Главная » Файлы » В помощь учителю » Математика |
[ Скачать с сервера (183.9 Kb) ] | 2015-02-19, 11:48 AM |
Түсініктеме хат 70-жылдардың аяғында ғылыми педагогикада оқытудың негізгі екі типі орын алды: инновациялық және ұстанымды. Қазіргі таңда, дидактикада инновациялық оқыту орын алып келеді. Педагогикадағы негізгі тенденция – оқытуды нәтижелі өндірістік-технологиялық үрдіске айналдыратындай дидактикалық құралдар мен әдістерді іздеу. Бұл ізденіс «педагогикалық технология» деген түсінікке алып келді. Мұндай технолгиялардың бірі деңгейлеп оқыту технологиясы болып табылады. Бүгінгі күннің талабы әрбір оқушыға түбегейлі білім мен мәдениеттің негіздерін беру және олардың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау. Деңгейлеп оқытудың маңыздылығы: Сынып оқушылары жаппай жұмыс істейді. Бос отырған оқушы болмайды. Әркім өз деңгейін біліп, оны дамытуға тырысады. Қиындықтарды жеңе білуге дағдыланады, пәнді оқып үйренуге қызығушылығы болады. Ізденіс дағдысы қалыптасады, шығармашылық қабілеті дамиды. Деңдейлеп оқытудағы нәтиже: Алдына қойған мақсатына жете алатын оқушы тәрбиелеу. Әр оқушы өз білім деңгейін, мүмкіндігін, іскерлігін біліп қана қоймай, оны дамытады. Өз бетімен ізденіс дағыларын, шығармашылық қабілетті жетілдіретін, шығармашылық тұлға тәрбиелеу. Көкейкестілігі: Шығармашылық қабілетін барынша ашып, толыққанды қоғам құруға өзінің бар қабілетін, мүмкіндігін жұмсайтын шығармашылық қабілетті жеке тұлға қалыптастырады. Деңгейлеп оқытудың 4 деңгейі: 1-деңгей. Оқытушылық деңгей – оқушылардың жаңа тақырыптан алған білімдерін бекіту, практикада қолдана білуге жаттықтыру. Мұнда ережелерді, талдауларды білу қажет етіледі. Тапсырмаларды үлгі бойынша орындай алады. 2-деңгей. Алгоритмдік деңгей – үйренушілік деңгейдегі білім толықтыру, күрделі материалдарды жүйелей алуы, алған білімдерін басқа тапсырмаларды орындағанда пайдалана алуы, сол тақырыпты еркін меңгергені ескеріледі. 3-деңгей. Эвристикалық деңгей – материалды саналы түрде меңгеру. Бұл деңгейде оқушылардың меңгерген білімдерін тереңдету үшін танымдық ізденіс, әр түрлі жаттығуларды талдай, жинақтай алып және салыстыра білуі қажет. 4-деңгей. Шығармашылық деңгей - өз бетімен оқу материалдарын меңгеру. Құбылысты өз бетімен талдай келіп, шағын шығармашылық тұрғыдан зерттеу жұмысын жүргізуге баулу. Ерекшелігі: Таланттылар өзінің қабілеті мен икемділігін одан әрі бекіте түседі. Әлсіздер оқуға ниет білдіріп, сенімсіздіктен арылады. Оқушының оқуға деген ынтасы артады. Білім дәрежесі бірдей топтарды оқыту ісі жеңілдейді. Мақсаты: Қабілеті мен мүмкіндігіне қарай Топтардың ерекшелігіне бейімдеу Оқуға деген ынтасын арттыру Әдістер: • Топтап, жұптау оқыту • Оқытудың ұжымдық әдісі • Модульдік оқыту • Сатылай кешенді талдау әдісі Қызығушылықты ояту: үйрету үрдісі – бұрынғы білетіні мен жаңа үйретілетін білімді ұштастыру. Үйренуші жаңа ұғымдарды, түсініктерді, бұрын өз білетін білімін жаңа ақпаратпен толтырады, кеңейте түседі. Ойды қозғау, ояту, ми қыртысына тітіркендіргіш арқылы әсерету жүзеге асады. Осы кезеңге: топтау, түртіп алу, ойлану, жұпқа талқылау, болжау, әлемдік шеңбер т.б. әдістер жинақталған. Негізгі мақсаты - үйренушінің белсенділігін артыру. Ал мұғалімнің басты міндеті – студенттің әрбір ұғымды, терминді, заңдылықтарды жаттанды қабылдамай терең ұғынып, теориялық білімдерін есеп шығаруда, практикада қолдана білуге, дәлелдеуге, талдау жасауға үйрету. Бұл мақсата мұғалімнің үнемі ерінбей-талмай ізенуді, дидактикалық әдістемелік жағынан өз деңгейін жетілдіруді, сабақ өткізудің тиімді жолдары мен әдістерін қарастыруды талап етеді. Сабақ жоспары Тақырыбы: Симплекс әдісі. Сабақтың типі: аралас сабақ. Сабақтың мақсаты: - білімділік: Симплекс әдісі туралы түсінік беру: теоремалар, кестелер, тіктөртбұрыш әдісі; - дамытушылық: Ойлау қабілетін дамыту; - тәрбиелік: Сабақта уақытты тиімді пайдалануға, өзіндік жұмыс істеуге тәрбиелеу, іскерлік пен дағдыны қалыптастыру, тақырыпқа қызығушылығын және танымдылық қабілетін арттыру, жауапкершілікке, еңбекқорлыққа баулу. Оқыту әдістері: репродуктивтік. Пән аралық байланыс: математика, экономика. Көрнекіліктер: кітаптар. Үй тапсырмасы: 1. Қайталау: Гл 14- 14.2 (Красс М. С., Чупрынов Б. П., «Математика для экономистов»); 2. Есепті симплекс әдісімен максимумға зертте. № 14.11 Сабақтың құрылымдық элементтері І. Ұйымдастыру кезеңі. ІІ. Үй тапсырмасын сұрақ-жауап әдісімен қайталау. 1. Өтілген тақырып бойынша сұрақтар. ІІІ. Жаңа тақырыпты баяндау әдісімен түсіндіру. 1. Симплекс әдісі. Cимплекстік кестелер және шешу алгоритмі. 1.1. Симплекстік кестелер 1.2. Симплекс тәсілінің алгоритмі 2. Симплекс әдісін сызықтық бағдарламалау есептерінде қолдану (мысал). IV. Жаңа тақырыпты бекіту. 1. Сызықтық бағдарламалау есебі дегеніміз не? 2. Симплекстік кестелер (теоремалар)? 3. Есепті шешу алгоритмі? 4. Тапсырмалар. V. Сабақты қорытындылау. VI. Үй тапсырмасы. | |
Просмотров: 1178 | Загрузок: 37 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|