Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Математика

«Жер жұмағы – Астана» математикалық саяхат – сайысы.
[ Скачать с сервера (23.1 Kb) ] 2012-04-07, 9:01 AM
Кошерханова Ляззат Нурмагамбетовна
математика пәнінің мұғалімі
Курчатов қаласы

Тәуелсіздігіміздің 20 жылдық торқалы тойына «20 жұлдызды күн – тәуелсіздігіміздің жиырма шыңы» мерекелі күнтізбесі бойынша жүргізілген іс-шаралардың бірі «Астана» тақырыбына өткізілген «Жер жұмағы - Астана» атты математикалық 5 – 6 сынып оқушылары арасында саяхат – сайыс болды. Сайыстың негізгі мақсаты математикалық білімдерін пайдалана отырып, бас қаламыз Астанаға сырттай саяхат жасау.
Сабақтың тақырыбы: Жер жұмағы – Астана.
Сабақтың мақсаты:
Математикалық білімдерін негіздеп, жинақтауға, қолдана білуге талаптандыру.
Астана тарихына шолу жасау арқылы математикалық білімдерін тиянақтау.
Отанға деген сүйіспеншілікке, патриоттыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: саяхат- сабақ.
Көрнекілік: Астана қаласының фото-суреттері, интерактивтік тақта.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
5-6 сынып оқушылары араластырып 6 топқа бөлінеді, әр топқа саяхат картасы беріледі. (саяхат картасы әр топқа әртүрлі бекеттен басталады)
Бекет аттарыы «Елорда тарихы» «Астана рәміздері» «Астана географиясы» «Астана символы –Бәйтерек» «Бейбітшілік және келісім сарайы» «Президент резиденциясы -Ақорда»

Барлық ұпай жиыны

Ұпай саны
Әр бекеттің аттары жазылған парақшалар сынып бөлмелерінің есігіне ілінеді.
«Елорда тарихы» бекеті.
ә) «Астана рәміздері» бекеті.
«Астана географиясы» бекеті.
«Астана символы –Бәйтерек» бекеті.
«Бейбітшілік және келісім сарайы» бекеті.
«Президент резиденциясы -Ақорда» бекеті.
Әр бекетте бекет кезекшісі топтардың орындаған тапсырмаларын бір ұпайдан бағалап, саяхат картасына жазып отырады, сайыс соңында ұпайлар саны есептеліп жарыс жеңімпазы анықталады.
ІІ. Сайыстың өту барысы.
Интерактивтік тақтада Елбасының «Өзіндік ортада туған, бәсекеге қабілетті тұлға, алдымен өз халқының тілін, тарихын, мәдениетін білуі керек» деген сөзі жазылады. Сайыс барысында тақта арқылы Астананың фото- суреттері көрсетіледі. Музыка ойналады.
Бастауыштар музыка әуенімен ортаға шығады.
І бастауыш:
Отан десең, жүрегіңе жетер үн,
Отан деген - туған қалаң, мекенің.
Мақтан тұт сен қасиетті Отаның
Көк байрақты Қазақстан екенін.
ІІ бастауыш:
Нұр – Астанам ғажайыпсың, құшағыңа сыр тұнған.
Елім деген өрендеріңді толғандырар нұр тұлғаң.
Әр ғимарат мәнін ұғып, тарихыңды зерттейміз,
Жетелі елдің жеткіншегі білім іздеп ұмтылған.
І бастауыш:
Сарыарқаның төсіндегі бас қалам,
Аспаныңда қалықтаған асқак ән.
Жүрегісің Қазақстан елінің,
Ару қалам, арман қалам – Астанам.
ІІ бастауыш.
Бүгін біз Тәуелсіздігіміздің 20 жылдық торқалы тойына «20 жұлдызды күн – тәуелсіздігіміздің жиырма шыңы» мерекелі күнтізбесі бойынша «Астана» тақырыбына арналған «Жер жұмағы - Астана» атты 5-6 сынып оқушыларымен бірге математикалық – саяхатқа шығамыз.
І бастауыш.
Әр топ жетекшілері топтың саяхат картасын алуға шақырамыз. (топтарға саяхат ережесі түсіндіріледі, саяхат картасы бойынша саяхатқа аттанады. Әр топқа бекеттерде тапсырманы орындауға 5 минут уақыт беріледі.)
Саяхатқа шыққан топтарға сәт сапар тілеп, өз білімдерін сайыста жақсы жағынан көрсетуге тілек білдірейік.

3. Бекеттерге саяхат.
а) «Елорда тарихы» бекеті.
Бекет кезекшісі:

Жобаға көзі жетіп,көңілі сенді,
Уақыттан озып, илантты дүйім елді.
Нұрсұлтан атамыздың арқасында
Астана Ақмолағакөшіп келді.
Сөзіне Елбасының жұрты ерді,
Тарихи азаматтық, ерлік көрді.
Есілдің жағасына соңғы үлгімен,
Сәулетті ғимараттар бой көтерді.

Сіздерге мына төмендегі тапсырмалар беріледі.
1 тапсырма.
ХХ ғасырда Орынбор 1920 жылдан, Қызылорда 1925 жылдан, Алматы 1929 жылдан, Астана 1997 жылдан Қазақстанның астанасы болған. ХХ ғасырда аталған қалалардың әрқайсысы қанша жыл Қазақстанның астанасы болды?
2 тапсырма.
55022÷451+44∙25+608 есебінің жауабы Ақмола қаласының іргетасы қаланған жыл. Жауабы: (1830 ж)
3 тапсырма.
(278+56)∙6-49 есебінің жауабы Целиноград атауының берілген жылы. Жауабы: (1961 ж )
4 тапсырма.
(4,37÷1,9+8,78+1,7∙5)∙100 есебінің жауабы Ақмола қаласының Астана болып өзгертілген жылы. Жауабы: (1998ж)
ә) «Астана рәміздері» бекеті.
Бекет кезекшісі:
Елорданың туында тұр төлтаңба,
Алтын сәуле айналаға тең шашқан.
Сәуле артында көгілдір түс әманда,
Тәуелсіздік белгісі ғой жарасқан.
1 тапсырма.
Астана қаласының төлтаңбасының авторы кім? Жауабы: (Н.Назарбаев)
2 тапсырма .
Төлтаңбада қандай геометриялық фигура бар? Жауабы: (қос сақина ,шеңбер)
3 тапсырма.
Қызыл бояуы, құсқанатындағы жасыл бөз, «бөрікөз» оюы ненің белгісі? Жауабы: (Қызыл бояу –ерлік, құсқанатындағы жасыл бөз жастық шақ, «бөрікөз» ою-түркілердің пірі мен жебеушісі)
4 тапсырма.
Астана туындағы көгілдір түс ненің белгісі? Жауабы: (көгілдір түс тәуелсіздік белгісі)
б) «Астана географиясы» бекеті.
Бекет кезекшісі:

Сарыарқа – ұлан – байтақ ұлы далам,
Ғасырлар қорғап келген мұны бабам.
Батысы – Торғай, шығысы – Тарбағатай,
Сібірден Балқашқа келіп дамылдаған.
Астананы қақ жарып шалқып жатқан,
Қала көркін еселеп жарқыратқан.
Сексен көлдің серісі – ерен Есіл,
Тарқамасын мәңгілік думан –тойың
1 тапсырма.
Теңдеудегі x – тің мәні Астана қаласының жер аумағы
(x-452)÷3=86. Жауабы: (710 шаршы км).
2 тапсырма.
Берілген әріптерді пайдаланып Астана жерінен өтетін өзендерді ата. Жауабы: (Есіл,Нұра, Ақбұлақ,Сарыбұлақ)
3 тапсырма.
Теңдеудегі x- тің мәні Есіл өзенінің ұзындығы.
3∙x=7350. Жауабы: (x= 2450 км)
в) «Астана символы –Бәйтерек» бекеті.
Бекет кезекшісі

Тоқсан жеті метрлік құс жолы бар,
Бұл монумент үш бөлікпен толығар.
Қазақстан картасы мен болашақ
Елбасының алтындаған қолы бар.
Нақ керемет көз тартатын реңі,
Болашақтың символы деп біледі.
Жоғалтпаған халқымыздың ерлігін
Бәйтерегі-дана елдің тірегі.

