшін 1 шумақ жіп қажет. Студенттер оқытушымен бірге шеңбер жасап тұрады. Оқытушы жіптің бір ұшын өзінің қолында ұстап тұрып, иірілген жіпті студенттердің біреуіне лақтырып, Отан, ел, туған жер, тіл т.б. бойынша өз ойын білдіреді. Жіпті ұстап алған студент те өз кезегінде өз пікірін айтады. Студенттердің барлығы сұраққа жауап беріп болған кезде, шеңбер бойынша ойынға қатысушыларды өзара байланыстырып тұрған өрмекшінің торына ұқсас өрнек жасалады. Осы кезеңде студенттердің назарын аудару керек. Бұдан соң өрнекті тарқату керек.

4.2 Үйге тапсырма: «Менің қосар үлесім». Өзіңізді толғандыратын бір мәселені таңдап алып, оны шешудің жолдарын көрсетіңіз.
Тапсырма. «Менің қосар үлесім...» Адамзат әрекетінің әр түрлі саласындағы қандай мәселелер бүкіл әлемде алаңдаушылық туғызып отырғанын аңғарасыздар ма? Осы мәселелердің қайсысы сіздерді көбірек толғандырады. Өзіңізді толғандыратын бір мәселені таңдап алып, оны шешудің қандай жолын үсынатыныңызды ойланыңыздар. Мәселені шешудің жобасын жасаңыздар. Мүмкіндігінше өз жобаңызды таныстыруда сіздің ойыңызды, идеяңызды тереңірек түсінуге мүмкіндік беретін көрнекі материалдарды пайдалануға тырысыңыздар.

4.3 . Бағалау.
Категория: Самопознание | Добавил: asel6607 | Теги: жер, өзін-өзі тану, отан
Просмотров: 3186 | Загрузок: 0 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 2.5/2
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Понедельник, 2024-12-23, 8:07 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru