Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Математика

Мәтінді есептерге теңдеулер құру және шешу
[ Скачать с сервера (1.35 Mb) ] 2014-01-23, 6:26 PM
Сабақтың тақырыбы: Мәтінді есептерге теңдеу құру және шешу
Мақсаты: Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді шешу алгоритмін қайталау, осы тақырып бойынша алған білімдерін жүйелеу
Міндеті:
Білімділік: Мәтінді есептерге теңдеу құру дағдылары шыңдалады, оларды шешіп, түбірін табу амалдары қарастырылады; дайын мәліметтер бойынша есеп құрастыру әрекеттері
Дамытушылық: Өз бетімен және топпен жұмыс істеу дағдылары қалыптастырылады, математикадан алған білімдерін күнделікті өмірде де пайдалана алуына ықпал жасалады;
Тәрбиелік: пәнге деген қызығушылықтары арттырылады, өй-өрістері кеңейеді, туған жер, туған өлкеге деген сүйіспеншілікке тәрбиеленеді, өз елім деген мақтаныш сезімдері жоғарылайды.
Сабақ түрі: қайталау қорытынды жасау
Типі: аралас сабақ
Әдісі: миға шабуыл», диалогтік тәсіл, топтық және өзіндік жұмыс, түсіндіру, шығармашылық жұмыс
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар, рефлексия тақтасы (жол жүру белгілері), стикерлер.
Ұйымдастыру формасы: топтық жұмыс
Сабақ барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі
a. Сәлемдесу, топтарға бөлініп орналастыру (геометриялық фигуралар бойынша 4 топқа бөліну).
b. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру (дәптерлерін, оқулықтары дайындау)
2. Сабаққа кіріспе: «Миға шабуыл» әдісі.
Сабағымызды бастамас бұрын, миымызды сергітіп алайық, ол үшін бірқатар сұрақтарға тез әрі толық жауап берейік.
a. Біз қай қалада тұрамыз? (Семей)
b. Осы қаланың негізі қай жылы қаланды? (1718 жыл)
c. Қаланы екіге бөліп тұрған қай өзен? (Ертіс өзені)
d. Жылдамдықтың өлшем бірлігін ата (км/сағ)
e. Өзеннің жылдамдығын оқы: 1,5 м/с
f. Осы екі жағалауды қосып тұрған үлкен көпірдің атауы? (Аспалы көпір)
g. Аспалы көпірдің ұзындығын километрмен ата: 1086 метр-
h. Пропорцияның қасиетін ата (Пропорцияның шеткі мүшелерінің көбейтіндісі, ортаңғы мүшелерінің көбейтіндісіне тең)
i. Семейде құрылыс материалдарын шығаратын қандай зауыттарды білесің? (Силикат зауыты, цемент зауыты)
j. Цемент зауыты қай жағалауда орналасқан? (Сол жағалау)
k. Масштабты оқы: 1:100000 (Бірдің миллионға қатынасы)
l. Семей қаласы қай облысқа жатады? (ШҚО)
m. Облыс орталығы қай қала? (Өскемен)
3. Үй тапсырмасын тексеру:
a. Слайдтағы сұрақтарға жауап бере отырып, пазлды құрастыру. Пайда болған суретті атау (1- тапсырма Ауэзов алаңы)
b. 2-тапсырма Абай алаңы
c. Өзіндік жұмыс (жеке тапсырмалар)
4. Сабақтың тақырыбын хабарлау
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Мәтіндік есептерге теңдеу құру және шешу». Және жай ғана теңдеу шешу емес,өздерің байқағандай, Семей өңірі бойынша деректерге сүйеніп құрылған теңдеулерді шешу. Сабағымыздың мақсаты: мәтіндік есептерге теңдеу құру алгоритмін қайталау, осы тақырыптар бойынша алған білімдерімізді жүйелеу.
Осы сабағымыздан күтілетін нәтиже:
1. Оқушылар мәтіндік есептерге теңдеу құрып, оны шеше алады;
2. Есептерді шығару барысында қолданған әдіс тәсілдер мен амалдарды өмірде қолдана алады;
3. Деректер мен ақпараттарды пайдаланып, есеп құрастыра алады.
Топ бойынша жұмыс.
Осыған орай, әр топқа келесі есептерді шешу ұсынылады (есепті шығару уақыты 3-5 минут):
Үшбұрыштар тобы: 2013 жылғы деректер бойынша Семей қаласының халқының саны 314 724 адам. Олардың ішінде: 63,3% - қазақтар, 27,9% - орыстар, және қалғаны басқа ұлт өкілдері. Қазақ, орыс және басқа ұлт өкілдерінің санын анықтаңдар
Бесбұрыштар тобы: Ертіс өзенінде катермен шыққан балықшы, өзен ағысымен бір нүктеден екінші нүктеге дейін 2 сағат жүзіп, қайтарда бастапқы нүктеге өзен ағысына қарсы 3,5 сағат жүзіп келді. Егер өзен ағысының жылдамдығы 1,5 м/сек екендігі белгілі болса, онда катердің меншікті жылдамдығы қандай болады?
Шеңберлер тобы: Семей және облыс орталығы Өскемен қалаларының арақашықтығы 200 км. Осы екі қаланың картадағы арақашықтықтарын есептеңдер, егер картаның масштабы: 1) 1:2000000; 2) 1:1000000
Жұлдыздар тобы: Портланд цемент 500 маркалы цементін пайдаланып, үйдің іргетасын қалауға арналған 73 литр ерітінді дайындау үшін 40 литр құм, және 58 литр ұсақ тас қажет. Егер осы маркалы цементтен 90 литр ерітінді дайындау керек болса, онда құм мен ұсақ тастан неше литрден алу керек?
4. Сергіту сәті.
Балалар, біз өзіндік тапсырмалар да орындадық, сұрақтарға да жауап бердік, есепті де шығардық, енді бір сәт сергіп алайық (сергіту бейнеклипымен жаттығулар орындау). Жақсы ойымыз да, денеміз де сергіп қалды, енді шығарған есептерімізді сыныптың басқа оқушыларына да түсіндірейік. Ол үшін 1-ден төртке дейін санап, 1-ші нөмірлі оқушылар Үшбұрыштар тобына, 2-ші нөмірлі оқушылар Бесбұрыштар тобына, 3-ші нөмірлі оқушылар Жұлдыздар тобына, және 4-ші нөмірлі оқушылар Алтыбұрыштар тобына ауысамыз. (оқушылар топтарымен ауысады, сол топта қалған оқушылар есептің шығарылу жолын түсіндіреді).
5. Есепті тексеру:
4 топтың оқушылары шығып, шешулерін жазып көрсетеді. Топ оқушылары дұрыс немесе қате екендігіне баға береді.
6. Рефлексия
Жақсы, енді балалар мынандай сұраққа жауап іздейік: бұл амал-тәсілдерімізді, осы типтес есептеулерді өмірде қалай қолданар едік? Бұл білетіндеріміздің бәрі не үшін қажет? (Оқушылардың жауаптарын тыңдау) Олай болса, нақты мысалдарда қолданып көрейік. (Оқушыларға дайын деректері жазылған екі кесте ұсынылады). Мына деректерді пайдаланып, есеп құрастырып көріңдер, және бұл есептерімізді басқа 6 сынып оқушыларына ұсынып көрейік. Ал сендерге, бүгін және осы күнге дейін қарастырған теңдеу туралы тақырыптары бойынша тағы да бір мәрте қайталау және бекіту ретінде мына тапсырмаларды үйге беремін (тапсырмалар карточкаларда).
Кері байланыс. Енді, сабағымызды қорытындылай келетін болсақ, біз сабақ басында айтып өткен күтілетін нәтижелерімізге жеттік. Осы сабақтан алған әсерлерімізді (Түзу жүру белгісі), немесе немесе әлі де түсінбей қалған сұрақтарымыз бар, оларды жоюға қадам бастым десең (Жаяу жүргінші өтетін жолақ), не кімде кім ештемені түсінбедім дегендер бар болса (Жол жоқ белгісі), ойларыңды алдыларыңда тұрған үш түрлі стикердің біреуіне жазып, жол жүру ережелеріне сәйкесінше жабыстырыңдар. Сабақта белсенді жауап беріп, жақсы жауап бергендерге сәйкесінше «5», «4» деген бағалар қойылады.
Категория: Математика | Добавил: Aijan-84
Просмотров: 4459 | Загрузок: 361 | Комментарии: 3 | Рейтинг: 3.0/2
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Суббота, 2024-11-02, 2:24 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru