Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Самопознание

«Менің болшағым, менің мамандығым» атты студенттер арасындағы сайыс
2015-01-12, 12:39 PM
«Менің болшағым, менің мамандығым» атты студенттер
арасындағы сайыс

Мақсаты: болашақ мамандарды қызметке бейімдей отырып, кәсіби біліктіліктерін арттыру, шығармашылық қабілетін жетілдіру.Теория мен тәжірбиені ұштастыра отырып, кәсіптік құзіреттіліктерін нығайту.Ұжымдық қарым-қатынасқа психологиялық бейімдеу, өзара тәжірбие алмасу.

Жүргізуші:
Құрметті, студент қауымы, ұстаздар! Баршаңыз да бүгінгі «Менің болашағым, менің мамандығым» атты бүгінгі педагогтардың кәсіби денгейлерін көтеру және біліктілігін бағалау мақсатында ұймдастырылып отырған сайысымызға қош келдіңіздер! Колледжден түлеп ұшқалы отырған 4 курс студенттері «қандай мамандықты таңдадым» немесе «таңдаған мамандығым дұрыс па?» деген ойлар мазалайтыны анық. Мамандық таңдау кезеңінде тұрған студенттерге бағыт-бағдар беріп, таңдау мүмкіндіктерін шешу үшін студенттер топтарымен, яғни болашақ маман иелерімен, кездесіп ой бөлісу, пікір алмасудың маңызы өте зор.
Адам өзінің болашақ кәсібіне әр түрлі жолдармен келеді. Біреулер үшін – ол ойға алған арманның орындалуы, отбасы дәстүрін жалғастыру, келесі біреулер үшін – жаңалыққа, дербестікке талпыныс, үшінші біреулерге - әйтеуір бір мамандық алу керек болған соң т.б. Мамандықты таңдау үшін, адам ең алдымен өзін, өз бейімділігін тануы қажет. Өз-өзіне «Мен кіммін?», «Осы өмірдегі менің орным қандай?», «Қалай өмір сүремін?» деген сұрақ қоймайтын адам кем де кем.
Мынау көп салалы өмірде мамандықтың түрі көп. Әрине таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы – адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт. Өз ісіне сенімді, дұрыс таңдаған адам ғана жетістікке жетеді. Адам еңбегінен қуанышын таба білсе, бойына жаңа күш қосылып, еңбекке деген шабыты арта түседі. Зор ықылас, шабытпен істеген іс – табыс биігіне жеткізетін қанат.
Абай атамыз айтқандай: «Неге арналсаң, соны істе» деп, қашанда адам өмірден орнын өз таңдауымен тапқан жөн.

Жүректен өлең төгіп, қосқан жырға,
Тұлпардай топтан озған жүйрік тұлға,
Қошеметтеп , асыл халқым қол соғыңдар,
Сайысқа қатысушы тұлғаларға

Бүгінгі сайысымызға қатысушы 4МДТО және Т-41 топтарына қол соғып, қошемет көрсетейік!

Ал енді, сайысымыздың шарттарын атап өтейік.
Сайыстың бөлімдері
Ал,қанекей танысайық!(таныстыру)
1 кезең. «Мамандық таңдадық ойлана,
Балалық шаққа айтамыз «Иә!»
Визитка.
Командалардың өздерін және мамандықты таныстыруы: команда атауы, төсбелгі мен әнұраны. Барлығы команданың қатысуымен айтылуы тиіс.
Жүргізуші:
Ал, студенттер сайысқа қалайсыздар,
Сендер өтер әліде бір сын бар.
Асығыңды ал қоржыннан қымсынбай кеп,
Жауап айтсаң сұраққа жарайсыңдар
-дей отырып сайысымыздың 2-ші шарты бойынша «Кім тапқыр» (сұрақ-жауап) сайысы

2 кезең. «Кім тапқыр» Қатысушыларға берілер сұрақтар:
- Адам өзін белгілі бір мамандыққа қашан, қалай дайындауы керек деп ойлайсыз?
- Адам болашақ өз мамандығын таңдаған кезде, нені басшылыққа алу қажет?
- Бұл мамандықты таңдауыңызға не себеп болды?
- Жақсы маман болуы үшін адам нені біліп, нені үйренуі қажет?
-Қай уақытта адам өз еңбегінің жемісін көре алады?
- Осы мамандығыңызға жүрек қалауыңызбен бардыңыз ба?
- Әттеген-ай деген шақтарыңыз болды ма?
- Қазіргі уақыттың жаңашыл адамы ретінде білім беру саасына (мектеп, балабақша) қандай жаңалық еңгізер едің?

