Главная » Файлы » В помощь учителю » Математика |
[ Скачать с сервера (31.7 Kb) ] | 2011-11-15, 5:46 PM |
Сабақтың тақырыбы: ОНДЫҚ БӨЛШЕКТЕРГЕ АМАЛ ҚОЛДАНУ. Сабақтың мақсаты: 1. Ондық бөлшектердің ережелерін есептеулерде пайдалана білу, өткен тақырыптарды оқушы санасына қалыптастыру. 2. Өздігінен ізденуге, еңбектенуге, алған білімдерін өзіндік ізденіс арқылы ойлау қабілетін дамыту, есептеуде пайдалана білуге дағдыландыру. 3. Дәлдікке, ұқыптылыққа, туған жерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Сабақтың типі: қайталау, пысықтау сабағы. Сабақтың түрі: Семей сынақ полигон аймағына экологиялық саяхат. Пәнаралық байланыс: география, тарих, экология. Сабақтың көрнекілігі: «Атом» көлі мен Шаған өзенінің Ертіске құятын саласының картасы, интерактивті тақта. Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. 2. Үй тапсырмасын тексеру. Интерактивтік тақтадан «Орнын толтыр» тапсырмасын орындау. Көп нүктенің орнына ережені жасғастыру. Мысалы: 1) Ондық бөлшекті 0,1; 0,01; 0,001... разряд бірліктеріне көбейту үшін..... 2) Ондық бөлшекті натурал санға көбейту үшін....... т.с.с. тапсырмалар. 3. Өтілген тақырыпты бекіту. a) Мұғалім: Биыл біздің еліміз қандай айтулы атап өтеді? Жауап: Еліміздің тәуелсіздігіне 20 жыл. «Семей сынақ полигонының» жабылғанына 20 жыл. Мұғалім: Біз бүгін Семей сынақ полигонның аймағына саяхат жасаймыз. ССП елге, туған жерімізге тигізген зардабын бүгін есептер шығаруда ережелерді қолдана отырып есептеп танысамыз. 1 тапсырма. (интерактивті тақта) Берілген есептердің жауаптарының қосындысы СПП 40 жылда қанша ядролық сынақ жасалғанын көрсетеді. Мұғалім: 40 жыл бойы ССП 456 ядролық жарылыс болғанын есептеп таптық. Енді екінші тапсырмаға көшейік. 2 тапсырма. (интерактивті тақта) Есептердің шешімдерінің қосындысын тапсаңыздар ССП қанша мың шаршы км жер уланғаны шығады. Жауабы: 304 мың шаршы км 3 тапсырма. (интерактивті тақта) Мына есептердің жауабына сай келетін әріптерді ретімен қою арқылы қандай сөз шығатынын табайық. (№1238 есеп) Т (0,4); М (2); О (2,5); А (3,37) Мұғалім: Шыққан сөз көлдің аты. Ядролық жарылыстарының салдарынан пайда болған көл «Атом» көлі. 4 тапсырма. (интерактивті тақта) Есептердің жауабына сай әріптерді қойғанда, ақын, қоғам қайраткері, «Семей – Невада» қозғалысының басшысының аты шығады. (№1240 есеп) Ж (1,799); С (0,09); Л (1,17); А (14,5); О (5,8); Мұғалім: «Семей Невада» қозғалысын ұйымдастырушы, ақын Олжас Сүлейменов. Сабақты қорытындылау, бағалау: Мұғалім: Бүгін біз өз білімімізбен Семей сынақ полигоны туралы біраз тарих беттеріне шолу жасадық. Сабағымызды Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Полигонның жабылуы – оның бүкіл тажалды инфрақұрылымын жай ғана құрту және сынаққа тыйым салу емес, бұл – ластанған жерлерді, топырақ пен айналадағы ортаны жөнге келтіру, биологиялық әлеуетті қалпына келтіру, науқастарға атомдық ажал жанында жарты ғасыр тұрып, психологиялық жағынан морт сынған адамдарға көмек жөніндегі ұзақ жылдарға созылатын жұмыс. Бұл – ұзақ та қиын процесс. Жер жарақаты күні ертең жайраң қағып шыға келмейді, жарылып жатқан атом бомбасымен көрші тұрудан болған психологиялық есеңгіреу күні ертең келмеске кете қоймайды, ал халық жады ешқашан өшпейді. Біз өз бойымыздан ядролық құбыжықтан құтылып, мың шерлі Отанымыздан «Ібілісті» аластайтын күш те, қайрат та таба алдық» деген салиқалы пікірімен қорытындылаймын. | |
Просмотров: 2917 | Загрузок: 278 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|