Главная » Файлы » В помощь учителю » Математика |
[ Скачать с сервера (24.9 Kb) ] | 2013-03-15, 5:53 PM |
Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы №47 орта мектебі Бастауыш сынып мұғалімі Майданова Камилла Майданқызы Сабақтың тақырыбы: Жас математиктер Сабақтың мақсаты: Өтілген материалдарды талдау.талқылау,қорытынды жасау біліктілігін тереңдету Білімділік: Оқушылардың өтілген материалдарды игеруге арналған өткенді қайталау,жүйелеу,жетілдіру. Дамытушылық: Танымдық қабілеттерін арттыру,логикалық ойлауын,есін,зейінін,өзіндік шығармашылық белсенділігін дамыту Тәрбиелік: Белсенділікке, ұйымшылдыққа, ізденімпаздылыққа, шапшаңдыққа үйрету, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру. Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап Сабақтың түрі: Сайыс сабақ Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушыларға психологиялық даярлық жасау Бүгінгі күн сайыста Сен ешкімнен қалыспа. Біліміңді көрсет те, Озып шыққын бәйгеде, деп «Жас математиктер» сайысына қош келдіңіздер. Мінеки залда тыныштық, Естілмейді дыбыс түк, Мұны бізде қоштаймыз, Кешіккенді тоспаймыз. Ғылымдардың ғылымы Математика жайында Сайысты біз бастауға, Әділ қазы сайлаймыз. . Әділқазы алқасымен таныстырайын. 1 ______________________________________________ 2. ______________________________________________ 3. ______________________________________________ Сайыс барысы: Сайыс бөлімнен тұрады: 1. Таныстыру 2. Ұшқыр ой 3. Ойнайық та,ойлайық 4. Бәйге 5. Кім жылдам? 6. Ойлан, тап! Таныстыру Топтарды қарсы алайық 1. Топ «Үшбұрыш» 2. Топ «Төртбұрыш» 3. Топ «Шаршы» Біздің топ «Үшбұрыш» Егеменді қазақтың біз ұланы Өз туы бар,елтаңба, әнұраны. Үмітін ақтайтын біз аға ұрпақтың Самғайтын биіктерге тау қыраны. Біздің топ «Төртбұрыш» Өнер қуған математик жастармыз Есебіңді лезде шешіп тастармыз Тобымыз өңшең тапқыр қырандар Ерен туған төртбұрыш тобы боламыз Біздің топ «Шаршы» Келешектің үмітіміз талапты Атақ даңққа бөленеміз қарап тұр Сегіз қырлы,өнер асып туғандар Оза шауып бәйге атындай жарап тұр. Өз ойыңды жүйелейтін, Алған білімді түйіндейтін, Әр нәрсенің жауабын тез Есте сақтап күлімдейміз.-дей отырып, келесі сайысымызға көшелік. Ұшқыр ой / Тез әрі, жылдам жауап беру. 1. 1 метрде неше сантиметр бар? /100 см/ 2. Көбейтудің компоненттерін ата / көбейткіш,көбейткіш,көбейтіндінің мәні/ 3. 8 квадраты нешеге тең? /64/ 4. Тік төртбұрыштың ауданын қалай табамыз? /енін ұзындығына көбейтеміз/ 5. Шаршы дегеніміз не? /барлық қабырғалары тең төртбұрыш/ 6. Кез-келген санды 0-ге көбейтсек не шығады? /0-дің өзі шығады/ 7. 9х7 өрнегі неге тең /63/ 8. 1 ғасырда неше жыл бар? /100 жыл/ 9. 5 минутта неше секунд бар? 10. 9 квадраты нешеге тең? /81/ 11. 3 кубы нешеге тең? /27/ 12 Геометриялық фигураларды қандай әріптермен белгілейміз?/ латын әріптері/ Кел балалар ойнайық, Ойнайық та ойлайық Қандай жұмбақ болса да, Шешпей оны қоймайық деп, келесі «Ойнайық та ойлайық» сайысымызға көшелік Бір топ қоян орман кезіп барады, Жолда лоар қасқыр ізін санады. Қасқырлар да өткен екен топталып, Әр табанның қардағы ізі ап-анық. Қасқырлардан қалған іздер 120, Неше қасқыр жүріп өткен шынында? 120÷4=30 -Бұталардың арасынан тышқанды, Түлкі үйретті баласына ұстауды. Түлкінің бұл зұлым ойын ұғынған, Тышқандар да шыршаға кеп тығылған. Саны олардың 5-еу еді шамасы, Әр ананың 9-дан бар баласы. Айтыңдаршы неше тышқан тығылды, Қорыққанда шырша болып панасы? 9×5=45, 45+5=50 Құс қорада балалар Тамақ берді қаздарға. Балапандарымен қосқанда, Қаздарда 5 отбасы, Әрқайсысында 12балапан. Түскі асқа нешеу жиналды, Сол қаздарды санасаң? 12×5=60 Тырна таразы табақшасында екі аяғымен тұрғанда 6 кг болды, бір аяғымен тұрса неше кг болады? 1 кг мақта ауыр ма,1 кг мыс ауыр ма? 4 жұмыртқа 4 минутта піседі, 1 жұмыртқа пісу үшін неше минут уақыт керек? Біреуінің жүрегінің түгі бар, Біреуінің арқалап жүрген қоғамдық жүгі бар. Біреуінің шүбірлеген күйі бар, Енді біреуінің қатты істейтін миы бар.-дей отырып келесі кезеңіміз Бәйге /әр ұяшықты таңдау/ 10 ұяшық Ұзындығы 9 см ,ені 7 см тік төртбұрыштың ауданы нешеге тең? /63 см / 20 ұяшық Бір тәуліктің 1/6 бөлігі нешеге тең? /4/ 30 ұяшық Бірдей 9 ыдыста 45 кг бал бар, осындай 10 ыдыста неше кг бал бар? /50/ 40 ұяшық Әр сөреде 9 кітаптан қойылған.Үш сөреде қанша кітап бар? 50 ұяшық Қабырғасы қандай шаршының периметрі 28 см болады? /7см/ 60 ұяшық Автобустың билеті 50 теңге тұрады. Осындай 4 билет неше теңге тұрады? Жібермейміз есе біз, Ғалым болып өсеміз. Көзді ашып, жұмғанша , Есепті де шешеміз деп, кезекті Кім жылдам? 1. Суреттен үшбұрыштар тобын анықтау. 2.Геометриялық фигураларды атау, латын әріптерімен белгілеу,тқбелерін,қабырғаларын атап жазу,периметрін табу Шыққанша құмардан Талмай есеп шығарған Дәл бүгінгі кездесуде Білімменен сыналған деп, келесі 1. Ойлан, тап! /логикалық есептер/ Топ басшыларын шақыру. Шығармашылық тапсырмалар Жарыс заңы ежелден Жеңімпазды анықтау Женімпаз болу шарты сол Еңбектеніп, жалықпау. Сөз әділ-қазылар алқасына беріледі. ІІ. Сабақты бекіту: ІІІ. Сабақты қорытындылау: Әр топтың ұпай сандарын есептеп қорытындылау | |
Просмотров: 2319 | Загрузок: 302 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|