Главная » Файлы » В помощь учителю » Математика |
[ Скачать с сервера (391.5 Kb) ] | 2010-02-12, 8:13 AM |
8 сыныптағы сабақ жоспары + презентация. Сабақтың тақырыбы: Квадраттық функция Четтыкбаева Роза Абдрахмановна , математика пәні мұғалімі. Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушылардың квадраттық функцияның дербес түрлерін қайталау және белгілі графиктердің көмегімен квадраттық фунцияның графиктерін салудағы білімдерін бекіту және өз беттерімен ізденуге, қорытындылай білуге үйрету. Дамытушылық: оқушыларды ойлауға, шешім қабылдауға үйретіп, пәнге қызығушылығын арттыру. Тәрбиелік: оқушыларды өз өмірі мен әрекетіне жаупкершілікпен қарауға және қойған мақсатына жетуге тәрбиелеу. Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, компьютер, проектор, MS Power Point бағдарламасының көмегімен осы сабаққа арнайы дайындалған слайдтар (презентация). Сабақтың барысы: I. Үйымдастыру кезені. Сабақтың мақсатымен оқушыларды таныстыру. II. Теориялық материалды қайталау.Презентация.( 3-15слайдтар) 1.Қандай фукцияны квадраттық функция деп атайды? 2.Берілген функциялардың қайсысы квадраттық функция болады? 1) у=5х2-6 4) у=4х2 2) у=7х-1 5) у=x3+x+1 3) у=-3х2+х+7 6) у=-9х2+4х 3. y=ax2 y= ax2+n y= a(x-m)2 функциялардағы а коэффициенті нені білдіреді? 4. y= ax2+n функциясының графигін қалай салуға болады ? 5. y= a(x-m)2 функциясының графигін қалай салуға болады? 6. y= a(x-m)2+n функциясының графигін қалай салуға болады ? III. Ауызша есептер шығару( 16-19 слайдтар) 1. Сурет бойынша формуламен берілген функция мен графиктің сәйкестігін табу. 2. Квадраттық функция келесі формуламен берілген. Парабола төбесін анықтаңдар. y = x2 -6 y = (x-5)2 y = (x-7)2 +4 y = (x+3)2 -1 3. y= 0,5(x-1)2+4 функциясының графигін y=0,5x2 функциясының графигінен қалай алуға болады? IV. Үйге берілген шығармашылық тапсырманы тексеру( Geonext және MS Power Point программаларын қолданып, өздері слайдтар дайындаған 2 оқушы тақтаға шығып түсіндіреді) ( 20-24 слайдтар). V. Практикалық жұмыс.( 25 слайд ) Екі оқушы тақтада орындайды. | |
Просмотров: 10511 | Загрузок: 1732 | Комментарии: 2 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|