3 кезең. «Педагогикалық экспромт»
Психологиялық- педагогикалық жағдаятты саралап, кеңес беріп алдын алу жолдарын ұсыну.
1. Педагогикалық жағдайды шешіңіз:
Балабақшада балалар ұйықтайтын кезде Даниярдың ұйықтауға барғысы келмейді. Ол үнемі тәрбиешіге қарсылық көрсетіп, өзінің ұйықтағысы келмейтінін айтып дәлелдеуге тырысады.
Тәрбиеші ретіндегі сіздің іс- әрекетіңіз?

2. Педагогикалық жағдайды шешіңіз:
Үш жасар Аружан балабақша ауласында балалармен ойнап жүр еді. Аңсар оның жанына келіп, қолындағы ойыншықты тартып алмақшы болды. Одан ойыншығын алып қашамын деп құлап қалған Аружан қолын сындырып алды. Жедел жәрдем шақырылады.
Тәрбиеші мұндай жағдайда қандай шара қолданады?

3. Педагогикалық жағдайды шешіңіз:
Айгүл балабақшаға екі күн ғана келді. Тамақтануға отырған кезде Айгүл тек қана компотты ішетінін айтты. Тәрбиеші онымен келісті, бірақ қыз өзі алып келген қуыршағын тамақтандыруды ұсынды. «Қуыршағым кеспе ішпейді. Ол да компотты жақсы көреді», - деді. Педагог не істеу керек?

4. Педагогикалық жағдайды шешіңіз.
Мұғалім сабақ түсіндіріп жатқан кезде IX- сынып оқушысы Асанов Б. парталас көршісімен сөйлесіп, абайсыз отырады. Мұғалім әңгімесін тоқтатып, оқушыны тақтаға шақырады. Мұғалімнің қойған сұрағына терең және дұрыс жауап беріп, ол жақсы баға аламын деп үміттенді. Бірақ мұғалім :саған «3»- тің орнына «4» қойып қойыппын. Жарайды енді солай қала берсін- журналды бүлдіргім келмейді».
Бұл жағдайды туғызғанда мұғалім қандай мотивтерді басшылыққа алды ? Оқушы тарапынан мұғалімнің іс-әректіне баға беріңіз

5. Педагогикалық жағдайды шешіңіз.
Мұғалім мектепке бара жатқан кезінде байқаусыздан аяғы шалынып, құлап қалады. Киімі былғанып қалады. Біраз уақыттан соң, сабақ басталады.
Осы жағдайда мұғалім не істеу керек ?

6. Педагогикалық жағдайды шешіңіз.
Сыныпта екі оқушының арасында романтикалық махаббат. Ал сыныптастары болса, бұл екі жас махаббатқа күліп, мазақтайды.
Мұғалім осы жағдайда екі жасқа қалай көмектесу керек және ата-аналарын хабардар ету керек пе ?

4 кезең. "Мамандықтар тізбегі"- ойыны
Қазір барлығымыз шеңбер жасап, «мамандықтар тізбегін» құрамыз. Мен бір мамандықты айтамын, мысалы: металлург. Келесі оқушы осы мамандықпен қатысы, байланысы, ұқсастығы бар мамандықты атап олардың байланысын, ұқсастығын ажырата білу керек. Мысалы, металлург, аспазшы. Себебі екеуі де отпен, жоғары температурада, ыстық пештерде жұмыс істейді.

5 кезең. «Іскер қолдар»
Команда мүшелері берілген тақырып бойынша табиғи немесе қажетсіз материалдардан композиция құрып, оны қорғайды.

