Главная » Файлы » В помощь учителю » Математика |
[ Скачать с сервера (86.1 Kb) ] | 2011-12-25, 1:18 PM |
Преподаватель математики первой категории колледжа АО «Финансовая академия» Алгалиева Гульнар Жумагалиевна Сабақтың тақырыбы: «Шектер теориясына есептер шығару» Сабақтың мақсаты: Білімділік. Функцияның шектерін табуға есептер шығарту, есеп шығарғанда тіисті формулаларды пайдалана білуге үйрету. Тарау бойынша теорияда алған білімдерін практикалық жаттығуларда қолдана білуге бейімдеу. Дамытушылық. Шектерді есептеуге қызығушылығын арттыра отырып тарау бойынша оқушылардың білік дағдыларын дамыту. Оқушылардың ой-өрісін дамыту, өз білімін көрсете алу қасиетттерін ашуға үйрету. Тәрбиелік. Алған білімдеріне жауапкершілікпен қарауға, негізгі мақсатқа табандылықпен жетуге, өз мүмкіндігіне сүйенуге және үлкен жетістікке жетуге ұмтылуға үйрету. Сабақтың түрі: Біліктілік пен дағдыны игеру және қалыптастыру сабағы. Сабақтың әдісі: Деңгейлеп оқыту. Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, компьютерлер, «Шек» бөлімі бойынша практикалық жұмыстарға арналган әдістемелік нұсқау, таратпа материалдар, бағалау үрдісін жеңілдетуге арналған ұпай фишкалар. Пән аралық байланыс: әдебиет, информатика. Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі (3 минут): Оқушылармен амандасу. Оқушыларды түгендеу. Сабаққа даярлығын тексеру. Жаңа сабақтың тақырыбымен таныстыру. Сабақтың мақсатымен таныстыру. 2. Негізгі бөлім (2 минут): Сабағымыздың негізгі бөлімі сабақтың әдісіне байланысты, яғни деңейлеп оқыту технологиясына байланысты төрт деңгейге бөлінген. 1-деңгей: «Міндетті оқушылық» - деңгей бойынша берілген тапсырмаларға топтың барлық оқушылары мүлтіксіз жауап беруі тиіс. 2-деңгей: «Алгоритмдік» - деңгей бойынша берілген тапсырмаларға топтың оқушыларының 80 пайызы жауап беруі тиіс. 3-деңгей:«Эвристикалық» - деңгей бойынша берілген тапсырмаларға топтың оқушыларының 50 пайызы жауап беруі тиіс. 4-деңгей: «Шығармашылық» - деңгей бойынша берілген тапсырмаларға топтың оқушыларының 30 пайызы жауап беруі тиіс 1-саты: «Міндетті оқушылық» - бұл саты бойынша ауызша сұрақтарға жауап беру. (1-сатыда интерактивті тақта арқылы сұрақтар қойылады да, әр дұрыс жауап берген оқушыға 10 ұпай фишкасы беріледі). (8 минут). «Міндетті оқушылық» саты бойынша ауызша сұрақтар: 1. Функцияның нүктеге ұмтылғандағы шегі дегеніміз не? 2. Функцияның шексіздікке ұмтылғандағы шегі дегеніміз не? 3. Шексіз аз шама дегеніміз не? 4. Шексіз үлкен шама дегеніміз не? 5. Бірінші тамаша шектің формуласын жаз? 6. Екінші тамаша шектің формуласын жаз? 2-саты: «Алгоритмдік» - бұл саты бойынша тест сұрақтарына жауап береді. (2-сатыда әр оқушының алдындағы дербес компьютер арқылы сұрақтар беріледі, әр дұрыс жауап берген оқушыға 10 ұпай фишкасы беріледі) (7 минут). «Алгоритмдік» саты бойынша тест сұрақтары: 1– нұсқа: Есепте: 1. А) 0; Ә) 2; Б) -2; В) 4; Г) 1. 2. А) 11; Ә) -22; Б) 22; В) 121; Г) -11. 3. А) 5; Ә) 2; Б) -3; В) 0; Г) 1. 4. А) 7/3; Ә) 2/7; Б) 3/7; В) 0; Г) 1. 5. А) 7; Ә) -8; Б)0 ; В) -9; Г) 9. 2– нұсқа: Есепте: 1. А) 11; Ә) -22; Б) 22; В) 121; Г) -11. 2. А) 11; Ә) -22; Б) 22; В) 121; Г) -11. 3. А) 1; Ә) -5; Б) 0; В) 5; Г) -1. 4. А) ; Ә) ; Б) 0; В) ; Г) -1. 5. А) 14; Ә) -24; Б) 24; В) 124; Г) -14. 3-саты: «Эвристикалық» - бұл саты бойынша тақтада есептер шығарады. (3- сатыда оқушылар интерактивті тақтада берілген есептерді дұрыс шығару арқылы «Тәуелсіздік – еліміздің жарқын болашағының дәлелі» атты сөйлемді табу керек. Әр дұрыс жауап берген оқушыға 50 ұпай фишкасы беріледі) (15 минут). «Тәуелсіздік»- «еліміздің» - «жарқын» - «болашағының» - «дәлелі» - 4-саты: «Шығармашылық» - бұл саты бойынша қосымша әдебиеттен күрделілігі жоғары есептерді шығарады. (4- сатыда қабілеті жоғары оқушылар интерактивті тақтада күрделілігі жоғары есептерді шығарады. Әр дұрыс жауап берген оқушыға 100 ұпай фишкасы беріледі) (15 минут). 3. Қорытынды бөлім (5 минут): Сабақты қорытындылау. Үйге тапсырма беру. 4. Пайдаланылған әдебиеттер: 1. Н.Ш.Кремер «Высшая математика для экономистов» Москва, ЮНИТИ 2000. 2. Г.И.Яковлев «Математика для техникумов». Москва, «Наука» 198С9. 3. Н.Ш.Кремер «Высшая математика для экономистов» Практикум. Москва, ЮНИТИ 2000. 4. И.И.Валуцэ «Математика для техникумов» Москва «Наука» 1982. | |
Просмотров: 3431 | Загрузок: 580 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|