Главная » Файлы » В помощь учителю » Самопознание |
2015-01-18, 1:48 PM | |
ШҚО, Көкпекті ауданы, «Көкжайық орта мектебі» КММ "Өзін - өзі тану" пән мұғалімі Орынбекова Макпал Кайратовна Баяндама Баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуында «Өзін – өзі тану» пәнінің функционалды тұрғыдан маңызы Ұрпақ өнегесі, олардың адамдық болмысы жайлы ой толғап, рухани-адамгершілік білім беруді басты идея етіп ұстанатын «Бөбек» қорының президенті С.Назарбаеваның «Өзін-өзі тану» авторлық бағдарламасының оқу-тәрбие үрдісіне енгізілуі жақсы бастама десек қателеспейміз. Бұл пәннің негізгі мақсаты – адамның қоршаған ортаны танып, өзінің ішкі жан дүниесіне үңіліп, өзін-өзі тану негізінде, адамгершілік – рухани әлеуетін көтеру, баланың өзіндік «Менін» қалыптастыру. Жеке тұлғаның психологиялық, рухани, дене, әлеуметтік және шығармашылық дамуының үйлесімділігіне қол жеткізуге мүмкіндік беретін рухани-адамгершілік білім беру жүйесінде өзін-өзі тану пәні арқылы жүзеге асады. Өзін-өзі танудың пәндік саласы әр оқушының ішкі жан-дүниесін, байытуы және өзіндік қайталанбас жеке даралығын пайымдауы арқылы табиғи қабілеттері мен жасампаздық әлеуетін ашуға бағытталған мақсатты білім беру үдерісін көздейді. «Өзін-өзі тану» пәнінің оқу-әдістемелік құралдары оқушылардың қоғамға және өз-өзіне қызмет етуіне бағытталып, олардың жасампаздық белсенділігін танытуға мүмкіндік беретін өмірлік маңызы бар, кең ауқымды біліктілік дағдыларды қалыптастыруға көмектеседі. Өзін – өзі тану адамның қоршаған ортаны дұрыс қабылдауынан, оларға деген қарым – қатынасынан басталады. Осы пән арқылы баланы мәдениеттілікке, сыпайылыққа, әдептілікке баулу – ата-анасының да, қоғамның да, мектептің де ең басты міндеті. Болашақ ұрпақтың бойына рухани адамгершілік қайнарын сіңіріп, мінез-құлқын тәрбиелеуге, жалпы адамзаттық құндылықтарды, адамгершілік принциптер мен мұраттарды ғұмыр бойы басшылыққа алатын тұлға қалыптастыруға негізделген. Жас ұрпақтың қабілеті мен мүмкіншілігін жан-жақты ашып, адамгершіліктің биігіне көтеретін, ізгілік пен сұлулықтың шын мағынасын түсінуге, шынайы мейірімділік пен ақиқатқа ұмтылуға, өз өмірін жоғары мәнмен өткізуге жетелейді. Міне, осындай үйлесімділік болған жағдайда бүгінгісін ғана емес, болашағын сәулелі күйде елестетіп, алға ұмтылатын, арманшыл, қиялы асқақ, рухы биік азамат тәрбиелеуге болады. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік сабағы – сол көздеген нысанаға жетелейтін шамшырақ іспетті пән. Бала – кең әлемдегі ең пәк, ең таза асыл жан. Оның ойының тазалығы, арының тазалығы оны қоршаған ортаға байланысты болмақ. Бала осы ортаны қалай қабылдап, танып білсе, оның алдынан кең әлемнің есігі де солай ашылмақ. Мектеп – білім ошағы, тәрбие ортасы, тағылым табалдырығы. Осы ұлағатты ұяда жоғары ізгілік мұраттардың ең құндысы руханилық – адамгершілік тәрбие берудің ошағы «Өзін-өзі тану» пәні десек өте орынды. Пәннің әр тарауы, әр тақырыбы болашақ ұрпақтың бойында рухани адамгершілік қайнарын сіңіріп, мінез-құлқын тәрбиелеуге, жалпы адамзаттық құндылықтарды, адамгершілік принциптері мен мұраттарды ғұмыр бойы басшылыққа алатын тұлға қалыптастыруға негізделген. Өзін – өзі танудың пәндік саласы әр оқушының ішкі жан дүниесін байытуға және өзіндік қайталанбас жеке даралығын пайымдауы арқылы табиғи қабілеттіліктері мен жасампаздық әлеуетін ашуға бағытталған мақсатты білім беру үрдісін ұйымдастыруды көздейді. «Өзін-өзі тану» сабақтарының өзіндік ерекшелігін байқататын «Шаттық шеңбері», «Армандайық», «Өзіммен-өзім», «Әңгімелесейік», «Сергіту сәті», «Сахналау», «Ойын-Жаттығу», «Шағармашылық