1 тапсырма.
8∙91+34∙8-301∙3 eсебінің жауабы Бәйтеректің биіктігін білдіреді. (97м)
2 тапсырма
Бәйтерек ұзындығы 97 м нені білдіреді? Жауабы: (Алматыдан астананың Астанаға көшірілген жылының соңғы екі саны 1997ж)
3 тапсырма.
Бәйтерек басындағы ғаламат шардың диаметрі 6,88÷1,6+17,7. Жауабы: (22 метр)
г) «Бейбітшілік және келісім сарайы» бекеті.
Бекет кезекшісі

Орын тепкен оң жағалау қатардан,
Енген адам жігерленіп от алған.
Бұл төрт қырлы пирамида әлемнің,
Сегізінші кереметі атанған.
Бейбітшілік, келісімнің сарайы,
Күмбез тәжі көк ту түстес арайлы.
Асқақтайды айналанған төрт қыры,
Мәдениет мұражайдың көп сыры.

1 тапсырма.
«Бейбітшілік және келісім сарайы» 2006 жылдың қай айында ашылғанын тап.
342,504,1242,801,1251 сандары қай санға бөлінеді? Жауабы: (9-ға бөлінеді, тоғызыншы ай қыркүйек)
2 тапсырма.
Пирамида биіктігі (x+23)÷ 17=5 теңдеуінің шешу. Жауабы: (x = 62)
3 тапсырма.
Жалпы ауданы қанша шаршы метр екенін мына есептің жауабынан табасыз.
(606∙1668÷504+3478∙2) ∙4,5 +2789. Жауабы: (35000 шаршы метр)
д) «Президент резиденциясы -Ақорда» бекеті.
Бекет кезекшісі.
Қазақстан Президенті резиденция сарайы,
Айшықталған келбетімен көз тартарлық арайлы.
«Астанамыз – Қазақстан жүрегі» деп атасақ,
Ақордадан асыл арман, данышпандық тарайды.
1 тапсырма.
«Президент резиденциясы -Ақорда» 2004 жылдың желтоқсанында ресми түрде ашылды. Ашылуы желтоқсан айының қай күні екені теңдеудің шешімі болып табылады. (x+9)∶ 11= 3. Жауабы: (x=24)
2 тапсырма.
«Президент резиденциясы -Ақорда» биіктігі мына сандардың ЕКОЕ (10,16,5,40). Жауабы: (80 метр)
3 тапсырма.
«Президент резиденциясы -Ақорданың» алып жатқан ауданы қанша шаршы метр? (x-17):70=5 теңдеуінің шешіміне екі нольді тіркегендегі санға тең. Жауабы: (36700 метр)
ІІІ. Қорытынды.
Сайыстың қорытындысын жюри мүшелері шығарып қорытындылайды. Жеңімпаз топ марапатталады.
І бастауыш.
Көрінісі әсем еді не деген,
Жарыса келіп жамыраған шамдардың.
Бас қаласы еліміздің Егемен,
Шарықтай бер биігіне заңғардың.
ІІ бастауыш
Нұр Астанам ғажайыпсың, құшағыңа сыр тұнған,
Елім деген өреніңді толғандырар нұр тұлғаң.
Әр ғимарат мәнін ұғып, тарихыңды оқимыз,
Жетелі елдің жеткіншегі білім іздеп ұмтылған.
І бастауыш.
Бүгінгі жарыс жеңімпаздарын тағы бір мәрте құттықтаймыз. Ару қала – Астанамызға жасалған саяхатымыз аяқталды. Біз бүгін Астанамыздың ең әсем жерлерінің математикалық есептер арқылы биіктігін, зәулімдігін танып білдік. Әсем қала Астананы өз еліміздің бас қаласы ретінде біз мақтан тұтамыз.Сәулетті сарайлары , әсем саябақтары көбейе берсін деп тілейміз.
Келесі сайыстарда кездескенше, қымбатты жас Қазақстандықтар!
Категория: Математика | Добавил: mmm_91
Просмотров: 2092 | Загрузок: 456 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вторник, 2024-12-03, 1:26 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru