Главная » Файлы » В помощь учителю » Математика |
[ Скачать с сервера (87.0 Kb) ] | 2013-03-28, 9:04 PM |
«№ 25 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ Математика пәнінен «Ақылды тақия» атты сайыс Сыныптар: 5 «А», 6 «А», 7 «А» Өткізген: Ахметолла З.М. Семей 2013 Сайыс сабақ Сабақ тақырыбы: «Ақылды тақия» Мақсаты: 1) Сайыста оқушылардың білімін шыңдау; математикалық білімін кеңейту; оны ұштау. 2) Оқушыны алғырлыққа, табандылыққа, ойшылдыққа, жетістікке жетуге жолдастық пен достыққа, өзін-өзі тәрбиелеуге үйрете отырып тәрбиелеу. 3) Оқушының адамгершілік қасиеттерін, логикалық ойлауын, өмірге деген көзқарасының дұрыстығын көрсете отырып, түсіндіре дамыту. Сабақтың барысы: Мадина: Қайырлы күн, қадірлі көрермендер! Баршаңызды да «Ақылды тақия» сайысына қош келдіңіздер дегім келеді. Өзінің аты айтып тұрғандай бүгінгі сайыс – қорытындысы ақылды, білімпаз оқушының қанжығасына байланбақшы. Сондықтан біз бүгін жайына көп тоқталмақшымыз. Сіздердің назарларыңызға көрініс: «Аталар сөзі – ақылдың көзі» Қария: - Балам, осы адамға ақыл беретін кімдер деп ойлайсың? Бала: - Ой, ата,ол деген ана тілі ғой адамға ақыл беретін. Қария: - Жоқ, балам, ана тілі ойды өсіреді. Адамға ақыл беретін ата-ана, ұстаз, оның досы. Ата – ана ақылын баласы мен қызына айтады, ұстаз шәкіртіне айтады. Жақсы ақыл адамды тез есейтеді, балам. Қария: - Балам, сен ендеше мынаны айтшы? Адамның ақылы қайда? Бала: - Ой, ата адамның ақылы тілінде емес пе? Қария:- Жо-жоқ, балам, тыңдап ал, есіңде болсын: Ханның ақылы -тағында Ананың ақылы- жасында Жігіттің ақылы-жақсылығында Ал, Ғалымның ақылы- басында балам, Иә балам ғалымның ақылы басында... Аяулым: Ғалым- ол өте білімді тұлға олай болса, қариялардың дана сөздерін тағы бір қайталап өтсек; Ғалымның ақылы басында дейді. Ендеше, бүгінгі өткізейін деп отырған сайысымызды «Ақылды тақия» аталуының ерекшелігі, өзіндей орны бар демекпін. Алдымыздағы білімпаз оқушылардан ұлы ұстаздар, ұлы – ғалымдар шықпасына кімнің таласы бар. Олай болса, ортаға 5 а және 6 а сыныбынан озық ойлы оқушыларымызды ортаға шақырайық. Мадина : Екі топқа бөлінген 5, 6 а сынып оқушылары өздерін таныстырып өтсін. Аяулым: Сіздердің назарларыңызға әділ қазылар алқасын таныстырып өтейік. Мадина: 7 а сынып оқушысы, математика пәні бойынша 2010-2011, 2011-2012 оқу жылынның мектепішілік олимпиадасының жүлдегерлері – Бояубаева Лаура және Рамазанов Рахым. Аяулым: 7 а сынып оқушысы, 2012-2013 оқу жылының мектепішілік олимпиадасының жүлдегері – Төлеуқадыров Нұрым. Мадина: Есептеу комиссиясына 6 а сыныптың озат оқитын оқушысы Шаяхметов Равхатты және 5 а сыныптың озат оқитын оқушысы Айжекенова Әдеміні сайлаймыз. Аяулым: Сайысты бастамас бұрын алдымда тұрған тақия туралы айтып өтсем. Бұл тақия – «ақылды тақия» деп аталады. Барлық турдан жоғары балл (ұпай) жиған топ осы «Ақылды тақияның» иегері болады Сонымен қатар, бүгінгі сайыстың өзі басқа киетін бас киімдер мен олардыңтүрлері қадір – қасиеті туралы болмақшы. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне келсек, қазақта «Басыңды сыйла, басыңнан кейін бас киіміңді сыйла» демекші, бағдарламамен таныстырамыз: «Ақылды тақия» сайысының Бағдарламасы: І. тур. 1) Бәйге 2) Орамал тастамақ 3) Құнды сәукеле ІІ тур. 1) Құпиялы бөріктер 2) Математикалық мақал-мәтелдер Мадина: І Тур. І Бәйге. 1. Тік төртбұрыштың периметрінін формуласы. (2а+2b) 2. Тік төртбұрыштың ауданың формуласы. (a*b) 3. Ең кіші натурал сан. (1) 4. 6 және 8 сандарының ортақ бөлгіші. (2) 5. 15 саны төртке бөліне ме? (жоқ) 6. Жиырма саны үшке бөліне ме? (жоқ) 7. Тоқсан тоғыз тоғызға бөліне ме? (ия) 8. Елу алты құрама сан ба, жай сан ба? (құрама сан) 9. Қырық бір жай сан ба, құрама сан ба? (жай сан) 10. Шеңбердің бойындағы екі нүктені қосатын және центр арқылы өтетін кесіндіні қалай атаймыз? (диаметр) 11. Бір сағатта неше минут бар? 12. Шеңберді қандай құрал мен сызады? Аяулым: ІІ. «Орамал тастамақ» ойыны. Ойын шаршы: Орамалдың өзі қандай фигураға тәріздес? (Шаршы) Олай болса, осы орамалға 4 ұшына 4 түрлі кәмпит байланған. Әр топ екі кәмпиттен, өз тапсырмасын алып ішіндегі тапсырмаға жауап бересін. 1 тапсырма: Үш метрлік 60 бөренені жарты метрлік шөркелерге арамен бөлу керек. Қанша рет аралап кесу керек? (5*60=300) 2 тапсырма: Алмұрт алмадан ауыр, ал алма шапталдан ауыр. Қайсысы ауыр – алмұрт па әлде шаптал ма? (алмұрт шаптал ауыр) 3 тапсырма: 27 монетаның біреуі жалған және ол басқалардан ауырлау. Табақшы таразымен гірсіз үш рет өлшеу арқылы жалған монетаны қалай табуға болады? 4 тапсырма: 2,4кг май 600 теңге тұрады.1000 теңгеге қанша май келеді? (төрт) Мадина ІІІ. Құнды сәукеле сайысы. Сәукеле бас киімдер ішінде-өте құнды бас киім болып саналады және оның құны бұрын 100 жылқыға бағаланған екен. Ендеше келесі бөліміміздегі тапсырмалар құнды деп ойлаңыздар. Сәукелені әшекйлеген. І төмендегі бөлігі – күміспен көмкерілген ұпайы – 10 ІІ ортанғы бөлігі – алтынмен қапталған ұпайы – 20 ІІІ жоғары бөлігі – гауһартаспен жарқыраған ұпайы – 30 Күміс бөлігінде – 3 сұрақ Алтын бөлігінде – 2 сұрақ гауһартас бөлігінде – 1 сұрақ Бұл сайыстың шарты ретсіз сөйлемді ретке келтіру 10 ұпайлық: 1. Шеңбердің диаметрі он сантиметр, радиусын тап. (бес см) 2. Жиырма санның бөлгіштерін тап. (1, 2, 4, 5, 10, 20) 3. Теңдеуді шеш: х-97=103 20 ұпайлық: 1. теңдеуді шеш 2х-15=13 (14) 2. Егер а=3 болса, кубтың көлемін тап (27) 30 ұпайлық: Амалды орындаңдар : Аяулым ІІ. Тур. І. Құпиялы бөріктер Алдарыңыздағы тақиялардың астында тапсырмалар жасырылынған. 1. Кісілер менің атамның жасын жиі сұрай береді екен. Ол сенбі мен жексенбіні есептемесе, 55 жастамын деп жауап қайтарыпты. Сонда ол кісі шын мәнінде нешеде? Жауабы: Егер аптада 5 күн, ал ол 55 жаста болса, онда бір аптада 7 күн болса, атамның жасы 77-де. 2. 2Егер бір жарым тауық бір жарым күнде бір жарым жұмыртқа тапса, алты тауық алты күнде неше жұмыртқа табады? Жауабы: Бір тауық күніне 2/3 жұмыртқа табатын болып шығады, яғни алтауы күніне 4 жұмыртқа, ал алты күнде – 24 жұмыртқа табады Мадина ІІ. Мақал – мәтелдер сайысы Бұл сайыста әр команда үйде дайындап келген мақал-мәтелдерімен жарысады. Барлық қатысушы қатысу керек. Аяулым: Сайыс қорытындысы шыққанша, көрермендермен ойын ойнайық. Мадина сіздердің назарларыңызға 7 А сынып оқушысы_______________________________________________________ Алмасқызы Нұрбануды шақырамыз! Мадина: ЕНді сөз кезегін әділ-қазылар алқасына береік! Аяулым: Осы мен «Ақылды тақия» сайысымызда жеңіп шыққан ___________ тобы болды! _____________Құттықтаймыз! Топ мүшелеріне осындай жетістіктерге жете берңіздер деп айтамыз! Ал осымен біздің сайысымыз аяқталды! Назарларыңызға рахмет! | |
Просмотров: 1908 | Загрузок: 508 | Комментарии: 2 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|