Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Математика

тәуелсіздіктің жас математигі,7 сынпта ойын сабақ әзірлемесі
2013-11-22, 9:36 AM
«Тәуелсіздіктің жас математиктары» 7 сыныпқа арналған математикалық ойыны.
Ақмола облысы, Бурабай ауданы.
Математика пәнінің мұғалімі:Каркенова Жанара Хайдаровна.1 санат.
Мақсаты:
1. Білімділік: Оқушылардың математикаға қызығушылығын, ынтасын, зейінін арттыру, алған білімдерін тереңдету.
2. Дамытушылық: Ой-өрісін кеңейту, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, ұжымшылдық қабілеттін дамыту.
3. Тәрбиелік: Окушыларды патриоттыққа, ұжымшылдыққа, жолдастыққа, алғырлыққа, белсенділікке және жеке тұлға етіп қалыптастыру.
Көрнекілігі: Презентация, безендендірілген кабинет, нақыл сөздер, карточкалық тапсырмалар, логикалық есептер, әр топқа даярланған үстел. «Тәуелсіздіктің жас математигі» деген мақтау қағазы, оқушылардың сыныбы, аты жазылған алдарына қоятын қағаздар.
Түрі: топтық сайыс сағаты
Типі: ойын түрінде
Жоспары:
1.Бастапқы деңгей – математика және қазақ мақал-мәтелдері мен жұмбақтары. (мақал-мәтелді аяқтау, жұмбақ шешу)
2.Ортаңғы деңгей – “Не? Қашан? Қайда?”топпен ойын
3.Соңғы деңгей – «Тәуелсіздіктің жас математиктері “ (жеке ойын)
Шығармашылық деңгей – Жоба қорға
Қолданылған нақыл сөздер:
1. “Білімді, интеллектуалды адамдарсыз, озық ғылымсыз Қазақстанның перспективасы жоқ. Қазір адамдардың бәсекелестігі, білімнің бәсекелестігі, ғылымның бәсекелестігі жүруде. Бұған дайындалу қажет.”
Н.Ә.Назарбаев

Барысы:
МҰҒАЛІМ: Құрметті оқушылар, ұстаздар жіне келген қонақтар! Бүгінгі сайысымызды Н.Ә.Назарбаевтың сөзімен бастайық: “Білімді, интеллектуалды адамдарсыз, озық ғылымсыз Қазақстанның перспективасы жоқ. Қазір адамдардың бәсекелестігі, білімнің бәсекелестігі, ғылымның бәсекелестігі жүруде. Бұған дайындалу қажет.” Осы сайыста көрсеткен білімдерін күнделікті жақсы оқығандарың - өздеріңнің болашаққа алғашқы қадамдарың болып табылады.
Бүгінгі сайысымыз Ұазаұстан Республикасынынң тәуелсіздік алғанына 20 жыл толу қарсаңына байланысты жоспарланып өткізгелі отырмыз ендеше сәт сапар жас математиктар!
Сайысымызды бағалау үшін жүзден жүйрік мыңнан түлпарды анықтау үшін Әділқазыларды шақырайық.
Мұғалім: Кешімізді бастамас бұрын әр топтың білімін дұрыс бағалау үшін әділқазылар алқасын сайлап алайық. Бүгінгі сайыс шарттары әрбір әділқазының алдына дайындалып қойылған.
Шын жүйрік шабасынан табылады.
Нақты білім, терең ой сыналады.
Баға берер әділқазы ортамызда
Сіздерге құрметпенен қол соғылады.
Әр команданы ортаға шақыра, кешіміздің өтілу тәртібімен таныстырайық.

