Главная » Файлы » В помощь учителю » Самопознание |
2015-01-15, 8:33 AM | |
Күні__________ Сыныбы: 3 « ә» Пән: өзін-өзі тану Тақырыбы: Өзін - өзі тану – белестері Мақсаты: Оқушылардың «өзін - өзі тану», өмір белестері туралы түсініктерін кеңейту. Міндеттері: - адамгершілік құндылықтарын білуге, өзін және өмірді тануға қызығушылықтарын арттыру. - сыйластыққа, кішіпейілділікке, ізгілікке тәрбиелеу. Көрнекі құралдар: оқулық, дәптер. Шаттық шеңбері: Оқушылар мұғаліммен бірге шаттық шеңберін құрып тұрады. Шаттық шеңберінөңілді оқушылардың есіне салып, бәрі бірге қол ұстасып көңілді бір ән немесе өлең айту ұсынылады.Оқушылар осы шеңбер аясында бір - біріне тілек айтып шығады. Әңгімелесу Оқушыларды сабақ тақырыбына тарту мақсатында төмендегідей сұрақтар арқылы әңгімелесу өткізіледі. • 2-сыныпта өзін – өзі танудан не үйрендіңдер? • Өз өзіңе, өзге адамдарға, табиғатқа деген көзқарастарың өзгерді ме? • Жазғы демалыста қандай қызықты оқиғаларды бастан кешірдіңдер? Тапсырма: Суретке қарап, «Өзін – өзі танудан үйренемін» тақырыбында әңгімелеңдер? Жаңа ақпарат Өзін – өзі тану адамның өз мүмкіндіктерін ашуына, өз қабілеттерін дамытуына ықпал етеді. Адам өз өмірінің әр сәтін өзін – өзі тануға арнаса, өзін, өзгелерді және қоршаған ортаны сүйе білуге үйренеді. Оның өмірге деген құштарлығы артады. Дәйексөз Өзін – өзі тану – адамгершілік құндылықтардың негізі. С. Алпысқызы Тыныштық сәті Балалардың денесі, ойы сергітіледі. Балалар денелерін түзу ұстап, бастарын жоғары көтеріп, ыңғайланып отырады. Көздерін жұмуына да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныстайды, денелерін бос ұстап, айналадағы барлық тіршілік иесі оларды аялап, қоршап, қамқор болып жатқанын сезінеді. Осылайша екі минуттай отырады. Қорытындылау Оқулықта берілген сөздерді пайдаланып, сабақты қорытындылау. | |
Просмотров: 1111 | Загрузок: 0 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|