Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Математика

"Озык ойлы тапқырлар сайысы"
[ Скачать с сервера (215.5 Kb) ] 2012-03-04, 8:41 PM
«Озық ойлы тапқырлар сайысы» математикадан сабақтан тыс жұмыс

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушылардың интеллектуальдық қабілетін дамытуда, математикалық білімдерін қолдана білуге үйрету.
Дамытушылық: Ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын, шапшаң ойлау, тез шешім қабылдау, өз бетімен іздену , топпен , ұжыммен жұмыс түрлерін ұйымдастыру қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, нақты пәнге қызығушылыққа, жауапкершілікке, өзін-өзі басқаруға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Безендірілген зал, cлаидтар, карточкалық тапсырмалар, логикалық есептер, әр топқа даярланған үстел.
Түрі: сайыс
Жоспары:
Жүргізушінің сөзі
I. Таныстыру, амандасу
II. Үй тапсырмасы
(«Математиканың өмірдегі орны» видео ролик)
III. «Білекті бірді жығар , білімді мыңды жығар» сайысы
IV. .Тапқырлық сайысы (логикалық есептер)
V. . Мода көрсету (математикалық мода)
VI . Көрермендер сайысы ( «иә» не «жоқ»)
VII. Құпия жәшік
( құпия жәшік ішінде математикаға байланысты зат жасырынған)
VIII. «Қас қағым сәт» сайысы

Қолданылған нақыл сөздер:
1. Арифметика математиканың, ал математика ғылымдардың патшасы.
(К.Гаусс)
2. Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін математика.
(М.В.Ломоносов)
3. Математика – барлық ғылымдардың тұңғышы және оларға пайдалы да, қажет те. (Р.Бэкон)

1-жүргізуші: Қайырлы күн қадірменді көрермендер! Қош келдіңіздер, қадірлі ұстаздар, әділқазылар және оқушылар!
«Озық ойлы тапқырлар!» сайысын бастауға рұқсат етіңіздер!
Ортаға математика пәні мұғалімі- Марзия Молдабаевнаны шақырамыз.
1-жүргізуші: Қымбатты білім сүйгіш жас достар!
Орыс ғалымы М.Ломоносов :
« Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін –математика, сондықтан да оны
оқу керек, »- деген. Олай болса, бүгін сіздер қызықты,
математиканың жұмбақты да, тартымды әлемімен танысасыздар.
Сіздер бұл әлемнің қаншалықты қызықты, әрі сан түрлі
екендігіне көз жеткізесіздер.
2-жүргізуші: Сайыста сіздерге әр түрлі қызықты сұрақтар мен тапсырмалар
ұсынылады. Сайыста жеңу үшін сіздер белсенділік танытып,
берілген сұрақтарға өзгелерден тезірек ойланып, жауап берулеріңіз
керек және тапсырмаларды дұрыс орындау қажет.
Сіздерге сәттілік тілейміз!
1-жүргізуші: Білім қуған оқушылар!
Нақты ғылымдарға қызығушылар.
Естігенін есте тұтып,
Оқығанын миға тоқушылар.

2- жүргізуші: Қадірлі ұстаздар!
Айтар ойын тұспалдар.
Сіз оқытқан окушылардың,
Сәті келді сыналар.

1-жүргізуші: Есепті түрлі-түрлі шығарамыз,
Арасында ойын ойнап жарысамыз.
Ойға оралымды, қиын сұрақ бәрі де бар.
Әзіл есепті де жүзеге асырамыз..

2- жүргізуші: Шын жүйрік шабысынан табылады.
Нақты білім, терең ой сыналады.
Баға берер әділқазы ортамызда
Сіздерге құрметпен қол соғылады.
Шындықты жарып айтып, қара қылды қақ жаратын әділ-қазылар алқасымен таныс болыңыздар.

1-жүргізуші:
Біреуінің жүрегінің түгі бар,
Біреуінің арқалап жүрген , қоғамдық жүгі бар,
Ал енді біреуінің қатты істейтін миы бар ойыншыларымызды ортаға шақырамыз. Қарсы алыңыздар!

1-жүргізуші: Математика сырлары,
Қызықтырды біздерді.
Ойынға бірге қатысуға,
Шақырамыз сіздерді!- дей отырып , таныстыру сайысына
бірінші кезекте «Пи » тобын шақырамыз.
Ұраны: Білікті бірді жығар.
Білімді мыңды жығар.
Сәлемдесуі: Біз дайынбыз бұл сайысқа достарым,
Көрсетеміз бізде қандай күш барын.
Алға қойған мақсатымыз бір екен.
Сәтті болсын сапарымыз әрдайым.

2-жүргізуші:
Санаңды сенің толтырар,
Есептану пәні бар.
Сабағынды егер оқысаң,
Өмірде саған жол болар.
I.
Таныстыру сайысына « Достар» тобын шақырамыз:
Ұраны: Жарыс десе жанамыз,
Бүгінгі күн жарыста алғырлықпен аламыз.
Сәлемдесуі: Қиындықтан сірә да біз қашпаймыз,
Алғырлық пен тапқырлықты ұштаймыз.
Қияларға самғап ұшқан құстаймыз,
Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз.
1-жүргізуші:
Қадірін білсең егер сен,
Қол ұшын берер ол саған.
Есептеп жүрсең бәрін де
Сүріңбейсің өмірде.
Таныстыру сайысына «Логика» тобын шақырамыз!

Ұраны: Қандай сынақ болса дағы беріспе,
Әрқашанда үміткерміз жеңіске.
Сәлемдесуі: Армандарға қол созумен келеміз,
Өмір теңіз жүзіп келеді кемеміз.
Білімменен қаруланған тобымыз,
Қарсыласты қалай да біз жеңеміз.
II.
Үй тапсырмасы (математикалық көрініс, видео ролик)
Әділқазы алқасынан І - ІІ -сайыстың қорытындысын сұраймыз.
III.
2 жүргізуші: «Ел болашағы -жастардың қолында» Олай болса осындай ел болашағын ойлайтын «Озық ойлы тапқырларымызды»
«Білекті бірді жығар , білімді мыңды жығар» сайысына шақырамыз.
Топ мүшелері слаидтағы ұяшықтарды таңдап, ондағы 3 сұраққа жауап беруі керек.
Бір таңдалған ұяшық екінші таңдалмайды.
IV.
2 жүргізуші: Математиканы білген адам өмірдің барлық заңдылықтарын
дұрыс түсініп, шеше алатын болады .
Тапқырлық сайысы (әр топқа логикалық есептер беріледі).
Ойыншыларымыздың ойлануларына уақыт беру үшін келесі бөлімге көшейік.
V.
1 жүргізуші: Математиканың өмірде кең қолданылатынын дәлелдеу үшін сайысқа қатысушыларымыз математикалық мода көрсетеді.
Бірінші кезекте «Пи» тобының сән үлгісін тамашалайсыздар.
Келесі «Достар» және «Логика» топтары дайын болсын
Математикалық мода көрсету

Әділқазы алқасынан III – IV бөлім сайыстың қорытындысын сұраймыз.
1 жүргізуші:
Төрт пен үшті қосуға
Үшбұрышты сызуға
Үйретеді, үйретеді математика!
2 жүргізуші:
Туындыны анықтап
Интегралды табуға
Үйретеді, үйретеді математика!
1 жүргізуші:
Теореманы дәлелдеп
Аксиоманы айтуға
Үйретеді математика!
VI.
2 жүргізуші: Енді көрермендерге сұрақтар беріледі бұл
сұрақтарға залдағы көрермендер «иә» не «жоқ» жауап беруі керек.
Әділқазы алқасынан V –VI бөлім сайыстың қорытындысын сұраймыз.
VII.
Құпия жәшік
VIII. «Қас қағым сәт» сайысы (әр командаға 1 минутта есте сақтау үшін фигуралар көрсетіледі)
1-жүргізуші: Санаңды сенің толтырар,
Математика пәні бар.
Сабағынды егер оқысаң,
Өмірде саған жол болар.
2-жүргізуші: Сайысымыздың соңғы сәті таяп қалды.
Ал, қазір әділ қазылар алқасы сөз алады.

Қорытындылау, жеңімпаздарды марапаттау.
Логикалық есептер
• Бір топ қаз ұшып келіп қонады, сол жерде бір қаздың бастаушысы Ассалаумағалейкум жалғыз қаз дейді. Сонда жалғыз қаз: салаумалейкум, сіздер нешеусіздер?-дейді. Бастаушы қаз: біз бір топ, тағы бір топ, оған жарты топты, жартысының жартысын қоссақ, оған өзіңді қоссақ, 100 боламыз. Өзің есептеп шығар депті. Қаз нешеу?

