Главная » Файлы » В помощь учителю » Математика |
[ Скачать с сервера (55.0 Kb) · Скачать удаленно () ] | 2012-12-14, 1:58 PM |
Гусманов Алмабек Максимұлы. Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы, Ғ. Қараш атындағы ОЖББМ. «Жас қаржыгерлер» сайысы. Мақсаты: Сайыс арқылы оқушылардың білімін ұшқырлау, шапшаңдығын және алғырлығын шыңдау. Оқушыларды ұйымшылдыққа, өзара келісімге, бірлесе талдай білуге тәрбиелеу. Жоспары: 1 кезең: «Зымыран сұрақтар» 2 кезең: «Блиц- турнир» 3 кезең: «Интеллектуалды казино» 4 кезең: «Сынақ хат» 5 кезең: «Ойымды жалғастыр» І кезең: «Зымыран сұрақтар» (Алғырлықты байқау. Әр ұпай – 100 теңге) Білімнің ұшқырлығын танып сен Асып- тасып, асықпа, қалыспа сен! Уақыт деген зымыран, зулап жатыр, Шапшаңдық бұл сайыста қажет екен. Сұрақтар: 1. Жазықтықтың шегі бар ма? (жоқ) 2. 900- тан кіші бұрыш. (сүйір) 3. Квадрат түбір астындағы сан қандай сан болуы керек? (оң) 4. Ең үлкен хорда. (диаметр) 5. Екі нүкте арқылы неше түзу өтеді? (бір) 6. Дәлелдеуді қажет етпейтін сөйлем. (аксиома) 7. y=x2 функциясының графигі (парабола) 8. y=2x2 – 1 функциясының анықталу облысы. (нақ сан жиыны) 9. Геометрия терминінің мағынасы. (жер өлшеу) 10. Дәлелдеуді қажет ететін сөйлем. (теорема) 11. Бағытталған кесінді. (вектор) 12. Шеңбер ұзындығының диаметрге қатынасы. (π =3,14) 13. Табиғи жарық көзі (күн) 14. y=x3 функциясының графигі (гипербола) 15. Үшбұрыштың ішкі бұрыштары қосындысы (1800) 16. Үшбұрыштың тік бұрышына қарсы қабырға (гипотенуза) 17. Қиылыспайтын, параллель емес түзулер (айқас) 18. Синустың косинусқа қатынасы (тангенс) 19. Екі қатынастың теңдігі (пропорция) 20. 2,5-ке кері сан (2/5) ІІ кезең: «Блиц- турнир» Ойын- толқын, айналған қатты ағысқа, Табылғандай таным да, жат дауыс та. Біреу озып келеді қатарынан, Біреу мініп жатқанда аптығыста. Ойын- толқын, жатқандай асып, тасып, Міреу мығым, біреулер шалыс басып, Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар, Жеңсең де, жеңбесең де қалма жасып. Шарты таблода сәйкес сұрақтың астында сол сұрақтың құны жасырылған. Егер дұрыс жауап берілсе, сол топтың есеп қорына сұрақтың құны қосылады, егер дұрыс жауап болмаса, сол топтың қорынан сұрақ құны шегеріледі және қарсы топ осы сұрақты сатып алуына болады. Арифметика 100 т 200 т 300 т Логика 100 т 200 т 300 т Жұмбақ 100 т 200 т 300 т Арифметика 1. 5,075 санын ондық үлеске дейін дөңгелекте. (5,1) 2. Бүтінді төртке бөлгендегі бір үлесі. (ширек) 3. Бас бармақ пен сұқ саусақ аралығындағы өлшем. (сүйем) Логика 1. Әдеттен тыс сұраққа Асқар әрқашан шын айтады, ал Серік өтірік айтады. Оларға бірдей сұрақ қойғанда, олар оған бірдей жауап берді. Ол қандай сұрақ? (Бұл сұраққа екеуі де «иә» деп жауап беруі керек) 2. Арифметиканы тәуір көретін оқушы алғашқы 2002 жай сандарды көбейтті. Көбейтінді қандай цифрмен аяқталды? 