6 кезең. Психологиялық сәт: "Психогеометрия"- өзін- өзі тану: Қатысушылар өзіне ұнаған геометриялық фигуралардың кез келгенін таңдауы тиіс. Әр фигура қандай да бір адам бойындағы қасиетті, қабілетті білдіреді. Әрқайсысымыз өзімізді танып көрелік.
Квадрат. Сенде төзімділік, шыдамдылық, еңбекқорлық дамыған. Өз айналана адамдарды жинап ұйымдастыру, реттеу және жүйелеу қабілетін баршылық. Сенен үздік администратор шығады, бірақ саған өзіннің кәсіптік мамандығынды менеджментпен байланыстырмауға ұсыныс айтамын.
Зигзаг. Сенде әсемдікті көре білу қабілетін жоғары қалыптасқан, сондай- ақ шығармашылық қабілетін, ой- өрісін дамыған. Сенде табиғи өткіройлылық бар, өз айналана қабілетті адамдарды жинай аласын. Сені шаблондар, ережелер, нұсқаулар қызықтырмайды. Бастаған істі аяқтауға төзімділіктің жоқтығы бөгет жасайды.
Шеңбер. Сенде адамгершілік жоғары дамыған. Сен өз әріптесінді тыңдай аласың және оның қайғысы мен қуанышын бірге бөлісесін , басқаның ауарпатылығына жәрдемдесу қабілетін жоғары қалыптасқан.Саған жеке адамдар арасындағы кикілжіңдер тән емес, өзіңді олардан аулақ ұстайсың және саған менеджмент саласындағы мамандықтар сәйкес келмейді. Сенен үздік психолог шығуы мүмкін.
Үшбұрыш . Саған басқарушылық қасиет тән. Өз көздеген мақсатына қол жеткізуге барлық мүмкіншілігіңді жасайсың. Өзіңе сенімдісің және жеңіске, жетістіктерге, ұтыстарға оңай қол жеткізесің. Айтқаныннан шықпайсың, абыройлысың. Сен қоғамда, өмірде жоғары жетістіктерге қол жеткізесің, жұмысыңда жоғарыға көтерілуге бейімділігін бар.Саған менеджмент саласын меңгеру ұсынылады.

Ал кімнің өнері бар қаншалықты,
Би билеп, ал біреуі ән салыпты.
«Өнерлі өрге жүзер» шартында
Қол соғып барша халық тамсаныпты
7 кезең "Өнерлі өрге жүзер".(Әр топ өздері дайындаған өнерлерін көрсетеді).

Қорытындылау:
Мамандықты дұрыс таңдауда қандай қателер жіберілуі мүмкін?
«Бос микрофон» (рефлексия)
Еркін түрде қатысушылар бүгінгі кештен алған әсерлері туралы пікір бөліседі.
- Осы күннен не алдыңыз?
- Өзіңіз үшін қандай қорытынды жасадыңыз, ойландыратын жағдай болды ма?

Сайысқа қатысқан студенттер алғыс хаттармен марапатталды.
Ең ақылды, ең тапқыр, ең өнерлі, ең білімді, ең шебер, тілге шешен, ең сыпайы, ең жүйрік, ең өнерпаз, ең тапқыш, ең көңілді, ең білікті номинациалары берілді.

Бүгінгі кешімізді мына өлең жолдарымен аяқтауға рұқсат етіңіздер:
Еңбек етсем, ертеңгі- бақытыма сенемін.
Масқатыма жеткізер- уақытыма сенемін.
Достық іспен қасты да- жеңеріме сенемін,
Ақыл, сана білім мен- өнеріме сенемін.
Арым- таза, ақ көңіл- адалдыққа сенемін,
Абыройлы, ақ ниет- адамдыққа сенемін!
- дегендей ел сеніміне кіретін құрметті мамандық иесі боламын десеңіздер бүгінгі кездесуде айтылған ақыл кеңестерді жадыңызда ұстап ілім- білім алуға барлық күш жігерлеріңді жұмсап, егеменді еліміздің ертеңі -болашақ маман иелері болуларыңызға тілектестігімді білдіремін!

Барына риза болсын көрермендер,
Ой бөлісті, бақ сынасты үміткерлер.
Осымен бұл сайысты тәмамдасақ,
Тағыда жүздесерміз сіздерменен

Қош! Сау болыңыздар!
Категория: Самопознание | Добавил: asel6607 | Теги: менің мамандығым, Менің болшағым
Просмотров: 3402 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Понедельник, 2024-12-23, 8:12 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru