Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Самопознание

Еңбек – бәрін жеңбек
2015-08-18, 8:59 AM
Мектеп: № 29 орта мектебі
Мерзім: 10.02.15ж; 13.02.15ж.
№ 22 сабақ.
Тақырып: «Еңбек – бәрін жеңбек»
Құндылық: Ақиқат
Қасиеттер: шындықты айту, басқалардан жақсылық іздеу, қарапайымдылық.
Мұғалiм: Жумекенова Шынар Шуреновна
Класс: 2 «Ә», «В»
Оқушылар саны: 31
Сабақ мақсаты: Еңбектің адам өміріндегі мәні туралы түсінік бере отырып , ақиқат құндылығының мәнін ашу.
Міндеттері:
- Басқалардан жақсылық іздеу ақиқат құндылығынан туындайтынын түсіндіру.
- Қарапайымдылық қасиеттерін, еңбек етуге қызығушылықтарын дамыту.
- Шындықты айтуға тәрбиелеу. Ресурстар:
оқулық,жұмыс дәптері,қалам- сап, қарындаш,
интерактивті тақта
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңi.
5Т. Жұмыс құралын түгендеу, күнделік, оқулық, жұмыс дәптері, қаламсап, қарындаш.
Тыныштық сәтi.(баяу әуен) «Теңізге саяхат»
Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз; денеңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.
Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама! Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз... бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем! Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.(Мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады).
Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.
Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.
• Қандай әсер алдыныз?
• Көз алдарыңа қандай бейнелер елестеді?
Үй тапсырмасын тексеру.
№ 22- сабақ «Жақсылардың жақсысы» Аңыз
 - Жабық бөлменің кілтін әкесі қызына қай кезде береді? Неліктен?
 - Неліктен әкесі ұршық, өрмек, кітапты «жақсылардың жақсысы» дейді?
 - Дүниедегінің бәрі еңбекпен табылады дегенді қалай түсінесің?
 * Кімнен жақсылықты іздеуге болады?
 * Қарапайымдылықты кімнен көре аламыз?
 * Шындықты айтқан кім деп ойлайсыңдар? Сабақ барысын талқылау:
Дәйек сөз.
«Бақыт кілті - еңбекте».
Халық мақалы
- Қалай түсінуге болады?
Мұғалімнің толықтыруы: Еңбек – адамның өзіне, өміріне және қоғамға пайда келтіретін іс-әрекет. Еңбек арқылы адам өз арманы мен мақсатына жетіп, қуанышқа, бақытқа бөленеді.
Қыздарға 2 рет, ұлдарға 2 рет айтқызу, барлығы бірге айтады.
Дәптермен жұмыс.
Оқушылар дәйексөзді дәптерлеріне жазып алады.
Сергіту сәті.
Қырға шықсаң, өрлеп,
(Қолдарын кезек-кезек жоғары көтереді)
Мұның аты –Еңбек. (Екі қолын жаяды)
Кесте тіксең зерлеп,
( Оң қолымен ине ұстап, тіккен қимылды көрсетеді)
Мұның аты – Еңбек (Екі қолын жаяды)
Сабағыңа жөндеп
(Жанындағы көршісіне қарап сол қолын жаяды)
Әзірлесең – Еңбек.
Қиындықтың бәрін (Құшағын ашады)
Еңбек қана жеңбек. (Екі қолын жаяды)
Әңгiмелеу. Мұғалім сыйы.
«Еңбекпен тапқан тиын»
Грузин ертегісі
Біреудің ерке ұлы болыпты. Өзі жалқау екен. Сөйтсе де әкесі оны бағып-қағып, киіндіріп жүріпті. Ақыры кәрілік жеңіп, сырқаты күшейген қарт әйеліне айтыпты:
- Өмір бойы жинаған мүлкімді түгелдей басқа біреуге беремін. Ұлыма ештеңе қалдырмаймын. Ол – жалқау.
Ұлын аяп, анасы он сомдық алтын береді:
- Кешке дейін бір жерде бола тұр,-дейді баласына.
- Қараңғы түскен соң үйге кел. Содан соң «Мынаны еңбегіме алған едім»,-деп әкеңе бер.Баласы шешесінің айтқанын орындайды. Алтынды шал жанып жатқан пешке лақтырып жіберіп:
- Бұл сенің еңбектеніп тапқан ақшаң емес,-депті.Ұлы жымиып күліпті де, түк айтпай шығып кетіпті. Қулықтан ештеңе шықпайтынын білген анасы:
- Біз әкеңді алдай алмайтын көрінеміз, балам. Одан да ақшаны жұмыс істеп тап,- деп ақыл айтыпты.Анасының тілін алып, бала бір апта жұмыс істейді. Тапқан тиынын әкесіне береді. Қария алтынды тағы да отқа лақтырып жіберіп:
- Жоқ, бұл да өз еңбегіңмен тапқан ақша емес,-депті.Бұған ұлы шыдай алмай , шоқтан жалаңаш қолымен ақшаны суырып алады да:
- Әке! Мен бұл ақшаны апта бойы шаршап-шалдығып жүріп таптым. Сіз оны отқа тастайсыз.Мұныңыз қалай?-деп айқай салыпты.Сонда әкесі тұрып:
- Бұл ақшаны, шынында да, өз еңбегіңмен тапқан екенсің, балам. Көзім жетті,- депті.
 Еңбектің саған берер пайдасы?
 Өз еңбегіңнің жемісін көргенде қандай күйге бөленесің?
 Жалқау мен еңбекқордың айырмашылығы неде және олар қандай жетістікке жетеді?
 Әңгіменің негізгі түйіні неде?
 Әкесі неліктен өмір бойы жинаған мүлкін басқа біреуге бермек- ші болды?
 Анасының баласына берген бағыты дұрыс болды ма?
 Әкесі баласының өтірік айтқанын қалай аңғарды?
 Баланың қай әрекетінен ақшаны еңбектеніп тапқандығын көре- міз?
 Анасы баласына қандай кеңес берді?
 « Бақыт кілті - еңбекте» екендігін қалай аңғарамыз?
Шығармашылық, топпен жұмыс.
Оқушылар екі топқа бөлініп жұмыс істейді. Бізде ойланып, еңбектеніп көрейік.
1- тапсырма: Еңбек туралы бір мақалды естеріңе түсіріп, мағынасын түсіндіріп беру.
2-тапсырма: Н.Жанаевтың «Еңбек сүйсең» өлеңінің бір шумағын (1-топ бір шумағын, 2-топ екінші шумағын) оқып, мағынасын түсіндіру.
«Еңбек сүйсең» Н. Жанаев
Салақ болсаң жасыңнан,
Шыбын кетпес қасыңнан.
Таза болсаң жасыңнан,
Сабын қалмас қасыңнан.
Жалқау болсаң жасыңнан,
Ұйқы қалмас қасыңнан.
Еңбек сүйсең табылар,
Бар жақсылық қасыңнан.
3-тапсырма:
«Еңбек түбі - береке» тақырыбына әңгіме құрап, жазу.Оқушылардың еңбегін тыңдау.
Топпен ән айту.
«Болайықшы осындай»
Сөзі мен әні: А.Меңжанова
Жақсы бала еңбекшіл,
Ер азамат болады.
Қиындықты жеңіп кіл,
Құшағы гүлге толады.
Қайырмасы:
Еңбекшіл осындай,
Болайықшы осындай.
Таза бала мұнтаздай,
Сүйсінеді қараған.
Ұқыпты деп бұл қандай,
Жақсы көрер бар адам.
Үйге тапсырма.
23- сабақ : В.Осеева «Жай ғана әжей» мазмұнын айту.
Сабақтың соңындағы тыныштық сәтi.
Тыныштық ... бар жерде, тыныштық ... бар әлемде.
Енді, көзімізді жұмып,осы сабақта айтылған ойлар мен ізгі істерді ой елегінен өткізіп көрейікші. Барлық айтылған жақсы ойларды жүрегіміздің түкпіріне апарып орналастырайық. Бүгінгі сабақта не үйренгенімізді іштеріңізден қайталаңыздар.
«Мен сабырлымын , ұстамдымын. Мен үйдеде, ауладада, мектепте де өзімді сабырлы ұстаймын, ешнәрсеге ренжімеймін.Маған сабырлы, ұстамды болған өте ұнайды» деп қайталаңыздар. Көздеріңізді ашула- рыңызға болады. Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар!
Категория: Самопознание | Добавил: shanar64
Просмотров: 1560 | Загрузок: 0 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Понедельник, 2024-12-23, 12:12 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru