Главная » Файлы » В помощь учителю » Математика |
[ Скачать с сервера (15.4 Kb) ] | 2014-12-19, 10:55 AM |
Пәні: математика Сынып: 5 Реті:№30 Мерзімі: Сабақтың тақырыбы: Қосу мен көбейтудің заңдылықтарын қолданып өрнектерді ықшамдау Сабақ мақсаты: Білімділік: Қосу мен көбейтудің ауыстырымдылық, терімділік қасиеттерін қолданып өрнектерді ықшамдауын үйрету Дамытушылық: Сабақтың барысында оқушылардың ой – өрісін кеңейту, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Тәрбиелік: оқушының адамгершілік тұлғалық қасиеттері мен ұлттық дүниетаным мәселелеріне қатысты танымдық-тағлымдық ой-пікір туындату, ізденіске ықпал ету. Сабақтың түрі: Жаңа сабақ Құралдар: Т.А.Алдамұратова, Е.С.Байшоланов, Математика 5 сынып, Интербелсенді тақта, смайликтер, бағалау парағы. Әдіс-тәсілдер: АКТ, СТОҮ, Бж К, ОүБ,ТжД, ЖЕСО, ОБжК, диалогтік оқыту, топпен жұмыс. Оқыту нәтижесі: Қосу мен көбейтудің ауыстырымдылық, терімділік қасиеттерін қолданып өрнектерді ықшамдай алады. Сабақтың барысы: Сабақ кезеңдері Уақыт Модуль Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың іс-әрекеті Ұйымдаст. кезеңі 3 мин Оқыту мен оқудағы жаңа тәілдер 1.Жағымды психологиялық ахуал тудыру. 2.Топқа бөліну. 3.Топ ережесін еске түсіру. 4. Қайталау сұрақтары: 1) Санды өрнектерге мысалдар келтіріңдер? 2) Өрнектің мәні деп нені айтамыз? 3) Әріпті өрнек деп қандай өрнекті айтамыз? 4) Әріптің мәні деп нені айтамыз? 1.Шаттық шеңберіне тұрып бүгінгі күнге бір біріне сәттілік тілейді. 2. Қағаз қиындылары арқылы топқа бөліну. 3.Топ ережесін еске түсіру. 4. Көңіл –күй парағын толтыру 5. Санды және әріпті өрнектерді қайталайды БІЛІМ 8 мин СТОҮ 1 тапсырма. Қосындыны табыңдар: 6+18+25+5+2+4 1- тәсілмен. Қосылғыштарды тізбектеп қосып, қосындыны табыңдар. 2 тәсілмен. Қосынды толық ондық болатындай, қосылғыштарды топтап қосуды орындаңдар. Қосынды өзгерді ме? Қай тәсіл тиімді? 2 тапсырма. Көбейтіндіні табыңдар: 20∙15∙4∙5. 1 тәсілмен. Көбейткіштерді тізбектей көбейтіп, көбейтіндіні табыңдар. 2 тәсілмен. Көбейтінді толық ондық болатындай, топтап көбейтуді орындаңдар. Көбейтінді өзгерді ме? Қай тәсіл тиімді? - Өрнектерді ықшамдау үшін қандай қасиеттерді қолдандық? - Ендеше оқушылар бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай деп ойлайсыңдар? - Сабағымыздың мақсаты мен міндетін айқындап алайық. 1.Тапсырмаларды орындайды. Қай тәсіл тиімді екендігін анықтайды. 2. Өрнектерді ықшамдау үшін қандай қасиеттерді қолданғандығымызды анықтайды 3. Сабақтың тақырыбын ашады. 4. Сабақтың мақсаты мен міндетін айқындайды. ТҮСІНУ 5 мин СТОҮ, жұппен, топпен жұмыс, диалогтік оқыту Қосу мен көбейтудің ауыстырымдылық, терімділік қасиеттерін және мысалдарды постерге салдырамын. Қосу мен көбейтудің ауыстырымдылық, терімділік қасиеттерін және мысалдарды постерге салып, ЖИГСО стратегиясы бойынша басқа топқа түсіндіреді ҚОЛДАНУ 8 мин СТОҮ, ЖЕ Топта оқулықтан есеп № 29, 30, 31 Есептерді орындайды ТАЛДАУ 8 мин Топтық,Көшбасш. ЖЕ Есепті шығару өрнегін құрастырып, ықшамдаңдар. Өрнектің мәнін табыңдар. Топта оқулықтан есеп №32, 33, 34 Есептер құрастырады СЕРГІТУ СӘТІ 2 мин ЖЕ, АКТ Сергіту сәтін орындауды ұсынады Сергіту сәтін орындайды СИНТЕЗДЕУ 6 мин ТжД, ЖЕСО Өрнекті ықшамдап алып, сонан соң мәнін табыңдар : Топта оқулықтан есеп №38 БАҒАЛАУ Дарындылық пен шығармашылық Бж К, ОүБ, Тест 1. Өрнекті ықшамда: 19 – (14 + с) а) 5с; б) 5 +с; в) 33 – с; г) 5 – с. 2. 49 – (14 + с) өрнегінің мәнін табыңдар, егер с = 13. а) 48; б) 22; в) 36. 3. (а + b) – m = a + (b – m) теңдігі: а) саннан қосындыны азайту қасиеті; б) қосындыдан санды азайту қасиеті; в) қосудың терімділік қасиеті. 4. (157 + 34) – 124 : 62 өрнегінде азайғыш болады: а) 124 : 62; б) 157 + 34; в) 157; г) 124. Оқушылар тесті орындайды. Қорытынды 5 мин Кері байланыс 1.«Екі тілек, бір ұсыныс» 2. Бағалау парағы Үй жұмысы: №37 | |
Просмотров: 1275 | Загрузок: 34 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|