1. Таныстыру. Мұғалім музыка әуенімен әр оқушына ортаға шақырады.
2. Мақал-мәтел жүмбақ шешу. әр дұрыс жауабына – 1 ұпай.
Атам қазақ әрқашан мақалдап сөйлеген сондықтан сонау көне кезден математика мақал-мәтелмен, жұмбақпен дос екен, оқушылар сол тапсырмаларды бұлжытпай орындайды деп үміттенеміз, себебі бойымызда рух, ойымызда білім, жанымызда күш бар халықпыз..
1.Бір тал кессең , ....10 тал ек
2.Алтау ала болса, ауыздағы кетеді ....7 түгел болса төбедегі келеді
3.Досыңды үш күн сынама, 7 күн сыйла
4. Білгенің бір тоғыз...білмегенің тоқсан тоғыз
5.Бір кісі қазған құдықтан,... 1000 кісі су ішеді
6.Ұлға отыз үйден ....тыю қызға 40 үйден тыю
7.Білекті бірді жығады, ...білімді мыңды жығар
Математика жұмбақта:
1.Алды-артымыз шексізде
Жете алмайсыз біздерге
Сәуле менен кесінді
Шыққан тегін білсін бе? Түзу
2. Өзі төрт қанатты және алты аяқты,
Сөйтсе де тікұшақтың көшірмесі сияқты. инелік
3. Бүтін, бөлшек бөліктерден,
Барлығыда бар онда
Бұл қандай сан айтындаршы
Оң, теріс сан бәрі сонда. Аралас сан
4. Егер Т-дан бастасаң, санмын.
Т-ны алып тастасаң жаумын. Төрт-өрт
Логика өнері - адамның ақыл-парасатын жетілдіруге көмектесетін құрал.» деп айтұан екен үлы математик Әбу Насыр Әл-Фараби.Ендеше келесі ортаңғы топ жоспары бойынша не ұашан ұайда ойынын ойнаймыз .Ол үшін осы екі топ орындықтарға бірдесіп жайғасыңыздар.

Ойын ережесі.
Көрермендер ойыншыларға сұрақтар қояды, ал ойыншылар 1 минуттың ішінде топпен бірге ақылдаса отырып, сұраққа жауап іздейді. Егер ойыншылар дұрыс жауап берсе, ұпай алады. Ал егер ойыншылар сұраққа қате жауап беретін болса, онда ұпай көрермендерде қалады. Ойын үстелі 16 секторға бөлінген.Осы 16 секторда көрермендер дайындаған сұрақтар бар.
Ойыншылар қандай сұраққа жауап беретінін, ойын үстелін айналдырғаннан кейін бағыттауыш көрсетеді Егер үстел бағдары, ойналынған секторды көрсетсе, онда сағат тілі бойынша оң жақтағы сектордың сұрағына жауап береді. Егер ойыншылар сұрақтың жауабын білетін болса, 1 минут ойланбай – ақ жауап беруге болады. Егер бұл сұрақ жауабы дұрыс болса, бұл 1 минуттық уақыттары келесі сұраққа жауап іздегенде қосылады.
Ойын интерактивті тақтада ойналады ортада жасалған дөңгелек түрады.
1.«Біздің күнтізбеміз бойынша жыл он екі ай ішінде 30 және 31 сандары ауысып отырады.Ал 28 саны қай айда кездеседі?” барлық
2. «Астана қаласынан Бурабайға дейінгі жолда келе жатқан екі жолаушының біреуі жолдың жартысын өткенде жолдың жартысы қалғанша ұйықтады. Жолаушы жолдың қанша бөлігін ұйықтады.» ¼
3. «Екі ауылдың арасы 10 шақырым. Қырсық жолаушы күніне екі шақырым алға жүріп, кешке бір шақырым кейін қайтады. Қырсық жолаушы екінші қыстаққа неше күнде жетеді? 9күнде
4. Қазақстан Республикасының Астанаға дейін тағы 3 бас қаласы болған, олар қандай қалалар? Алматы, Қызылорда, Отырар
9. Ұшақ Семейден Алматыға дейін 1 сағат 20 минут ұшады, ал кері қарай 80 минут ұшады. Бұл айырмашылықты қалай түсінесің? Тең
10. Бір сан ойладық, сол санды 2 есе көбейтіп, шыққан нәтижені 3 – ке көбейткенде, 282 алдық. Ойланған санды тап. 47
12. 1 2 3 4 5 6 7 жазылуына қосындысы 100 болатындай « +» қалай қоюға болады ? (1+2+34+56+7 немесе 1+23+4+5+67)
13. Үш таңбалы санның цифрларының қосындысы 17 – ге, ал көбейтіндісі
65- ке тең. Барлық мүмкін болатын сандарды көрсет. 188,881,181
15. «Поэзиядағыдай математиканың өзіне тән сұлулығы бар» - математиканы жаксы кормесе де осы создерді айткан орыс ақыны кім? Пушкин
16. Еңшбре- шеңбер
Шұбршүы- үшбұрыш
Трұбышрөт- төртбұрыш
Рвадкат-квадрат
Ойын аяқталған соң оқушылардың көздеріне жаттығу жасалады.
Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген,
Жүрегімде таныстым мұң тіліммен.
Жылағанда жүрегім күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.
Ұзақ ұйықтап жұмса түз бесігінде,
Естімеппін Архимед есімін де.
Жерді қозғау қиялы былай тұрсын,
Жемісі де тимепті несібіме.
Бұл жерде танысасың Пифагормен,
Кемеңгер, ол – философ кезінде өткен.
Кездесесің дәл сондай тағы да бір
Ғылымдармен жер жаһанда білім еккен.
Архимед, Пифагорың айтқаным бұл
Талаптанып, білімге зейінін бұр.
Смс-тің есебін шығару.
Карточка тапсырмалары#1
1Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерді шешіңдер
4(X-2)-(8-5X)<3X+2(3X-14)
Карточка тапсырмалары#2
1Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерді шешіңдер
(5-X)-(6X-1)<(8-3X)-(4X-7)