жұмыс», «Жағдаяттар кезiнде ойлану», «Бейнематериалдар көру», «Ән шырқайық, достар!», Жүректен –жүрекке шеңбері», «Қорытындылау», «Үй тапсырмасы» балалардың дамытушы ортасын құруға ықпал етеді. «Жүректен-жүрекке» - сабақ соңында қолданылатын оқушылардың бір – бірімен пікір алмасуы, бір – біріне жақсы тілектер айтуы немесеән, өлеңдерді бірігіп орындау арқылы бүкіл сынып ұжымының көңіл күйін көтере отырып, өтілген сабақ мазмұнын қалай меңгергенін анықтайтын тәсіл. «Өзін-өзі тану» сабақтарында ұсынылып отырған ойындардың басым көпшілігі балаларды мейірімділікке, достыққа, сүйіспеншілікке, сыйластыққа, әдептілікке, мәдениеттілікке, сыпайылыққа, ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, адамгершілікке, адамды құрметтеуге, жанашырлыққа үйретуді көздейді, яғни сабақтардағы ойындардың өздері бала бойына жалпы адамзаттық құндылықтарды сіңіруді көздейді. Өзін – өзі тану пәні мемлекетіміздің болашағына, яғни қазіргі жас ұрпаққа жол сілтеуші міндетін атқаруы тиіс. Осындай күрделі де жауапты міндет жүктелген ұстаздар мен баланың арақатынасында ешқандай кедергі болмауы керек, олардың өзара түсіністігі, сыйластығы және бір – біріне деген құрметі көздеген мақсатқа жетудің сара жолы болмақ. Осы мақсаттарды жүзеге асыруда алға қойылған негізгі міндеттер: • оқушылардың бойына ізгі қасиеттерді дамыту, өмірге, қоршаған ортаға оң көзқарастарын қалыптастыру, өмірлік ұстанымдарын қалыптастыру және оны жүзеге асуын қамтамасыз ету; • балалардың қоғамдағы әлеуметтік-мәдени ортамен үйлесімді байланысын, ішкі жан дүниесіндегі мәдениеттілігін, өзіне және қоршаған ортаға жағымды қарым-қатынас жасау дағдыларын қалыптастыру; • оқушылардың Отан, адам, өмір, денсаулық, отбасы, табиғат, махаббат, достық, еңбек құндылықтарымен таныстырып, олар туралы түсініктерін кеңейту; • жеке тұлға ретінде әр оқушының жеке ой-пікірімен санасып, олардың көңіл күйін, ізгі сезімдерін, рухани адамгершілігін, қоршаған ортаға мейірімді қарым-қатынасын әр түрлі шығармашылық іс-әрекеттер арқылы өзін-өзі айқындауға басшылық жасау; • табиғат пен қоғам байлықтарына жанашырлықпен, жауапкершілікпен қарайтын белсенді тұлға тәрбиелеу; • оқушылардың азаматтық, патриоттық, мәдени қасиеттерін арттыруға күш салып, Отанын, отбасын, достарын, мектебін сүюге тәрбиелеу. «Өзін-өзі тану» пәнінің балаларға, ата-аналарға, ұстаздарға берер көмегі зор, бүкіл адамзатқа өзінің жылуын сыйлап, өмірге деген жақсы көзқарасын оятып, бір-біріне деген қарым – қатынастарын жақсартып, өмірдің дұрыс жолына бағыттайды. Сонымен қатар, адамның рухани жан дүниесін байытып, ішкі жан дүниесін ашауға көп көмегін тигізіп отыр. Балалар «Өзін-өзі тану» сабағында тек қана жақсы қатысып қоймай, бір-біріне деген сыйласьқтарын білдіріп, бір-біріне жақсы тілектерді сыйлай отырып, әр сабақта өткен тақырыптан білімдерін алып қоймай, сол білімдерін өмірде қолданып жатқандарын көрсетуге тырысады. Оны байқаған мен мұғалім ретінде өзімді үлкен жетістікке жеткендей сезінемін, осы пәнге деген қызығушылығым одан әрі арта береді. Әр баланың рухани өсіп жетілуіне, оның жанының жайлы болуына жағдай жасау қажет. Осы пән арқылы балалардың қарым-қатынасы нығая түсті, бір-біріне деген сенімділіктері артты, достықтары ұлғая түсті деп айтқым келеді. Бұл пән көбіне ойын түрінде өтетіндіктен, оған қызықпайтын оқушы жоқ, тіпті көп сөйлемейтін тұйық оқушының өзі ойынға қатысып, тапсырмаларды ынтамен, қызыға орындайды және жетістіктерге ұмтылыс пайда болады. Сонда байқауымша, бұл пәннің жәрдемі көп екен. | |
Просмотров: 3223 | Загрузок: 0 | Комментарии: 2 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|