• Бір меймандос адамның үйіне достары келіпті. Оларға шай беріпті. Шайдан кейін қазанға ет салынады. Тамақ пісіп, табақ тартыларда үй иесі меймандарды көзбен шолып шықты да, ойланып қалды. Ошақ басында жүрген жұбайына келіп: екеу ара бір табақ тартсақ, бір табақ жетпей қалады. Үшеу ара бір табақ тартсақ, бір табақ артылып қалады енді не істесек екен?- дейді. Бұл үйдің меймандары қанша? Табақ саны қанша?

ЕРТЕГI ЕСЕП
Қаздың түлкіге айтқан есебі. Аң біткеннің патшасы арыстан ағзам ауырып апанында жатқанда мүләйімсіп түлкі келіп тамырын ұстайды.
— Тақсыр, ауруыңыз астан екен, тамақты талғап ішіңіз.
Көжек пен кұс балапанының жұмсақ еті мың да бір дауа, — деп бұлаңдайды.
Арыстанның көжек пен құс балапаның маған жеткіз деген бұйрығын орындауға келген түлкіге қаздиған қалпын бұзбаған қаз былай дейді.
— Арыстанға азық етіп беретің артық төліміз жоқ. Егер оған барып шағынып, жағынам десең:
Түлкісің аярлыққа бермейтін дес. Көрейік қанша сенде ақыл мен ес. Балапан, көмек санын өзің тапқын,
Аяқтары тоқсан төрт, басы отыз бес —
дейді де, үңгірге еніп, есігін таспен бекітіп алады. Түлкі қаз осылай есеп айтып еді, мен шеше алмадым деп арыстан алдына баруға дәті шыдамалы

Логикалық есептер
• Бір топ қаз ұшып келіп қонады, сол жерде бір қаздың бастаушысы Ассалаумағалейкум жалғыз қаз дейді. Сонда жалғыз қаз: салаумалейкум, сіздер нешеусіздер?-дейді. Бастаушы қаз: біз бір топ, тағы бір топ, оған жарты топты, жартысының, оған өзіңді қоссақ, 100 боламыз. Өзің есептеп шығар депті. Қаз нешеу?
36 қаз
• Бір меймандос адамның үйіне достары келіпті. Оларға шай беріпті. Шайдан кейін қазанға ет салынады. Тамақ пісіп, табақ тартыларда үй иесі меймандарды көзбен шолып шықты да, ойланып қалды. Ошақ басында жүрген жұбайына келіп: екеу ара бір табақ тартсақ, бір табақ жетпей қалады. Үшеу ара бір табақ тартсақ, бір табақ артылып қалады енді не істесек екен?- дейді. Бұл үйдің меймандары қанша? Табақ саны қанша?
12 мейман 5 табақ

ЕРТЕГI ЕСЕП
Қаздың түлкіге айтқан есебі. Аң біткеннің патшасы арыстан ағзам ауырып апанында жатқанда мүләйімсіп түлкі келіп тамырын ұстайды.
— Тақсыр, ауруыңыз астан екен, тамақты талғап ішіңіз.
Көжек пен кұс балапанының жұмсақ еті мың да бір дауа, — деп бұлаңдайды.
Арыстанның көжек пен құс балапаның маған жеткіз деген бұйрығын орындауға келген түлкіге қаздиған қалпын бұзбаған қаз былай дейді.
— Арыстанға азық етіп беретің артық төліміз жоқ. Егер оған барып шағынып, жағынам десең:
Түлкісің аярлыққа бермейтін дес. Көрейік қанша сенде ақыл мен ес. Балапан, көмек санын өзің тапқын,
Аяқтары тоқсан төрт, басы отыз бес —
дейді де, үңгірге еніп, есігін таспен бекітіп алады. Түлкі қаз осылай есеп айтып еді, мен шеше алмадым деп арыстан алдына баруға дәті шыдамалы.
Көжек 12
Балапан 23
Жазылмай қалған санды тап

27; ...; 43
16; 24; 32

27;35;43
16; 24; 32

24; ...; 48
120; 143; 168

24;35;48
120; 143; 168
Категория: Математика | Добавил: Маржанкул
Просмотров: 2450 | Загрузок: 966 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Среда, 2024-12-04, 8:24 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru