Главная » Файлы » В помощь учителю » Математика |
[ Скачать с сервера (103.7 Kb) ] | 2014-01-17, 9:15 PM |
«№25 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ СЫНЫПТАН ТЫС ШАРАНЫҢ ЖОСПАРЫ Пән: Математика Тақырыбы: Мектеп шамшырағы Мұғалім:Баженова Г.Т. Семей 2014 Тақырыбы: Мектеп шамшырағы Шараны өткізу түрі: Жарыс сабақ Шараның мақсаты Білімділік: Білімгерлердің математикалық білімдерін кеңейту және тереңдету, дүниеге деген ғылыми көзқарасын қалыптастыруға үйрету Дамытушылық: Білімгерлердің пәнге деген ынтасын қалыптастырып, танымдық белсенділігі мен шығармашылық қабілеттерін дамыту Тәрбиелік: Білімгерлердің дүниетанымын кеңейту, шығармашылық қызметке баулу, ізденушілік қасиеттерге тәрбиелеу Шараны жабдықтау А. Көрнекі құралдар: плакаттар, интербелсенді тақта. Ә. Таратылатын материалдар: карточкалар, ұпай санау парағы, жауап парағы. Б. Пайдаланатын әдебиеттер: қызықты математикалық есептер туралы оқулықтар, жалпы білім беретін мектептің 10 сыныбына арналған оқулық, «Физика және математика» журналдары. Шараның мазмұны Барысы: «Жарық жұлдыз» интеллектуалды ойыны жан-жақты білімді, логикалық ойлау қабілеті жоғары, әр түрлі мәселелерге талдау жасап, пікірін қорғай алатын білімгерді анықтауға бағытталған. Жалпы, ойын V тур бойынша жүргізіледі. Әр турдың өзіне сай ережелері мен шарт, талаптары бар. І турдан ІV турға дейін білімгерлер екі топ болып жарысады, ал ІІІ турдың соңында ұпай саны аз топ ойыннан шығарылады. IV турда жеңіп шыққан топтың білімгерлері бір-бірімен сайысқа түседі, ең соңында жеңімпаз анықталады. Ойынға 10 «А» және 11 «А» білімгерлері қатысып, бақ сыңасады. Бақ сыңаушылардың саны – 10 білімгерді құрайды. «Мектеп шамшырағы» интеллектуалды ойынының жеңімпазын арнайы сайланған әділ-қазылар алқасы анықтайды. Әділқазылар алдына ойын ережесі, жауап парақтары мен ұпай санау парақтары таратылып беріледі. 1-жүргізуші: Армысыздар ұстаздар! Айтар ойын тұспалдар Сіз оқытқан оқушылардың Сәті келді сыналар. 2-жүргізуші: Сәлеметсіздер оқушылар! Нақты ғылымдарға қызығушылар Естігенін естіп тұрып Оқығанын миға тоқушылар. 1-жүргізуші: Бүгінігі “Мектеп шамшырағы” интеллектуалды шоуға, Қош келдіңіздер! (2-еуі бірге) 2-жүргізуші: Алдарыңызда отырған, Әділқазы алқасы. Сіздерден әділ шешімді, Күтеді бүгін баршасы. Жүргізушілер әділқазы алқасымен таныстырып өтеді. 1-жүргізуші: - Уа, жарандар, жарандар! Бәрің бері қараңдар, Бүгінгі кеш төрінде Математика елінде Математика тілінде Есеп шешіп жарысып, Жұмбақ шешіп аңдысып, Шабыт тасып шалқысып, Есеппен ән салысып, Көңілді кеш жасайық, Асып әсте саспайық, Батыл қадам жасайық, Кеш қызығын, ей достар, Осылайша шабытпен Қане енді бастайық. 2-жүргізуші: Шақырымыз, келіңдер жарысуға, Күш, өнер, білімменен алысуға Бар өнерді салайық, ортамызға Қанеки, кім шығады сайысуға. Ортаға жарысқа қатысушы топтар шығып, өздерін таныстырады. 1-топ “Қырандар ” Өнер қуған математик жастармыз, Есебіңді шапшаң шешіп тастармыз. Тобымыз өңшең алғыр, қырандар, Ерен қуған вундеркинд бастармыз. 2-топ “Константа ” Келешекте өміріміз талапты Атақ-даңққа бөленеміз қарап тұр Сегіз қырлы өнер асып туғандар Оза шауып, бәйге атындай жарап тұр. 1-жүргізуші: Қарап тұрмай есеп шешіп еріңіз Шәкірттерге әділ шешім беріңіз Жүзден жүйрік мыңнан тұлпар шығарар Бірінші тур “Сен білесің бе?” көріңіз. І – тур. Ережесі: Ойынға екі топ білімгерлері қатысады. Сұрақтар білімгерлерге математика тарихы бойынша дайындалады. Сұрақ топ басшыларына жеребе тастау арқылы басталады. Сұрақтар экранда тиісті ұпай сандарының астында жазылады. Берілген әрбір дұрыс жауап үшін сәйкесінше ұяшықтағы ұпай саны қосылады. Жауап дұрыс болмаған жағдайда, жауап беру құқығы келесі топқа өтеді. «Сен білесің бе?» турының сұрақтар: 10 ұпайлық сұрақтар: 1) Масштаб дегеніміз не? (Картадағы кескін ұзындығының оған сәйкес жер бетіндегі қашықтыққа қатынасын масштаб деп атайды) 2) Шеңбердің неше симметрия осі бар? (шексіз көп) 3)Тік бұрышты үшбұрыштың 30º-тық бұрышқа қарсы жатқан катеті неге тең? (гипотенузаның жартысына тең) 20 ұпайлық сұрақтар: 1) Архимедтің «Еврика» сөзінің мағынасы қазақша қалай? (таптым) 2) Аты координаталық жүйемен байланысты француз математигі кім? (Р. Декарт) 3) Тік бұрышты үшбұрыштарға қатысты теореманың авторы кім? (Пифагор) 30 ұпайлық сұрақтар: 1) «Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін – математика, сондықтан оны оқу керек». Бұл сөздің авторы кім? (М.В. Ломоносов) 2) «Математика – ғылымдар патшасы, ал арифметика – математика патшасы». Бұл сөздің авторы кім? (К. Гаусс) 3) Отырардан шыққан ұлы ойшыл, математик. (Әль-Фараби) 1-жүргізуші: Әділқазы алқалары топтардың ұпай сандарымен таныстырса? 2-жүргізуші: Қойылған сұрақ есепке Ойланып жауап іздейік Уақытты текке өткізбей Лезде шешіп тастайық. 1- жүргізуші: Келесі тур – “Сандық ребустар”. ІІ – тур. Ережесі: Бұл турға екі топ білімгерлері де қатысады. Әрбір топқа жеке-жеке үш ребустан беріледі. Бұл ребустарда сандық есептер жасырылған. Әрбір дұрыс шешілген ребусқа 20 ұпай беріледі. Топтарға 7 минут уақыт белгіленеді. «Сандық ребустар» турының сұрақтары: № 1 ребус № 2 ребус № 3 ребус № 4 ребус № 5 ребус № 6 ребус 2-жүргізуші: Көрерменсіз жалғыз қалар жүйріктер О, оларсыз көңілдерде күй бітпер! Математика жайлы сұрақтар бар аздаған Ал, көрермен жауабын айт, билік бер! Келесі сұрақтар көрермендерге арналады. 1) Жаңылмастан жетеуі, Кезек қызмет етеді. (апта күндері) 2) Нәрселерді санағанда Керек ол бізге ауадай. Айтыңдаршы бұл қандай сан Жан-жағына қарамай. (натурал сандар) 3) Алматыдан Астанаға дейін ұшақ 1 сағат 30 минут ұшты, ал қайтарда сол жылдамдықпен 90 минут ұшты. Бұл қалай? (1сағ 30мин=90 мин) 4) Үш ат жегілген күйме 1 сағатта 15 км шауып өтті. Әрбір ат қандай жылдамдықпен шапты? (15 км/сағ) 5) Тоғайда 10 қырғауыл отыр. Аңшы олардың екеуін атып алды, нешеуі қалды? (екеуі) 6) Барлық Араб цифрларының көбейтіндісі нешеге тең? (0) 7) 10 центнер темір ауыр ма, 1 тонна мақта ауыр ма? (тең) 8) Бұрыштың төрт бұрышы бар. Егер оның бір бұрышын кесіп тастаса, неше бұрышы қалады?(5) 9)Сағаттың тілі тәулігіне неше рет тік бұрыш жасайды? (4) 2-жүргізуші: Әділ қазы алқалары топтардың ұпай сандарымен таныстырса? 1-жүргізуші: Біздің білімгерлерімізді ойландыратын келесі тур – «Математикалық эстафета». ІІІ – тур. Ережесі: Бұл турға екі топ білімгерлері де бірдей уақытта қатысады. Тақтадағы плакатта екі топқа арналған әртүрлі бес-бестен он карточкалар ілінген. Әрбір карточканың артында шешімдері бір-бірімен байланысқан қарапайым теңдеулер жасырылған. Егер топ берілген бір теңдеуді дұрыс шешсе, онда олардың қоржындарына 10 ұпай қосылады. Егер теңдеу дұрыс шешілмесе, онда ұпай топ қоржынына қосылмайды. Егер екі топтың да ұпай сандары бірдей болса, онда екі топта бір-бір сұраққа жауап береді. Бұл турдан кейін ұпай саны аз топ жарыстан шығарылады. «Математикалық эстафета» турының теңдеулері: І-нұсқа 1) 2) 3) 4) 5) Жауаптары: ; ; ; ; ІІ-нұсқа 1) 2) 3) 4) 5) Жауаптары: ; ; ; ; «Математикалық эстафета» турының сұрақтары: 1) Бес тоғыздың көмегімен 1000 санын қалай шығарып алуға болады? ( ) 2) 1-ден 100-ге дейінгі барлық натурал сандардың қосындысын табыңыз? (5050) 3) Шахмат турниріне 10 адам қатысқан. Әрбір ойыншы қалғандарымен бір партиядан ойнап шыққан. Барлығы неше партия болған? (9*10=90) 4) Торғайлар ұшып келіп бұтаққа қонды. Егер торғайлар бұтаққа бір-бірден қонса, бір торғай артық, ал екіден қонса бір бұтақ артық қалады. Торғай қанша, бұтақ қанша? (4 торғай, 3 бұтақ) 5) Бір жанұяның бес ер баласы бар, және олардың әрқайсысының қарындастары бар. Жанұяның қанша баласы бар? (6) 2-жүргізуші: Әділқазы алқасы топ ұпайларымен таныстырса. - Ал енді ұпай саны аз топты қошеметпен шығарып салайық, олармен біз қоштаспаймыз, біз оларға келесі кездескенше дейміз. 1-жүргізуші: Біздің келесі турымыз – «Әдемі графиктер». ІV – тур. Ережесі: Бұл турда ойында қалған топтың білімгерлері бір-бірімен сайысқа түседі. Қалған бес білімгерлерге әртүрлі сандық функциялар беріледі. Олар өздеріне берілген функциялардың графиктерін екі өлшемді координаталар жазықтығына салады. Жауабы дұрыс екі білімгер ойында қалады, ал қалған білімгерлер ойыннан шығарылады. Білімгерлерге 5 минут уақыт беріледі. «Әдемі графиктер» турының сұрақтары: 1) функциясының графигін салыңыз. 2) функциясының графигін салыңыз. 3) функциясының графигін салыңыз. 4) функциясының графигін салыңыз. 5) у=х³функциясының графигін салыңыз. 2-жүргізуші: Әділқазы алқасы білімгерлердің жұмыстарын бағаласа. - Ал енді ұпай саны аз білімгерлерді қошеметпен шығарып салайық. 1-жүргізуші: Біздің келесі асыға күткен турымыз – «Кім жылдам». V – тур. Ережесі: Бұл турда қалған екі білімгерге әріптері адасқан жеті математикалық ұғымдар жазылған екі плакат қойылады. Осы плакаттағы математикалық ұғымдарды білімгерлердің қайсысы бірінші болып дұрыс ретімен жазып шықса, онда сол білімгер осы турдың жеңімпазы болады және осы ұйымдастырылған шараның «Жарық жұлдызы» деген атаққа ие болады. І-нұсқа ІІ-нұсқа илндриц цилиндр нуско конус вадрсект квадрат пециратя трапеция ЛЕСУӘ СӘУЛЕ ҰРШЫБ БҰРЫШ РОТКЕВ ВЕКТОР ӨЛКЕШБ БӨЛШЕК КИРЬЛУЦ ЦИРКУЛЬ НУКЯИФЦ ФУНКЦИЯ АДАПИРИМ ПИРАМИДА ТЕРАЛГИН ИНТЕГРАЛ ЦИПОРЯРОП ПРОПОРЦИЯ АПРЕЛЬЛЛА ПАРАЛЛЕЛЬ 1-жүргізуші: Сонымен көптен күткен “Мектеп шамшырағы” болатын білімгерді анықтадық. Ең ақылды білімгерді марапаттау мәртебесі әділқазы алқасына беріледі. | |
Просмотров: 1625 | Загрузок: 164 | Комментарии: 1 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|