Главная » Файлы » В помощь учителю » Математика |
2014-11-05, 2:10 PM | |
Тақырыбы: «Рационал сандар» тарауын қайталау Сабақтың мақсаты: Білімділік: рационал сандарды салыстыра білу, ауызша есептеу дағдаларын қалыптастыру, білімдерін тиянақтау; Дамытушылық: оқушылардың логикалық ойлау және өз беттерімен есеп шығару қабілеттерін дамыту Тәрбиелік: оқушылардың өз ойын толық, дұрыс жеткізе білуге, тапқырлыққа, жылдамдыққа, ептілікке тәрбиелеу Сабақтың түрі: білімдерін талдап қорыту және жүйеге келтіру сабағы Сабақтын типі: қайталау – пысықтау сабағы Сабақтың көрнекілігі: кесте, тест есептері, сұрақтар жазылған карточкалар, бағалау парағы Cабақтың жүру барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі (3мин) а)Сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру; ә)Топтарға бөлу (қолымдағы түстермен қиылған фигураларды тандау арқылы. «Натурал сандар», «Бүтін сандар», «Рационал сандар»).Бағалау парағын тарату. ІІ. Үй жұмысын тексеру (№384,388) Тақырыпты оқушылар өздері ашу мақсатында алдарында жатқан сөзжұмбақ пен ребусты шешу тапсырмасы беріледі. (3 мин) ІІІ. Викториналық сұрақтар Интерактивті тақтада жауаптары жасырылған сандар жазылған кестеде оқушылар сұрақтарға жауап береді. №1 Кеше күн үш градус суық болған,бүгін күн екі градус жылы. №2 Тарбағатай жоталарының ең биік жері теңіз деңгейінен 2992 м биіктікте,Каспий ойпаты теңіз деңгейінен 28 м тереңдікте. №3 Координаталық түзу дегеніміз не? №4 Қандай сандар қарама-қарсы сандар деп аталады? №5 Мына сандарға қарама-қарсы сандарды атаңдар:-3; 9; 0,3; - 1/7 №6 Санақ басы болатын О нүктесінің координатасы неге тең? №7 Мына сандардан бүтін сандар жиынының элементтерін теріп жазыңдар:-99;-1/9;0;99; 9 №8 Бүтін, натурал сандар жиыны мен рационал сандар жиынының арақатынасын Эйлер-Венн дөңгелектерімен кескіндеп, практикалық тұрғыдан көрсетіңіз. №9 Санның модулі дегеніміз не? (5 мин) ІV. Деңгейлік тапсырмаларды орындау Қай топтың оқушыларының 15 минутта қанша тапсырма орындайтынын анықтау. Рационал сандарды салыстырыңдар: І топ ІІ топ ІІІ топ А деңгейі А деңгейі А деңгейі -6 * 0 -7 * 0 -8 * 0 -100 * 9,2 -3,5 *-5,3 -4,1 * -2,1 -8,1 * -1,8 -5 * 5 -6 * 6 В деңгейі В деңгейі В деңгейі |-4,5| * | 4,5 | |5,6 | * | -5,6 | |7,6 | * | -7,6 | | -50 | * | 15 | | -76 | * | 67 | |78 | * | 87| | -3,4 |* |-1,4 | | 2/5|* |-3/5 | |9,5 | * | -9,6 | С деңгейі С деңгейі С деңгейі 1,9 < * < 2,4 -0,5 < * < 0,2 2,9 < * < 3,5 -4,9 < * < -3,2 20,4 < * < 21,2 - 1,9 < * < -1,4 -0,5< * < 0,2 -9,5 < * < - 7,25 5,9 < * < 5,4 V. Білім- сыналар сәт №370. 1) 3|x|=12 3) 0, 9|x|=5, 4 5) 0, 7|- x|=2, 8 |x|=12: 3 |x|=5, 4: 0, 9 |- x|=2, 8: 0, 7 |x|=4 |x|=6 |- x|=4 X=4; x=- 4 x=6; x=- 6 x=4; x=- 4. №377. Қосындыны Гаусс әдісін пайдаланып, табыңдар: (жылдамдыққа шығару) 1)|- 5|+|- 7|+|- 9|+|- 11|+|- 13|+|15|+|- 17|+|19|=(5+19)/(2.)*8=96 2)|9|+|- 8, 5|+|8|+|- 7, 5|+|7|+|- 6, 5|+|6|+|- 5, 5|+|5|+|- 4, 5|=(9+4, 5)/2*10=13, 5*5=67, 5 №391 -3 < -1 -0,99 > -100 - 3/8 < -1/4 -1/4 >-2/5 -7/4 < -1,5 0 > -0,86 VІ. Тест тапсырмалары (жұптық жұмыс) (5мин) Тест тапсырмалары 1)Екі санның бөліндісі сол сандардың ….. деп аталады? А)мүшесі В) қатынасы С)пропорциясы 2) 24:8 қатынасына кері қатынасты көрсетіңіз А)24:8 В)8:24 С)1:8 3)Пропорцияның анықтамасын беріңіз? А) Екі санның бөліндісі В)Екі қатынастың теңдігі С) Екі санның көбейтіндісі 4)Пропорцияның белгісіз мүшесін табыңыз? 6:3=х:45 А)30 В)90 С)60 5)Егер бір шама бірнеше есе артқанда (кемігенде), екінші шама сонша есе артатын (кемитін) болса, онда мұндай шамалар …… деп аталады. А)пропорция В)тура пропорционал шамалар С) қатынас 6)Заттың 1 кг құны 60 тг тұрса, 2кг,3 кг заттың құны неше тг? А)240 тг, 300 тг. В)60 тг, 120 тг. С)120 тг, 180 тг. 7)Қатынастың белгісіз мүшесін табыңыз: х:7=35. А) 5 В)235 С)245 8)Есептеңіз: (3/4+1/5)∙5/19; А)4 В)1/4 С)1/5. 9) Үлкейту масштабына келтірілген мысалдардың қайсысы дұрыс? А)5:1; 1:10; 100:1. В)1:100; 1:10000; С)20:1; 25:1; 10:1. 10) Қатынастың алдыңғы мүшесін 3 есе арттырса , А)Соңғы мүшесі де 3 есе кемиді В)Соңғы мүшесі де 3 есе артады С)Алдыңғы мүшесі 3 есе кемиді. VІІ. Қане, оқушылар, тек тақырыппен шектелмей, өткен тарауды да еске түсірейік: Қандай тарауды аяқтадық? (Қатынастар мен пропорциялар) Осы жерде топтар бір-біріне сұрақтар қояды. (Барлығы қағаз бетінде болады. Сабақ соңында бағалайды) (10 мин) Сабақты бекіту сұрақтары: 1. Санның модулінің анықтамасы? 2. Оң және теріс санның модулі неге тең? 3. Қарама - қарсы сандардың модулі неге тең? 4. Таңбалар ережесін тұжырымдап айтып беру Үш тұғырлы тіл бойынша таңбалар ережесін өмірмен байланыстыра тұжырымдап айту. +(+)=+ Менің досымның досы менің досым. +(-)=- Менің досымның жауы менің жауым. -(+)=- Менің жауымның досы менің жауым. -(-)=+ Менің жауымның жауы менің досым. | |
Просмотров: 1161 | Загрузок: 0 | Комментарии: 5 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|