3. Шахмат сайысына 7 адам қатысты. Олар бір- бірімен бір партиядан ойнады. Барлығы неше партия ойын болды? Жұмбақ 1. Біз санбыз.... Сызықпен бөлінген Математиканы ұқпас адамға, Құбыжық боп көрінген Дұрыс, бұрыс, аралас, Ондық болып бөлінген (Бөлшек) 2. 1, 3, 5, 10, 20, 50, 100, 200, 1000 бар Әрқайсысының құны бар (теңге) 3. Математикалық таңба ол, Білімің болса ашарсың Теріс сан болса астында, Мағынасы жоқ деп қашасың (кв түбір) ІІІ кезең: «Интеллектуалды казино» Шарты: 1. сұрақ бір рет оқылады 2. Әр топтан ақша тігіледі 3. Жауапты 2 минутта беруі керек Мәңгі бақи есте қалар, Ғажайып бір кеш болсын. Білімдірек шәкірт озар, Қиынырақ сұрақ болсын. №1. Капитан Флинттің көгілдір түсті 3 тоты құсы 3 күнде 3 кг жем тауысады. Жасыл түсті 5 құсы 5 күнде 5 кг, сары түсті 7 құсы 7 күнде 7 кг жем тауысады. Тотылардың ең қомағайы қайсысы. №2. Бірнеше үйрек ұшып келеді. Біреуі алдында, екеуі артында, біреуі артында, біреуі екеуінің арасында және үшеуі қатар ұшып келеді. Қанша үйрек ұшып келеді? №3. А- дан В- ға дейін 30 км, В-дан С-ға дейін 80 км, С- дан Д- ға дейін 236км, Д-дан Е- ге дейін 86 км, Е- ден А-ға дейін 40 км. Бұл тұйықталған көп бұрышта Е- ден С- ға дейін қашықтықты тап. №4. 2222211111 саны қандай цифрмен аяқталады. IV- кезең: Сынақ хат (Әр топ жазбаша жауап береді.) Ешқайсысы олсыз өмір сүре алмас, Өмірдегі құбылыстарды ол болмаса біле алмас. Бекзадасы, әрі қызметшісі бәрінің Математикамен жоқ ешкімде талас – деп келесі кезеңді бастаймыз. 1. Берілген түзуден __________ ______________ ____________ арқылы сол түзуге ___________ бір ғана түзу жүргізуге болады. 2. Функцияның анықталу облысын тап: y=16 – x2 3. Көбейтіндіге жіктеңдер: sin 3x+ sin x= 1. Егер __________ ______________ әрқайсысы үшінші бір түзуге ____________ болса , онда бұл екі түзу өзара ___________ болады. 2. Функцияның анықталу облысын тап: y=5х -20 3. Көбейтіндіге жіктеңдер: cos 3x+ cos 2x= V- кезең: «Ойымды жалғастыр» (50 ұпай) Шарты: Әр топ мақал- мәтелді шапшаң жалғастыру керек. 1. Жеті жұрттың тілін біл, ..... (жеті түрлі білім біл) 2. Білекті бірді жығар, .... (білімді мыңды жығар) 3. Екі жақсы қас болмас, ...... (екі жаман дос болмас) 4. Досыңды үш күн сынама, .... (үш жыл сына) 5. Бір елі ауызға- ..... (екі елі қақпақ) 6. Жүз сомың болғанша ..... (жүз досың болсын) 7. Отыс тістен шыққан сөз, ...... (отыз рулы елге тарайды) 8. Білгенің бір тоғыз, ..... (білмегенің тоқсан тоғыз) Осыменен бұл қызықты тамамдасақ, Бұл жайды айтамыз ба жаман болсақ ? Үйрендік білмегенді осы жолы, Тағыда үйренерміз аман болсақ! Тағы да үйренерміз аман болсақ, Шыңымыз биік болар, білім қусақ. – деп бүгінгі шарамызды аяқтаймыз. Қорытынды. Әр топтың жинаған есеп қорымен танысып, ең көп қор жинаған нағыз банкир тобын анықтау. Жеңіске жеткен топты, белсенді оқушыларды марапаттау. | |
Просмотров: 1561 | Загрузок: 455 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|