Главная » Файлы » В помощь учителю » Самопознание |
[ Скачать с сервера (17.8 Kb) ] | 2015-04-06, 5:30 PM |
«Бір жұлдыз боп жанам мен,...» (Зейнулла Шүкіровтің шығармаларынан) Мақсаты: білімділік: ақынның өмірін, өлеңдерінің өзіндік табиғатын даралай, саралай отырып, өзгешелігіне көңіл бөлу. Дамытушылық: оқушының сөйлеу тілін дамыту, өз пікірі, этикалық талғамы бар сауатты оқушыны дайындау. Ауызша да, жазбаша да еркін, шешен, көркем сөйлеуге үйрету; Тәрбиелік: жерлес ақынымыздың шығармаларын жете білуге, ой қорытындылауға дағдыландыру. Түрі: Сайыс Көрнекілігі: Ақын портреті, бүктеме, шығармалары, кітаптары. Барысы: 1. Ұйымдастыру 1. Кіріспе. Мұғалім түсіндірмесі: Бір гүлін маған еккізбей, Жайқалып өсті мынау бақ. Қолымды соған жеткізбей, Қойды ғой науқас бұғаулап, - деп ақынның өзі айтқандай, аяулы азаматтың тағдыры. Ол екінші сыныпта оқып жүргенде жазатайым түйеден құлап, майып болып қалады, өз аяғымен жер басып, туған ел топырағы жылуын табанымен сезе алмас халге душар болады. Ол жар сүйген жоқ, ол перзент сүйген жоқ... Елу жастан аса бере қаза болады... Ол қазақтың Корчагині атанған құрыш қазақ тағдыры! Екі аяғын еркін басуға жарамай, сексеуілше сірессе де, жіпсіз байланып, үй күшік атанған жоқ: Ташкентті де тамашалады, Омбының дәмін татты, Көкшетау көркіне сүйсінді, Аягөзді аралады, аяулы Алматыны алуан рет аңсап келіп, ыстық көңілмен аймалады. Сыр бойындағы еңбеккерлердің сағына күтер мейманына айналды. Көппен кездесуді азаматтық парызым деп ұғынды. З. Шүкіров Бөгенде жатып – ақ елу томдық Үлкен Кеңес Энциклопедиясындағы медицина, әдебиет және тарих ғылымдарына қатысты материалдарды сүзіп оқыған. «Борышы көп жанмын кең дүниеге, соны ойласам, кетеді ішім жанып», - дейді азамат ақын. Зейнолла ақын туралы айта берсек, сөз жетпес. Енді сабағымыз сайыс болғандықтан, сайыскерлеріміз ақын туралы көп ізденіп, көп оқып келген болар деп ойлаймын. Сондықтан да сайыс бастамас бұрын сайыскерлерімізді үш топқа бөлемін және әр топтың топ басшыларын сайлап аламыз. 1 - топ «Лирик ақын»; 2 – топ «Аудармашы ақын»; 3 – топ «Біртуар талант» Сайыс үш кезеңнен тұрады. Әр кезең сайын топ басшылары «Бағалау кітапша» арқылы өз мүшелерінің жауаптарын әділ бағалап отырады. І кезең «Ақын туралы не білемін?» Әр топ өз аттарын қорғайды, өз аттарына байланысты «Топтастыру» стратегиясын құрады. Жауап берген топтың жауабын топ басшысы «Бағалау кітапшасы» арқылы бағалап отырады. ІІ кезең «Ақын еңбектерін қалай оқыдым?» 1 – топқа сұрақ: Ақын өмірінің соңына дейін қанша өлең жазды? ( 231) 2 – топқа сұрақ: Ол қандай ақынның өлеңдерін аударды? ( Ф. И. Тютчев) 3 – топқа сұрақ: Ақынның қанша поэмасы бар? ( Алау, Олимпиада, Клеопатра) Берілген жауаптарын топ басшылары «Бағалау кітапшасы» арқылы бағалап отырады. ІІІ кезең «Жатқа оқу – үлкен шеберлік» Тапсырма өз топтарының аттарына сәйкес беріледі. 1 – топқа Ақынның лирикалық өлеңдерінен жатқа айту; 2 – топқа Аудармаларын жатқа айту; 3 – топқа Поэмасын жатқа айту. Топ басшылары өз мүшелерінің қанша өлең және қалай көркем оқыды, соның бәрін ескеріп, «Бағалау кітапшасы» арқылы бағалап отырды. Сайыс соңында «Бағалау кітапшасындағы» көрсетілген бағалар есептеліп, топтардың қанша ұпай жинағаны шығарылып, қай топтың жеңімпаз екені анықталып, сайыскерлер мақтау қағаздармен марапатталды. Иә, дарынды ақын, жазушы, қаһарман қысқа өмірінің қымбат есебін халқына қалтқысыз, қапысыз тапсырып өтті. Ширек ғасырлық шығармашылық өмірінде ол аз жазған жоқ: лирика, повестер мен үш роман қалдырды. Қазақ әдебиеті тарихында Зейнолла Шүкіровтің тәлімгерлік рухы жасай бермек! Ол жұлдыз болып жанды да, Ол жұлдыз болып қалды да! – деп ақынымыз М. Әлімбаев айтқандай, ақынымыз мәңгі бақи халықтарының жүрегінде жұлдыз болып сақталады. | |
Просмотров: 892 | Загрузок: 12 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|