Главная » Файлы » В помощь учителю » Самопознание |
2015-01-15, 8:43 AM | |
Күні__________ Сыныбы: 10 ә Пән: өзін-өзі тану Сабақтың тақырыбы: Білімге құштарлық Мақсаттары: Оқушылардың «білім» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту. Міндеттері: - білім, даналық ұғымдары туралы түсініктерін кеңейту; - білімге, оқуға қызығушылықтарын дамыту; - білімді бағалауға тәрбиелеу. Көрнекі құралдар: оқулық, дәптер. Шаттық шеңбері Балалар шеңбер құрып тұрады, бір – бірімен сәлемдеседі. Мұғалім сабақтың тақырыбымен таныстырады. Бүгінгі сабағымызда білім, білімнің адам өміріндегі мәні туралы әңгімелесеміз. Әңгімелесу Мұғалім білімнің адамға пайдасын түсіндіру мақсатында әңгімелесу жүргізіледі. Төменде ұсынылған өлеңді бәрі бірге айтады. Мақал мәнісі «Кітап – білім бұлағы, Кітаппен достас мәңгілік. Білім – өмір шырағы». Жадыңа білім жаңғырып, Осы мақал мәнісі Оятар сана – сезімді. Қалай, - деп інім сұрады. Танырсың жатты, өзіңді, Болғың келсе білімді, Ашарсың сөйтіп көзіңді. С.Баязитов Сабақта әңгімелесу әдісін өткізу үшін мынадай сұрақтар ұсынылды: • «Білекті – бірді жығар, білімді – мыңды жығар» деген мақалды қалай түсінесіңдер? • «Кітап – білім бұлағы, білім өмір шырағы», - дегенді қалай түсінесіңдер? • Білімнің адам өміріне қандай пайдасы бар? Мәтінмен жұмыс Жоғарыда айтылған ой бекітіле түсу үшін әңгіме оқу ұйымдастырылады. Дәйексөз Балалардың жауаптары дәйексөздің түсіндірілуімен түйінделеді. «Адам білім арқылы қоршаған табиғатты, айналаны танып біледі.» Жаңа ақпарат Оқушылардың білім туралы білетіндерін толықтыру мақсатында өлең оқу ұсынылады. Ойын – жаттығу Оқушылардың білімге құштарлығын байқау мақсатында «Жалғасын тап!» атты ойын – жаттығуы ұйымдастырылады. Мақал – мәтелдердің бас бөлігі айтылады, оқушылар жалғастырады. Дәптермен жұмыс Оқушылардың сабақта айтылған ойларды пысықтай түсуі үшін дәптердегі дәптердегі тапсырма орындалады. Жұмбақты оқып шешуін табыңдар. Тыныштық сәті Балалардың қабілетін арттыру мақсатында осы тәсіл арқылы олардың денесі, ой сергітіледі. Жүректен жүрекке Сабақты қорытындылау: - «Оқу инемен құдық қазғандай» деп бекер айтылмаған Өйткені білім көп еңбектенуді, төзімділікті қажет етеді. Сендердің бойларыңда осы қасиеттердің болуын тілеймін. Оқушылар білімге құштарлықтарын Адырбек Сопыбаевтың өлеңі арқылы білдіреді. Қорытынды бөлім. Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру. Оқушылардың еңбегін мадақтау. | |
Просмотров: 1474 | Загрузок: 0 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|