Главная » Файлы » В помощь учителю » Математика |
[ Скачать с сервера (24.3 Kb) ] | 2013-11-03, 10:34 AM |
Тақырыбы: Жай бөлшектерге амалдар қолдану. Сабақтың түрі: Алынған білім мен іс-әрекет тәсілдерін кешенді пайдалану сабағы- мотивация білім мен іс-әрекет тәсілдерінің өзектілігін айқындау- білімді күнделікті және жаңа жағдайда өз бетінше қолдану - өзін-өзі бақылау және бақылау- түзету- рефлексия. Сабақтың мақсаты: Жай бөлшектерге амалдар қолдану жолдарын білу оның ережелерін есептер шығаруда қолдана алу. Сабақта оқушының мақсаты: Сынып бойынша белгілі бір қысқа уақыттың ішінде бір қатар тапсырмаларды орындау. Сабақ барысы: Табиғат берген ерекше сыйды қастерлеп, дамыта біліңдер. Кемері толған кемелді ой мен білікті білімдеріңді, өнерлеріңді туған елдің керегіне жаратыңдар. Келешектің кілті өздеріңде. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев Көшбасшыға сөз беру. Топтың ұраны: «Жауабын таптым және түсіндірем - меңгердім». Ереже Мұқият тыңда, екінші қайталанбайды. Ішіңнен қайталап отыр, сенде бір мүмкіндік бар-басқаларға көмек бере отырып, өзіңе көмектес. Сен де ұжымыңмен бірге айта білуің керек. Жай бөлшектерге амалдар қолдану тақырыбында есептерінді жақсы шығарады деп сенемін.Сендерге сәттілік тілеймін! Жәрдемші материалдар: Оқушының отыру орнының координатаның – кеңістік матрицасы (ООМ) А Ә Б В Г Д Сабақтың микроқұрылымы Технологиялық картаның жұмыс тәртібі Түсініктеме 1- кезең ұйымдастыру Ағымдағы сұрақтар . Еске сақтау және жылдамдыққа жаттығу 1.Егер бөлшектің алымы бөлімінен кіші болса,онда бөлшек...(дұрыс бөлшек) деп аталады. 2.Егер бөлшектің алымы бөліміне тең немесе одан үлкен болса, онда бөлшек ....( бұрыс бөлшек ) деп аталады. 3.Бүтін саннан және бөлшек саннан тұратын бөлшек ....(аралас сан) деп аталады. 4.Егер бөлшектердің көбейтіндісі 1-ге тең болса, онда олар... (өзара кері сандар) деп аталады. 5.Жай бөлшектің алымын да, бөлімін де бірдей санға бөлуді... (бөлшекті қысқарту) деп атайды. 6.Берілген қысқартылмайтын бөлшектердің бөлімдерінің ең кіші ортақ еселігі сол бөлшектердің ...(ең кіші ортақ бөлімі) болады. 7.Бөлімдері бірдей аралас сандардың қосындысын табу үшін , аралас сандардың бүтін бөліктерін жеке, бөлшектерін жеке қосып...(қосындыны аралас сан түрінде жазу) 8.Бөлімдері бірдей бөлшектерді азайтқанда азайғыштың алымынан азайтқыштың алымын азайтып,ал сол ...(бөлімнің өзін)қалдыру керек. 9.Бөлімдері әр түрлі аралас сандарды азайту үшін, бүтін бөліктерін бөлек, бөлшек бөліктерін бөлек азайтып нәтижелерін...(қосу) керек. 10.Кез келген санды 0-ге көбейтсе .... шығады. 11.Кез келген санды 1-ге көбейтсе..... санның шығады. 5 минут ООМ таблицасына оқушылар бағаланады 2-кезең Білім мен іс-әрекет тәсілдерінің өзектілігін айқындау ,бақылау, өзін-өзі бақылау ТКШ ( төменгі көрсеткіш шегі) №10 АКШ ( орташа көрсеткіш шегі) №10 ЖКШ (жоғарғы көрсеткіш шегі) №10 Уақыт біткен соң тапсырма тексеріліп сұрыптау жүргізіледі. 3 тапсырма дұрыс болса «Альфа» тобы 2 тапсырма «Бетта» қалғандары «Гамма» тобы 5,6,7 + 30 сек 3- кезең Білімді күнделікті және жаңа жағдайда өз бетінше қолдау. Бақылау және өзін-өзі бақылау. Рефлексия Гамма тобы №3 Қазақстан аумағынан ағып өтетін Ертіс өзенінің ұзындығы 1700 км тепе – тең болады. Қазақстан аумағынан ағатын Жайық өзенің ұзындығы, Ертістің 16/25 құрайды. Қазақстан аумағынан ағып өтетін Жайық өзенің ұзындығы қанша болғаны? Бетта тобы №3 Оқушы сол 300 беттен тұратын, барлық кітаптың 3/20 бетін оқыды. Оқушыға неше бетті оқуы қалды Альфа тобы №3 Саяхатшы үш күнде 32 км жүріп өтті. Ол бірінші күні жолдың 3/8, ал екінші күні қалғанын 2/5 өтті. Саяхатшы үшінші күні неше километр жол жүрді? Уақыт біткен соң «Альфа» тобының тапсырмасын мұғалім тексереді. «Альфа» тобы «Бетта» тобын тексереді. «Бетта» тобының дұрыс шығарғандары «Гамма» тобын тексереді. «Альфа» мен «Бетта» тобы бір қатеден көп жіберсе әлсіз топқа өтеді. 5,6,7 + 30 сек немесе әр қатардың алғашқы 3 – ке – 30 сек 4- кезең. Өзін-өзі бақылау және бақылау. Рефлексия. Гамма тобы №868 (1) Бета тобы №875 (2) Альфа тобы №882 Мұғалім өз жауабын ұсынады, сол жауап бойынша оқушылар өз нәтижесін тексеріп ООМ матрицасына оқушы бағасы қойылады. «+», «-» түрінде болуы мүмкін 5- кезең Түзету және рефлексия. Мұғалім кеткен қателіктерге талдау жасап, тақырыпты аяқтау нәтижесі 63% болса жаңа тақырып өтуге мүмкіндік алады. Төмен болса жұмысты келесі сабақта қайтадан жалғастырады. 6- кезең. Қорытындылау Бүкіл сынып бойынша және жеке оқушыларды мадақтайды және бағаланады. «Гамма» тобындағы оқушыларға төмен баға қойылмайды « Альфа» +5 «Бетта» -5 «Гамма» 4 Сапа «Альфа» мен «Бетта» тобының оқушыларының санымен есептелінеді. 7- кезең. Үй тапсырмасы Тараудың соңындағы қайталау сұрақтарын оқып келу. Жоғарғы нәтиже алуға ынталандыру. | |
Просмотров: 2106 | Загрузок: 211 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|