Главная » Файлы » В помощь учителю » Математика |
[ Скачать с сервера (195.5 Kb) ] | 2012-01-31, 12:53 PM |
Байғожина Сандуғаш Мухаметжарқызы Семей қаласы, №8 мектеп- кешені Сабақтың тақырыбы: Оң сандар және теріс сандар. Сабақтың мақсаттары: Білімділік: Оқушылар мағыналары қарама-қарсы шамалардың тура мағынасы оң санмен, ал оған қарама-қарсы мағынасы теріс санмен жазылатынын, нөл саны оң санға да ,теріс санға да жатпайтындығы туралы ұғым қалыптастыру. Дамытушылық: Оқушылардың шамалардың сан мәндерінің оң санмен және теріс санмен жаза білуін, ой өрісін кеңейту, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Тәрбиелік:Оқушыларды ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, дәлдікке, табиғатты аялауға тәрбиелеу Сабақтың типі: кіріктірілген сабақ Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгеру Пәнаралық байланыс: математика, география, физика Сабақтың көрнекілігі: Интерактивтік тақта, кесте. Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі II. Үй тапсырмасын тексеру: ауызша сұрақ-жауап арқылы Алтай тауының биіктігі- -4442 м. Шахтаның тереңдігі – 70м. Сатушы +15000тг. пайда тапты. Сатушы - 500тг. зиян шекті. III. Жаңа сабақ. «Ой қозғау » Сүрақ: Қандай сандарды білеміз? Оларды қайда қолданады? - Нәрселерді санауға пайдаланатын сандар (натурал сандар-1,2,3,4...) - Шамаларды есептегенде, өлшегенде, натурал сандармен қатар жай бөлшектер: 1 м, 2 кг және ондық бөлшектер 5,4м2, 8,3 т.т.с) сандар қолданылады. - Балалар, кейбір шамалардың тура мағынасы, тура бағыты болуымен қатар, қарама-қарсы мағынасы, қарама-қарсы бағыты болады. Мысалы: ауылдан шыққан адам одан 3км жерде тұр делік. Жолды сан сәулесіне ретінде, ауылды санақ басы ретінде қарастырайық. Сонда жолаушы тұрған жерін көрсететін К нүктесі санақ басынан 3 бірлік қашықтықта жатады, яғни 3 санымен белгіленеді. 3 0 оң ауыл К Енді осы ауылдан тағы бір жолаушы шығып, алдыңғы жолаушыға қарама-қарсы бағытта 3км жүрді. Оның жолы алдыңғы сәулеге қарама-қарсы бағыттағы сәулемен кескінделеді. теріс 0 3 оң М ауыл К М нүктесі де 3 бірлік қашықтықта белгіленеді. Бірақ 3 саны К нүктесіне сәйкестелгендіктен, М нүктесіне 3 тен басқа сан сәйкестелуі керек. Сонымен оң бағыттағы 3 санына қарама-қарсы теріс бағыттағы жаңа сан енгізу қажеттігі туады. Ол сан теріс сан болады. Теріс сан алдына „―” минус таңбасы қойылады. Яғни (-3) ден белгілейміз. Сонымен шамалардың тура мағынасының сан мәнінің алдына „+” таңбасы қойылады, шамалардың қарама-қарсы мағынасының сан мәніне „―” минус таңбасы қойылады. Балалар, оң және теріс сандарын тек математика пәні ғана емес, сонымен қатар, география,физика пәндерінде де қолданады екен. Ол туралы сендерге география пәнінің мұғалімі айтып берсін. География пәнінің мұғалімі: Ауа райын анықтау кезінде, кез келген тау, үстірт, қырат, қазаншұңқыр, ойпат, теңіз түбінің тереңдігін өлшеу кездерінде осы оң және теріс сандарды пайдаланамыз. Мына мысалдарды қарастырайық: 1-мысал Іле Алатауындағы Талғар шыңы теңіз деңгейінен 4973 м биіктікте жатыр, ал Қара теңіздің ең терең жері теңіз деңгейінен 2210 м төмен. Мұндағы теңіз деңгейінен жоғары биіктік «+» таңбасы қойылып жазылады, теңіз деңгейінен төменгі биіктік «-» таңбалы сандармен жазылады. Демек,Талғар шыңының биіктігі +4973 м .Мұндағы +4973- оң сан. Қара теңіздің ең терең жеріндегі түбінің тереңдігі -2210 м Мұндағы -2210 - теріс сан. 2- мысал Таңертең термометр ауа температурасының С суықтығын көрсетті. Түсте термометр ауа температурасының С жылылығын көрсетті. Термометрдің көрсетуі С төмендегенде суық болатынын ( C-та су мұзға айналады), C-тан жоғарылағанда жылы болатынын білеміз. Онда таңертеңгі ауа температурасы - С, түстегі ауа температурасы + С деп жазылады. -Міне, балалар, өздерің көргендей оң және теріс сандарды өмірде қолданып жүр екенбіз. Оң санның алдына кейде + таңбасын қою міндетті емес. Мысалы: 2,7; 4; 3 ; 8 – оң сандар. -8,9; -15; -6 ; -11 – теріс сандар. Егер берілген өрнекте оң сан бірінші орында тұрса немесе өрнекте бір ғана сан (мүше) болып және ол оң сан болса, оның алдына « +» таңбасы қойылмайды. Мысалы: 1) +3а – 7,5 + 8b өрнегі 3а – 7,5 + 8b түлінде жазылады. 2) +45а ; + 0,7 өрнектері 45а ; 0,7 түрінде жазылады. Өрнектерде теріс санның тікелей алдында қосу, көбейту, бөлу, азайту таңбалары тұрса, онда теріс сан жақшаға алынып жазылады. 0 (нөл) саны оң санға да, теріс санға да жатпайды. 0 саны шамалардың сан мәндерін айқындауда санақ басы ретінде алынады. Енді интерактивті тақтаға қарайық. Кейбір шамалардың сан мәндерінің оң санмен немесе теріс санмен жазылуын қарайық. III Бекіту. Есептер шығарту №264, 265. № 266. „Үндемес”ойынын ойнатып, тақтадағы кестені толтырту. Дұрыс болса оң қолдарын, қате болса сол қолдарын көтереді. Қатесін әр оқушы түзетеді. Шаруашылықтың пайдасы 450000 теңге болды -60000 Фермер 60000 тг болды Аулада С суық + С 25 тамызда 310С болды Ойпат теңіз дегейінен 14 м төмен орналасқан +40 см Көктемде еріген қар суымен өзен деңгейі 40 см-ге Енді балалар, мына картаға қарайық. Казақстан қалаларындағы 15 наурыздағы ауа температурасының жылы, суығын ажыратып оқып беріңдер. Сергіту сәті. Енді балалар тақтада (тура) шамалар өзгерістерінің тура мағынасы берілген және оған қарама-қарсы мағынасын тауып жазыңдар. Тура мағынасы Қарама-қарсы мағынасы жылылық (+5°C) ұзару (+40 см) жоғары (+2340м) пайда (+3000тг) Есептер шығарту №267-269 есептер. №267 марка-пайда +20тг. ойын билеті-пайда +30тг. бояу-зиян -20тг. IV. Қорытынды. Тақтадағы оң санмен және теріс сандармен өрнектелетін шамаларды толтыру. Бағалау Үйге тапсырма №271, 273, 274. | |
Просмотров: 7069 | Загрузок: 460 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|