Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Математика

Санды теңсіздік. Математика, 6 класс.
[ Скачать с сервера (1.30 Mb) · Скачать удаленно (1.3mB) ] 2013-02-15, 11:30 AM
Математика
6 класс
Сабақтың тақырыбы: Санды теңсіздік.
Сабақтың мақсаты:
а) Санды теңсіздік туралы мағлұмат беру .
- сандарды салыстырып, теңсіздікпен жазуды;
- қатаң, қатаң емес теңсіздіктерді жазуды, оқуды;
- таңбалары бірдей, таңбалары қарама-қарсы теңсіздіктерді жазуды, оқуды үйрету.
ә) Берілген тақырып бойынша оқушылардың білімін жүйеге келтіру, математикалық тұрғыда сауатты жазып, оқуға дағдыландырып, оқушының зерделі ойын дамыту.
б) Топпен жұмыс істеуге, өзгенің пікірін тыңдай білуге, көпшіл сезім қалыптастыруға тәрбиелеу және өзінің білімін бағалай білуді үйрету.
Сабақтың типі: Топпен жұмыс
Сабақ барысы:
Мұғалім: Балалар, өткен сабақта біз қандай тақырып өткен едік.
– Оны қайда қолдануға болады ?
– Қалай ойлайсыңдар, енді өздерің осы тақырыпқа есептер келсе шығара аласыңдарма?
– Әлде тағыда қарастыратын сұрақтар барма?

???Қайталау сұрақтары???
– Қандай теңдеуді бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу деп атайды?
– Қандай теңдеулер мәндес теңдеулер деп аталады?
– Теңдеудің қандай қасиеттерін білесіңдер?
– Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулердің түбірі қалай табылады?
Теңдеуді шешіңдер (ауызша)
• 1) X + 3,5 = 5;
• 2) X - 0,5 = 1,5;
• 3) 3,2 х + 1,3 = 4,5;
• 4 ) ___+ X = 1;
• 5) X - ___=___;
• 6) 3х – 6 = х – 4.
• 1) 2; 4) 1;
• 2) 1,5; 5) 1;
• 3) 3/5; 6) 2.
Жаңа сабақ : § 27 Санды теңсіздік
1) 5–3=2; 2 > 0 – оң сан, онда 5 >3;
2) -2–(-4)=-2+4=2, онда -2>-4;
3) 3–6 =-3; -3<0, онда 3<6.

Сен білесің бе?
Бейбітшілік және Келісім ғимараты туралы дерек
• Астанадағы 11 қабатты Бейбітшілік және Келісім ғимаратының құрылысына 69 млн доллар бөлінді. Сарайдың жобасын әлемге белгілі ағылшын сәулетшісі Норман Фостер дайындапты. Бейбітшілік пен келісім ғимараты – пирамида тәріздес пішінде болмақ. Оның биіктігі 77 метр, ал жалпы ауданы 25 мың 500 шаршы метрді құрайды. Менеджерлердің айтуынша, тас және шыны секілді материалдармен безендірілетін ғимаратта Қазақстан халықтары ассамблеясы мен діни конфессиялардың кеңсесі орналаспақ. Мұнда қысқы бақ, университет, 1 500 көрерменге лайықталған опера театры, Қазақстан халықтарының мұражайы және кітапхана жұмыс жасайтын болады. (слайд)

Сәулеті ерекше сарайдың іші көздің жауын алады. Биіктігі 62 метр, төменгі қырларының ұзындығы да 62 м.болып тұрған Пирамида 25 қабатты үймен бірдей. Оның құрылысына 12 мың шаршы метр гранит тасы, 52 мың метр құрылыс ағашы, 15 мың тонна цемент, 900 шаршы метр шыны жұмсалған. Осынша құрылыс материалын бар-жоғы 13 айдың ішінде сағызша илеп, тамаша ғимарат етіп шығарған түріктің “Сембол-Иншаат” құрылыс компаниясы. Ал архитекторы дүние жүзіне белгілі атақты сәулетші – Норман Фостер. Құрылыс жұмыстарын екі мыңнан артық адам жүргізген екен.
Бейбітшілік және Келісім ғимаратының құрылысына санды теңсіздік құруға болады. (слайд)

Ішкі биіктігі 62 метр сыртқы биіктігі 77 метр.
77 > 62.77 м - 62 м= 15 м; 15- оң сан.15>0. Демек Бейбітшілік және Келісім ғимаратының сырқы біиіктігі оның ішкі биіктігінен 15 см артық.
a=77; b=62 болса , a-b>0.
а және b сандарын салыстырғанда a-b айырмасы оң сан болса ,а>b болады. (слайд)
Мысалы :
 7>0 және 5<9 қарама-қарсы теңсіздік белгілері бар санды теңсіздіктер
 7 >5 және 9>2 бірдей теңсіздік белгілері бар санды теңсіздіктер.
 < немесе > белгілерімен жазылса, қатаң теңсіздіктер
 ≤ немесе ≥ белгілерімен жазылса ,қатаң емес теңсіздіктер деп аталады.
1) a≥5 теңсіздігі: «а саны 5 – тен артық немесе тең» деп оқылса ,«а саны 5 – тен кем емес» деп те оқылады.
2) b≤4 теңсіздігі:«b саны 4 – тен кем немесе тең» деп оқылса, «b саны 4 – тен артық емес» деп те оқылады. (слайд)

Пысықтау сұрақтары:
• Санды теңсіздік деген не?
• a және b сандарының қайсысы үлкен, қайсысы кіші екенін қалай білеміз?
• Координаталық түзуде үлкен сан кіші санның қай жағында кескінделеді?
• Қатаң, қатаң емес теңсіздіктер деп қандай теңсіздіктерді атайды?
А тобы (слайд)

№890.Координаталық түзуде А, В және С нүктелері берілген.
1. А нүктесінің координатасы мен В нүктесінің координатасын;
2. В нүктесінің координатасы мен С нүктесінің координатасын салыстырып , теңсідік түрінде жазыңдар.


В - т о б ы (слайд)
№ 897. a және b сандарының айырмасы бойынша a және b сандарын салыстырыңдар.
1. a–b=-3; a*b
2. a–b=__; a*b
3. a–b=0; a*b
4. a–b=-0,5; a*b
5. b–a=1; b*a
6. b–a=-0,99; b*a.
№ 898
1. 7<15 және 15<20;
7<15<20.
2. 0,8>0,3 және 0,8<1;
0,3<0,8<1.
С т о б ы
№ 905. Мына өрнектердің мәндерін салыстырып,
теңсіздік(<,>) белгілерімен жазыңдар:
1) X + 0.5 және Х-(-1);
2) y + (- ) және y- ( + );
3) n:(-7) және n:7;
4) (–n):(-3) және n(-4).
Тест орындау. (5 сұрақ)

Жәутіков Орынбек Ахметбекұлы (слайд)
1911-1989
Ғалым, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ғылым академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылыми және техника қайраткері, Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.
Қорытынды
• V тарау. Сызықтық теңдеу және сызықтық теңсіздік тарауын бастағанда ЖӘУТІКОВ ОРЫНБЕК АХМЕТБЕКҰЛЫ туралы айтып өткен болатынбыз.Алғашқы ұлттық жоғарғы математика оқулығының авторынан қалған қанатты сөз:
“Қазақ халқы – талантты халық. Біз математика мен механикадан дүние жүзі ғалымдарының назарын өзімізге аударуға тиіспіз”.
Осы сөздің дәлелі ретінде сендерде өз білімдеріңнің нәтижесін көрсетіңдер.Енді жауап парақтарыңды ауыстырып,есептің дұрыстығын тексеріп маған өткізіңдер.
• Үйге тапсырма :§26.№ 889 ,№ 895 нұсқа бойынша.(түсініктеме)
Бағалау .
Категория: Математика | Добавил: Бактыгайша
Просмотров: 5044 | Загрузок: 736 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 2.8/12
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Понедельник, 2025-01-13, 2:51 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru