Главная » Файлы » В помощь учителю » Самопознание |
2016-04-04, 1:40 PM | |
Өзiн-өзi тану сабағының жоспары Мектеп: №1ОЖББМ Күні:17.02.2016 жыл Тақырып:«Сабырлылық пен ұстамдылық» № 22 сабақ Құндылық: ішкі тыныштық Қасиеттер: байсалдылық; ызақорлық, шыдамдылық Мұғалiм:Губайдуллина А.Х Сынып: 5 Оқушылар саны: Сабақ мақсаты: Оқушыларға өмір ағымында кездесетін әр-қилы сәтке сабырлылық пен ұстамдылық танытудың маңыздылығын айта отырып, «Ішкі тыныштық» құндылығының мәнін ашу. Міндеттері: 1. Оқушыларға қашанда адам болмысына байсалдылықтың үйлесімді қасиет екенін ұғындыру; 2. Ішкі сезім – толғаныстары мен көңіл күйді басқарып, ызақорлыққа жол бермей өз – өздерін қадағалай білуге үйрету; 3.Әрқашан мақсаттарына жету үшін шыдамдылықты басшылыққа алуға тәрбиелеу. Ресурстар Әдістемелік құрал, оқулық, оқушы дәптері. Сабақ барысы: 1. Ұйымдастырукезеңi Тыныштық сәті «Тыныс алуға зейін қою» -Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз. Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз...,арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады... Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет) немесе 1.......2 - Рахмет. (Оқушыларды тыныштық сәтінен алған әсерлерімен бөлісуге шақыру) - Қандай күйде болдыңыздар? - Жаттығу қалай әсер етті? - Ішкі тыныштыққа келе алдыңыздар ма? 2. Үй тапсырмасын тексеру №22 сабақ 77-78 бет, «Жан жарасы жазылмайды»аңыз әңгімесін оқып келу. 1) Әкесі баласын ұстамдылыққа қалай үйретті? 2) Баласы әкесінің айтқанынан не түсінді? 3) «Ашуды ақылмен жеңу» дегенді қалай түсінесіңдер? 4)Әр нәрсенің байыбына барып, ақыл – ойға жүгіне отырып жасаған істеріңіз болды ма? 5) Сіздер үшін сабырлылық, ұстамдылық қасиеттері қандай рухани құндылық болып табылады? 3. Дәйексөз Бақытты өмір - ой тыныштығынан басталады. Марк Туллий Цицерон 1. Ойында тыныштық жоқ адам неге тап болады? 2. Қиын жағдайдан шығуға қандай күш көмектеседі? 3.Бақытты өмір неден тұрады екен ? 4.Адам бойында ішкі тыныштығын сақтау үшін мінезіндегі сабырлық қасиеті қалай әсер етеді? 4. Әңгiмелеу Тыныштық жайлы аңыз — Ұстаз, Тыныштықтың тамыры неде? – деп сұрайды оқушы. — Тыныштықтың тамыры — қауіпсіздікте. Егер адам өлім мен аурудан қорықпаса, оның жаны тыныш - деп жауап береді Данышпан. — Ұстаз, Тыныштықтың діңі неден тұрады? – деп саұрайды ақылды оқушы. — Тыныштық діңі — бұл дұрыс ой мен қажетсіз құмарлықтан тазартылған әлемнің әсем көрінісінен тұрады, - дейді Данышпан. — Ұстаз, ал Тыныштықтың бұтағы қайда таралады? – деп сұрайды сүйікті оқушысы. — Тыныштық бұтағы рухани жақын адамдарға таралады, - дейді Данышпан. – Тыныштықпен өмір сүрген адам ғана Тыныш бола алады. 1.Тыныштық»ағашы»неден тұрады екен ? 2.Адамды әуреге салып, тыныштығын алатын не екен? 3.Өзіннің ішкі тыныштығынды орнату үшін, қандай қасиеттерге жүгіну керек? 4)Өз жүрек үндеріңізді тыңдай білесіздер ме? Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. Сыныпты 3-топқа бөлу. 1.Жан тыныштығының формуласын құру. ЖАН ТЫНЫШТЫҒЫНЫҢ ФОРМУЛАСЫ ОҢ НИЕТ+ ЖАҚСЫ СӨЗ+ АДАЛ, ІЗГІ ІС = БАҚЫТТЫ ҒҰМЫР. БАҚЫТТЫ ҒҰМЫР-ЖАН ТЫНЫШТЫҒЫ 2-топ «Сабыр түбі-сары алтын» аңызды сахналау. 3-топ Өлеңді құрастыру. Өз өзіңді ұстай біл төзімді бол шыдамды бол сабырлы да ұстамды бола білу Қайырмасы Шыдамдымыз, төзімдіміз Жарасымды,тартымды, ұстамдымыз ---------------------------------------------- 5. Топпен ән айту. «Көңілді күн» әнінің әуенімен Сөзі: Мұғалім шығармашылығы және Шәкәрім өлеңінен үзінді Әні: Ұ.Жолдасов Өз - өзіңді ұстай біл, төзімді бол. Қызбалыққа салынбай шыдамды бол. Тәртіпті де, ұстамды бола білу. Сездіреді жүректің тыныштығын. Қайырмасы: Біз үйде де, далада сабырлымыз, Тәртіптіміз, шыдамдымыз. Аулада да, мектепте ұстамдымыз, Сыпайымыз әр қашан! Сабыр деген әр іске шыдамдылық, Өте сирек адамға бұл бір қылық. Қолы жетпей талай жан ізденеді, Осыдан кеп шығады адамшылық. Қайырмасы: 6. Үй тапсырмасы. Кітаппен жұмыс 23- сабақ. «Ұстаздың шәкірттерін сынауы» (аңыз әңгіме) 76-77 бет. 7. Соңғы тыныштық сәтi. (Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.) - Көзімізді жұмып, еркін жайғасайық! Енді бүгінгі өткен сабағымыздан нені түсіндік, қанадай жақсы нәрселерді үйрендік, өзімізге нені алдық, сол жөнінде ойланайық. Мен осынау әсемде көрікті әлемді сүйемін. Егер барлық жасаған әрекетіміз дұрыс болса, біздің жан дүниемізде жан тыныштығы орнайды. Тыныштық, ол - жүрегіңді тыңдау. Осының барлығын жүрегімізге салып, көкейімізге түйіп алайық. Жайлап көздеріңізді ашуға болады. | |
Просмотров: 1894 | Загрузок: 0 | Комментарии: 2 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|