Ал енді құрметті жас математиктар енді осы сайыстан соң араларыңнан нағыз Тәуелсіздіктің жас математигі деген атқа сай оқушыны байқау үшін соңғы сайысымызды бастайық.
Тәуелсіздіктің жас математигі сайысында 5 тарау бар :
1.тарих- 15 сұратың 8 ойналады
2.тіл өнер- 14 сұрақтың 7 ойналады
3.ғажайып жетеу- 6 пәннен 1 сұрақтан ойналады
4. тапқырлық- ойналады
5. жорға- 10 сұрақтың 5 ойналады
Сайыс соңында әділ-қазылар ұпай санын есептеп жеңімпаздарды марапаттайды.
Ғылым жолы бірде жеңіл, бірде қатты.
Ақыл – ойлар әлемді арбап алды.
Математика ғылымдар патшасы атты
Таңырқатып, аңыз қылған адамзатты.
Келер ұрпақ даналарға ұқсап туса,
Омар Хайям, әл – Фараби жолын қуса,
Елімнің болашағы гүлденеді.
Ғылымның шамшырағы жанып тұрса.
Ендеше, әділ қазылар алқасы сайыстың қорытындысын шығарамын дегенше, мына бір көріністі тамашалап көрейік.
Ертеде данышпан деген патшаның елінде «Байлық», «Бақыт», «Ақыл» үшеуі бас қосады. Ол үшеуі адам баласына тигізген пайдасы жайында таласып қалады.
Байлық: менің арқамда ғана адам баласының төрт түлігі сай, үйі, дүние – мүлкі, ішіп – жемі мол болады.
Бақыт: Мен кімнің басына қонсам, соның атақ – даңқын шығарамын. Мансабын аспанға көтеремін.
Ақыл: Адам баласы менсіз өмір сүре алмайды. Нанбасаңдар Данышпаннан сұрайық.
Данышпан: «Байлық»- бір жұттық, «Бақыт» - баянсыз, «Ақыл» - еңбек, білім деген сүйеніші, тіреуі, тұтқасы бар.
Сондықтан да ақылды болып еңбек ете білген адам ғана байлыққа да, бақытқа да кенеліп, мәнді де, сәнді өмір сүре алады.
Міне, бұдан шығатын қорытынды: ақылды, білім болған жерде бақытты да, бай боламыз. Сондықтан да сабақты тек жақсы оқып, білімді де, білікті азамат болып өсуіміз керек.
«Білім азбайды, ақыл тозбайды»
«Оқусыз – білім жоқ, білімсіз күнің жоқ» деген мақалдарды әркез есте ұстай жүріп бүгінгі білім сайысымыздың қорытындысын айту үшін сөз әділқазыларға беріледі.
(марапаттайды)
Осымен «Тәуелсіздіктің жас математиктері» атты математикалық ойынымыз аяқталды.
Алдыңызда жайнаған жүздер әні
Сіздермен кездесеміз біздер әлі
Әділ – қазы, көрермен сау тұрыңдар
Күтеді бізді жарқын күндер әлі, - деп қоштасамыз.
Келесі кездескенше сау – саламатта болыңыздар!
Категория: Математика | Добавил: жанейра
Просмотров: 1006 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Суббота, 2024-11-02, 6:22 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru