Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Самопознание

Әдептен озбайық
2015-04-06, 5:47 PM
Тақырыбы: Әдептен озбайық
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларды қарым қатынас мәдениетіне үйрету, олардың туралы түсініктерін кеңейту.
Сабақтың міндеттері:
- оқушылардың әдеп, әдеп сақтау туралы түсініктерін тереңдету
- оқушылардың эстетикалық қарым - қатынасын дамытуға ықпал ету
- оқушыларды ізетті, ілтипатты, сыпайы болуға тәрбиелеу
- Cәлeмeтciңдep мe, бaлaлap, Ceндepмeн кeздecyгe қyaныштымын. Бүгiнгi күн бiз үшiн қызықты дa, қyaнышты дa бoлaтынынa ceнeмiн.

Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. Тыныштық сәті.
Нұрға бөлену
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ - қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек - қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте - бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан - жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан - жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір - түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға болады.
Рахмет.

Шаттық шеңбері
Әрбір баланы өздеріне таныс үлкен достық шеңберіне тұрғызып, өздеріне сенім артып және өзгелердің де сеніміне ие болғанын сезіндіру мақсатында бүгінгі шаттық шеңберін әрқайсысының жеке басындағы қасиеттеріне тағы бір зер салып қарап, өз - өздеріне есеп беру мақсатында ұйымдастыру.

Әңгімелесу
«Әдеп», «Әдеп сақтау», «әдептілік» сөздері мен сөз тіркестерінің мағыналарын ашып, жан - жақты тиянақтап алғаннан соң ендігі кезекте бұл құндылықтың адам өміріндегі мәні мен қажеттілігін түсіндіру мақсатында оқулықтағы «Ойланайық, пікірлесейік» айдарымен берілген төмендегідей сұрақтар негізінде әңгімелесу жүргізіледі.
Әдеп, әдеп сақтау, әдептілік деген не?
Әдептілік адамның іс - әрекетінде қалай көрініс табады?
Адамның әдептілігін қалай білуге болады?
«Әдептілік - әдемілік» дегенді қалай түсінесіңдер?

Мәтінмен жұмыс
«Тістелген алма» Ел аузынан. Мәтінімен жұмыс
Топтық жұмыс жүргізіледі. Мәтінді бөліктерге бөліп, әр топқа сұрақтар дайындау. Оқушылар мәтіннің негізгі мазмұнын қысқаша мазмұндап береді.
Жігіттің қылығын қалай бағалайсыңдар?
Бақ иесінің жігітті ұнату себебі неде?
Жігіт пен бақ иесінің жігітті ұнату себебі неде?
Жігіт пен бақ иесі қызының қандай ортақ қасиеттері бар?

Ойын
Оқушылардың сыныпта құрбыларымен жағымды қарым - қатынас жасау дағдыларын дамыту мақсатында «Бір - бірімізді мадақтайық» атты ойынды ойнату. Бұл ойын барысында сыныптағы барлық балалар өзгелер тарапынан жақсы сөздер, мадақтаулар естуге мүмкіндік алады.
Дәйeкcөзбeн жұмыc oқyлықтaғы бepiлгeн дәйeкcөздi тaлayмeн caбaқты жaлғacтыpy.
Адамда жақсы қасиет болмаса,
Оған бақ та, бақыт та қонбайды.

Тапсырма
Оқулықта берілген бұл тапсырманың мақсаты оқушыларды логикалық ойлаудың негізгі әдістерін пайдалана отырып, оқушылардың ізденуін ұйымдастыру.
Нақыл сөзді оқып, негізгі ойын анықтап, бүгінгі өмірмен байланыстырып, қорытынды жасаңдар.
Ізгі мінез, түзу құлақ болғанда,
Пайда түгіл екі бірдей жалғанда.
Екінші – ұят, сосын шындық – үшінші,
Үшеуімен ел көгерер түсінші
Биязыны халық сүйіп, ұғады.
Ісі түзу кісі төрге шығады

Түйіндеме
Мұғалім сабақ бойы өткен материалдарды жинақтап, жүйелеп, тиянақтау мақсатында «Назар аударайық» айдарындағы ақпаратқа оқушылардың назарын аударып, талқалатады.

Дәптермен жұмыс
Сабақтағы меңгерген білім, біліктерін тиянақтап, қорытындылап, оқушылардың ойлаырын жинақтап мақсатында оқушы дәптеріне 10 сабақта берілген «Менің түйгенім» тапсырмасын орындату.

Үй тапсырмасы
Оқушылардың осы сабақтан түйген ойларын үйде пысықтауы үшін үй тапсырмасы беріледі.
«Әдептілік - әдемілік» тақырыбында эссе жазу.

Соңғы тыныштық сәтi.
Баяу музыка қосылады.
- Көзімізді жұмып, тыныштықта бүгінгі сабақты есімізге түсірейік. Бүгінгі сабақтан алған қасиеттерімізді жүрегімізге жеткізіп, сақтайық. Енді көздеріңді ашсаңдар да болады
Жүректен жүрекке
Мұғалім сабақты қорытындылап, оқушылармен бірге шеңберге тұрып, А. Асылбековтің «Мен әдепті боламын» өлеңін хормен айтады.
Категория: Самопознание | Добавил: Битимбаевна
Просмотров: 850 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Понедельник, 2024-12-23, 4:02 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru