Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Математика

«Көңілді тапқырлар» сайысы.
2014-04-03, 4:35 PM
Сыныптан тыс жұмыс.
«Көңілді тапқырлар» сайысы.
№26 жалпы орта білім беру мектептің математика мұғалімі
Молдагельдинова Салтанат Оралбайқызы.
Мақсат: Оқушыларды тапқырлыққа,алғырлыққа баулу, ізденімпаздыққа, ұйымшылдыққа,шапшандыққа тәрбиелеу, пәнге деген қызығушылығын дамыту.
Жүргізуші: Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар!
Босқа қарап тұрманыздар.
Қызықты сайысымыз басталды,
Қызықтан, қалмаңыздар.
Сәлеметсіздерме, жиналған көпшілік.Назарларынызға «Көңілді тапқырлар» сайысын ұсынбақпыз.Ден қойып тындап, өздеріңізге қажеттілеріңізді тауып, қайтуларыңызға тілектеспіз.
Ойынға қатысушы үшін: «Тапқырлар» мен «Білгір» топтары келіп отыр.Әр топта 5 сайыскелерден.Сайыскерлерді шақырмас бұрын кеш барысын қадағалап тұратын әділ бағасын беретін-әділ қазылар тобымен таныстыруды өзіме мәртебелі міндет санаймын және ол адамдардан:
Шеберлікті,білімді
Сараптан сендер көріңдер
Әділ қазы алқасы
Әділ баға беріңіздер!-деп сайыс ұйымдастырушылар атынан өтінемін. Сонымен, әділқазылар алқасы мүшелерімен таңыс болайық:-------------------------

Біреуі озса жарыста,
Біреу артта қалады.
Ренжімей тараса,
Озбағандар жарады.
Жарыс заңы ежелден,
Жеңімпазды анықтау.
Жеңімпаз болу шарты сол-
Еңбектену,жалықпау!
Сәт сапар тілеп бәріне,
сайысты біздер бастайық
Көрсетіңіздер өнерді,
қалмаңыздар жасқанып-дей отырып ортамызға ту етіп достықпенен татулықты «Тапқырлар» тобын қарсы алайық.Ду қошемет. Ортамызға «Білгір» тобын қарсы алайық.Қошемет.
Ал енді сайысымызды бастайық.
I кезен: «Өзім туралы» -5 ұпай
1. Топты таныстыру
2. эмблема
3. Топтың ұраны
II кезен: «Ойын ойнау» қалт етпей қағып ал,жауабын тауып ал.
Ойын тәртібі: бір-біріне допты лақтырып,саны бар мақал-мәтелдерді айтып беру-10ұпай.
III кезен: Логикалық есепті екі топ кезектесіп шешеді-10ұпай.
1. 6м бөренені бір метрден неше жерден кесу керек.
2. Себетте 5 алма бар еді.5 алма себеттен 5 балаға таратып бергенде,1 алма қалады. Сонда қалай болғаны?
3. Бірнеше үйрек ұшып келеді.Біреуі алдында,екеуі артында,екеуі алдында,біреуі артында,біреуі екеуінің арасында және үшеуі қаз-қатар. Қанша үйрек ұшып келе жатыр?
4. Әсем поездың басынан есептегенде 7-вагонга отырды.Алия поездың соңынан есептегенде 7-вагонга отырды.Сонда қыздар бір вагонда болды. Поезда неше вагон болды?
5. Бір кемпір: « Сапырып-сапырып Сарманға бер,
Құйып-құйіп Құрманға бер,
Есіктегі екеуге бер,
Төрдегі төртеуге бер,
Өзің іш те маған бер»-деген екен.Мұны естіген ұрылар:-«Қой мұнымыз бекер болар.Бұл үй толы кісі,әрі бізден екі есе артық екен,кетейік»-деп кетіп қалыпты.Кемпір тапқырлығымен ұрыларды осылай қорқытыпты.Сонда үйдегі адам нешеу,ұры нешеу?
6. Бір-бірімен жарысқан
Төрт аю,бір арыстан
Екі қой мен бір түлкі
Бәрі нешеу,кім білді?
7. Бір топ торғай ұшып келіп,бұтаққа қонады.Егер торғайларбұтаққа бір-бірден
қонса,бір торғай артық,ал екі-екіден қонса,бір бұтақ артық қалады ? Торғай
нешеу,бұтақ нешеу?
8. 5 мысық 5 тышқанды 5 минут ұстаса,онда 1 мысық 1 тышқанды неше минут
ұстайды?
9. Жылдың неше айында 28 күн бар?
10. Сағат үшті көрсеткенде,оның сағаттық және минуттық тілдері қандай бұрыш жасайды?
IV кезең: Математикалық жұмбақтарды шешу -5 ұпай
1. Жүз мүйізі бар
Үстінде киізі бар. (киіз үй)
2. Қос құлақты жүз тісті
Жүзінен бірақ із түсті (ара)
3. Екі қатар тал шарбақ,
Күндіз алыстайды,қабыспайды
Түнде қабысады,жабыспайды. (2 кірпік)
4. Бұлбұлдың екі құлақ,бір басы бар
Салдырған сегіз жерден таңбасы бар
Бұлбұлды жолға салып айдағанда
Салтын неше түрлі жорғасы бар. (домбыра)
5. Енкеймесе ,екі бетін кір басар,
Еңбектенсе,екі беті нұр шашар (кетпен)
6. Доп емес, дөңгелек емес
Ұқсас бірақ достарым
Фигура ол ен негізгі
Дәл жауапты қостадым ( шеңбер)
7. Жиырма төрт батыр бірін-бірі жеп жатыр (дойбы)
8. Бес жігіт сапар шегіп шықты жолға
9. Мінгені бесеуінің жалғыз жорға (қолғап)
10. Жоқ өзінде бас та ,қасы да, мойын да ұзындығы жазулы тұр бойында (сызғыш)
V кезен.Фигуралармен жұмыс істеу.-10 ұпай.Екі таяқшаны ауыстырып, сиырды артқа қарату.
Жауабы:


VI кезен. Математикалық термин сайысы-5 ұпай.
Бір математикалық терминды жазып,сол сөздегі аяқталатын әріппен келесі терминды бастау керек.Қай топ көп термин жазса,сол топ жеңімпаз атанады.

Әділ қазылар алқасына сөз беріледі.
Жүргізуші:
Игеріп атом күшін игілікке
Бұл күнде ғылым саны тұр биікте
Ойлап тапқан бәрін де адам миы
Сондықтан бас иемін жүйріктікке. Бүгінгі сайысқа қатысқан оқушыларға рахмет айта отырып Ыбырай ата жазған өлең шумағымен аяқтаймын:
Оқысыңдар балалар
Шамнан шырақ жағылар
Тілегенің алдынан
Іздемей-ақ табылар.

Павлодар қаласы.
Категория: Математика | Добавил: Дариға
Просмотров: 1809 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 1.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Суббота, 2024-11-02, 10:14 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru