Наша библиотека
Модуль таңбасы бар теңдеулер ,тенсиздик ( өздік жұмыстар және тест жинағы)
[ Скачать с сервера (321.5 Kb)
]
| 2015-03-11, 10:10 PM |
Математика пәнін сапалы түрде оқып білу бүгінгі заман талабы қажеттілігінен туындаумен қатар, жасөспірімдердің логикалық ойлау қабілетін дамытатын пәндердің бірі әрі бірегейі болып табылады. Сондықтанда бұл пәнді оқытатын мектеп мұғалімдері мен арнайы курс оқытушыларына да үлкен жауапкершілік жүктеледі. Осы мақсатта жоғарғы нәтижелерге жетуді көздегендіктен оқу әдістемелік құрал ұсынып отырмыз. Ұсынылып отырған оқу әдістемелік құралы жалпы білім беретін мектептің математика пәнінен 10-11 сыныптарға арналған оқулықтар негізінде Ұлттық Біріңғай тестілеуге дайындауға бағытталып жасалынған. Мектеп математика курсын терең меңгеруге арналған оқу құралында модуль таңбасы бар теңдеулер мен теңсіздіктер бөлімдерінің барлық тақырыптары мен қажетті негізгі ұғымдары қамтылған. Атап айтқанда, модуль таңбасы бар теңдеулер мен теңсіздіктерді геометриялық тәсілмен, квадраттау тәсілімен, интервалдар әдісімен, модульдің анықтамасын және негізгі қасиеттерін пайдаланып шешуді толық игеруге бағытталып жасалып отыр. Осы аталған тақырыптар бойынша негізгі ережелер мен формулалар беріліп, мысал есептер арқылы толықтырылған. Бұл құрал математика пәнін қайталау барысында курс оқытушылары мен оқушыларына көп көмегі болады деген мақсатпен құрастырылып отыр. Оқу әдістемелік құрал мұғалімдерге және мектеп оқушылары мен талапкерлерге арналған.
|
Категория: Математика | Добавил: Смагулбековна
|
Просмотров: 1733 | Загрузок: 80
|
| Рейтинг: 1.5/2 |
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[
Регистрация |
Вход ]