Главная » Файлы » В помощь учителю » Математика |
[ Скачать с сервера (400.8 Kb) ] | 2012-03-06, 7:02 PM |
Математика пәні бойынша сабақтан тыс іс-шара: «Ақылды тақия» Мақсаты: 1) Сайыста оқушылардың білімін шыңдау, математикалық білімін кеңейту, оны ұштау. 2) Оқушыны алғырлыққа, табандылыққа, ойшылдыққа, жетістікке жетуге жолдастық пен достыққа, өзін-өзі тәрбиелеуге үйрете отырып тәрбиелеу. 3) Оқушының адамгершілік қасиеттерін, логикалық ойлауын, өмірге деген көзқарасының дұрыстығын көрсете отырып, түсіндіре дамыту. Іс-шараның барысы: Жүргізуші: Қайырлы күн, қадірлі көрермендер! Баршаңызды да «Ақылды тақия» сайысына қош келдіңіздер дегім келеді. Ханның ақылы -тағында Ананың ақылы- жасында Жігіттің ақылы-жақсылығында Ал, Ғалымның ақылы- басында Жүргізуші: Ендеше, бүгінгі өткізейін деп отырған сайысымызды «Ақылды тақия» аталуының ерекшелігі, өзіндей орны бар демекпін. Ортаға 7 және 8 сыныптар оқушыларын шақырайық. Жүргізуші: Әділ қазылар алқасын сайлайық. Жүргізуші: Барлық турдан жоғары балл (ұпай) жиған оқушы немесе топ осы «Ақылды тақияның» иегері болады Қазақта «Басыңды сыйла, басыңнан кейін бас киіміңді сыйла» демекші, бағдарламамен таныстырамыз: «Ақылды тақия» сайысының бағдарламасы: І. тур. 1) Бәйге 2) Орамал тастамақ 3) Құнды сәукеле ІІ тур. 1) Құпиялы бөріктер 2) Жұмбақтар әлемі 3) Математикалық мақал-мәтелдер ІІІ тур. Математик болу үшін Ақынжанды болу керек І Тур. І Бәйге. Бәйге сұрақтары оқылады. 1. Бөлменің 4 бұрышында 4 мысық отыр. Әр мысықтың алдында 3 мысықтан отыр. Сонда бөлмеде неше мысық бар? (4 мысық) 2. Корзинадағы 7 алманы 7 қызға тең бөліп беру керек және 1 алма корзинада қалуы керек. Бұл қалай? (соңғы қызға корзинамен бірге беру керек) 3. 70 мин көп пе, әлде 1 сағ 10 мин көп пе? (тең) 4. Әсем поездың басынан есептегенде 7-вагонға отырды. Марина поездың соңынан есептегенде 7-вагонға отырды. Сонда қыздар бір вагонда болды. Поезда неше вагон болған? (13) ІІ. «Орамал тастамақ» ойыны. Ойын шарты: Орамалдың өзі қандай фигураға тәріздес? (Шаршы) Олай болса, 4 ұшына 4 түрлі кәмпит байланған және әр кәмпитте нөмірлер белгіленген. Әр топ өз кәмпитін, өз нөмірін алып ішіндегі тапсырмаға жауап береді. Мысалы: Арифметикалық амалдарды қолдана отырып, жұлдызшаның орнына қойып теңдікті орында 2*2*2*2*2=6 2*2*2*2*2=7 2*2*2*2*2=8 2*2*2*2*2=9 /әр топтан 2 оқушы шақырылады/ ІІІ. Құнды сәукеле сайысы. Сәукеле бас киімдер ішінде-өте құнды бас киім болып саналады және оның құны бұрын 100 жылқыға бағаланған екен. Ендеше келесі бөліміміздегі тапсырмалар құнды деп ойлаңыздар. Сәукеле әшекейленген. І төмендегі бөлігі – күміспен көмкерілген ұпайы – 10 ІІ ортанғы бөлігі – алтынмен апталған ұпайы – 20 ІІІ жоғары бөлігі – жақұтпен жарқыраған ұпайы – 30 Күміс бөлігінде – 3 сұрақ Алтын бөлігінде – 3 сұрақ Жақұт бөлігінде – 2 сұрақ 10 ұпай 1. 1800-қа тең бұрыш қалай аталады? (жазыңқы) 2. 700-қа тең бұрыш қалай аталады? (сүйір) 3. 1200-қа тең бұрыш қалай аталады? (доғал) 20 ұпай 1. Бұрышты тең екі бөлікке бөлінетін сәуле. (биссектриса) 2. Жазықтықтағы қандай түзулер ешқашан қиылыспайды? (параллель) 3. Бір нүктеден таралған екі сәуледен құралған фигура. (бұрыш) 30ұпай 1. Шеңбермен бір ғана ортақ нүктесі бар түзу. (жанама) 2. Шеңбердің центрінен оның бойында жатқан нүктеге дейінгі қашықтық. (радиус) ІІ. Тур. І. Құпиялы бөріктер Слайдтағы бас киімдердің астында тапсырмалар жасырылынған. 1. 2. 3. 4. 5. ІІ. Жұмбақтар әлемі. 1. Атадан 10 боламыз, Бір-бір жастан арамыз. Қосылып кейде басымыз, Азайып кейде қаламыз. Бөлініп кейде арамыз, Көбейтіп те аламыз. (цифрлар) 2. Бүтін, бөлшек бөліктерден Үтір айырып тұрады, Осы санның кім біледі Аты қандай болады? (ондық бөлшектер) 3. Дүниеде бүтін нәрсе бола бермейді Көңілге армандаған қана бермейді. Бүтін нәрсе бөлігін көрсететін, Қандай сан бар, достарым, пікір демейді (жай бөлшектер) 4. Нәрселерді санағанда Керек ол бізге ауадай Айтыңдаршы бұл қандай сан Жаң-жағына қарамай? (натурал сандар) 5. Санасаң сан жетпейтін нүктелерден, Құралған фигура бар қарапайым. Салу үшін сен оны сызғыш ізде, Бұл не өзі, бар ма, сірә, дара пайым. (түзу) 6. Түзудің бір бөлігі Екі шеткі нүкте көрігі Ұзындығы және бар Айтшы сыйлық сенікі (кесінді) ІІІ. Мақал – мәтелдер сайысы Сандарға мақал – мәтелдер айтып жарысады ІІІ. Тур «Математик болу үшін, Ақын жанды болу керек.» /Математика туралы 4 шумақ өлең құрастыру/ Әділқазылар алқасының шешімі: Сайыста жеңген топтар шақырылып, даярланған «Ақылды тақия» бас киімі кигізіліп марапаттау рәсімі жүргізіледі. Мағжан Жұмабаев ауданы Хлеборобное орта мектебі 7-8 сыныптар үшін математикадан сыныптан тыс іс-шара. Өткізген: Бейсембин Дулат Қыдырмаұлы математика және физика мұғалімі Хлеборобное селосы – 2012 жыл | |
Просмотров: 1438 | Загрузок: 170 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|