Главная » Файлы » В помощь учителю » Математика |
[ Скачать с сервера (350.5 Kb) ] | 2012-03-11, 11:36 AM |
«Ой ойласаң кең ойла, Екі жағын тең ойла» халық нақылы Тақырыбы: «Ондық бөлшекті натурал санға бөлу» Сабақтың мақсаты: Білімділік Ондық бөлшектерді натурал санға бөлу туралы білімдерін тиянақтау , толықтыру және білімдерін бақылауға дайындау.Ондық бөлшектерді натурал санға бөлу алгоритмін қайталау және ондық бөлшектерді натурал санға бөлуде пайдалана білуге дағдыландыру; Дамытушылық Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп ,ауызша есептеу, есте сақтау, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту; Тәрбиелік Жауапкершілікке, жүйелі ойлауға, жұмыс нәтижесіне қол жеткізе білуге, өзіне сенімділікке, жолдастық қарым-қатынасқа тәрбиелеу. Сабақтың түрі: Білімді қайталау , жүйелеу сабағы Көрнекі құралдар: интерактивті тақта , карточкалар, тест тапсырмалары, бағалау картасы, слайдтар. Пән аралық байланыс:Геометрия Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі 2. Үй тапсырмасын тексеру 3. Ауызша есептеу 4. Графикалық диктант 5. Тест тапсырмалары 6. Есеп шығару 7. Есте сақта 8. Мергендер сайысы 9. Сабақты қорытындылау және бағалау 10. Үй тапсырмасы Ұйымдастыру кезеңі - Амандасу - Оқушыларды түгендеу - Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау Жұмбақ «Ақ сандығым ашылды, ішінен жібек шашылды» жауабы: (жұлдыз) Ендеше бүгінгі сабақта бәріміз жұлдыздай жарқырап, биіктен көрінейік! Үй тапсырмасын тексеру Ережені қайталап еске түсіру және интерактивті тақтадан үйге берілген есепті тексеріп бағалау картасына жаз 1) Ондық бөлшектерді натурал санға бөлу ережесі ? №1172 Шаршының периметрі 11см, 17 см, 21 см болса ,қабырғасының ұзындығын табыңдар 1) 11см : 4 = 2,75см 2)17 см : 4 = 4,25 см 3) 21 см :4 = 5,25 см Жауабы: 2,75см , 4,25 см , 5,25 см №1173 100 л бензин 71 кг болса , 100 л керосин 80 кг. 1 л керосин 1 литр бензиннен неше килограмм ауыр? 71:100= 0,71 80:100= 0,80= 0,8 0,80 -0,71 = 0,09 Жауабы: 0,09 кг №1174 Кубтың барлық қырларының ұзындықтарының қосындысы 45,6 м, оның бір жағының ауданын табыңдар. 45,6:12= 3,8 3,8*3,8= 14,44 Жауабы: 14,44 кв.м. № 1175 Теңдеуді шешіңдер: 1) 4х=0,22+0,26 4х=0,48 х=0,12 2) 5х=8,17+2,48 5х=10,65 х=2,13 3) 6х=3,9*8 6х=31,2 х=5,2 4 ) х+2х=21,42 3х=21,42 х=21,42:3 х=7,14 5) 2х+5х=42,7 7х=42,7 х=6,1 6) 12х-3х=41,4 9х=41,4 х=4,6 1.Ауызша есептеу 1) Бөлшектерді оқыңдар: 1,2; 1 ; 3,02; 4,012; 0,0005; 4 . 2) Жай бөлшектерді ондық бөлшек түрінде айтыңдар: ; 2 3) Бөлшектерді салыстырыңдар: 3,5 және 3,8 7,3 және 7,28 3,04 және 3,009 4) Амалдарды орындаңдар: а) 4,2+5,7 б) 27,5-6,3 в) 2 * 3,2 г) 6,4*3 д) 1- 0,3 ж) 25,5 : 5 з) Дұрыс теңдік шығатындай етіп ,үтір таңбасын қойыңдар: 52+18=7 ; 736-336=4 ; 4,5*3 = 135 ; 270,6: 3 = 902 5. Жұлдызшаның орнына ондық бөлшекті жаз: 46,695< * < 46,72. а)45,7 ш)46,7 л)46,96 Жауабы: Графикалық диктант. Сұрақтарға «иә» не «жоқ» деп жауап беру керек. «иә» десе ____ , «жоқ» десе Сонда жауап мына түрде болуы керек: ____^____^____^^____^ Мұқият қарап, кестедегі ондық бөлшектерді есте сақтаңдар. (штор жабылып,1минуттан кейін қайта ашылады) бағалау картасына балдарыңды белгілеп отырыңдар. 1,01 1,02 1,03 10,1 10,2 10,3 10,11 10,12 10,13 Фамилиясы ,аты________________________________ тапсырма № 1 Фамилиясы ,аты________________________________ тапсырма№ 3 Фамилиясы ,аты________________________________ тапсырма№ 4 Салыстыру тесті Берілген деңгейлік тапсырмаларға сәйкес жауапты көрсет Тапсырмалар а б в г д е Деңгей Жауаптар 0,57 2,1 3,006 0,09 4,6 10,4 1 нұсқа А 8,4 :4 = В 78,2 :17= С 6,39 :71= 2 нұсқа А 197,6 : 19 = В 45,09 : 15= С 43,32 : 76 Жауаптары Тапсырмалар а б в г д е Деңгей Жауаптар 0,57 2,1 3,006 0,09 4,6 10,4 1 нұсқа А 8,4 :4 = + В 78,2 :17= + С 6,39 :71= + 2 нұсқа А 197,6 : 19 = + В 45,09 : 15= + С 43,32 : 76 + Бағалау картасының үлгісі Аты - жөні Үй тапсырма-сы Ауызша есептеу Графи-калық диктант Тапсырмалар Мер-ген-дер сайысы Тест Есте сақта! Қоры-тынды | |
Просмотров: 6345 | Загрузок: 746 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|