Главная » Файлы » В помощь учителю » Математика |
[ Скачать с сервера (32.0 Kb) ] | 2015-04-14, 10:00 AM |
Зеленов ауданы Көшім ЖОБМ-балабақшасы Қысқа мерзімді жоспар Пән мұғалімі: Сагынгалиева Маркиза Сибатовна Сыныбы: 8 Күні: 8 сәуір 2015 ж. Сабақтың тақырыбы Интервалдар әдісі. Мақсаты Есептің шығару жолдарының мазмұндылығына көңіл бөлу, оқушыларға есепті шешу процессінің әрбір қадамын анықтап, мақсатын негіздеу, қасиеттерін ескеріп шешу. Күтілетін нәтиже А) Теңсіздікті интервалдар әдісімен шығара алады. В) Рационал теңсіздіктерді шешімін анықтайды. С) Теңсіздіктің ең үлкен, ең кіші мәнін табады. Әдіс- тәсілдер «Сандар сөйлейді» әдісі, «Блум Таксономиясы» әдісі, «Пицца» әдісі, деңгейлік тапсырма Керекті жабдықтар Оқулық: Алгебра 8 сынып Ә. Н. Шыныбеков Алматы «Атамұра» 2012 Интербелсенді тақта, флипчарт, маркер, стикер, бағалау парағы, кері байланыс парағы, смайликтер, қайшы. Сабақ барысы: Сабақ кезеңдері Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті Кіріспе 3 минут. Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру мақсатында Қуанамын мен де, Қуанасың сен де, Қуанайық, достарым, Арайлап атқан күнге. 2 минут: Үй тапсырмасы № 298 иетербелсенді тақта арқылы тексеріледі. Оқушылар ортаға шығып, өлең шумағын хормен айтып, стикердегі теңсіздік түрлеріне қарай топқа бөлінеді. Топ басшыларына бағалау критерийі беріледі. Топ басшылары бағалау парағын толтырып отырады. Тұсаукесер 5 минут. Өткен тақырыпты қайталаймыз. «Сандар сөйлейді». 1. Мына теңсіздіктің неше бүтін шешімі бар? Бұл сандар нені білдіреді. Дұрыс, жауабы 70. Осы 70 санына байланысты қандай елеулі оқиғаларды білесіңдер? Ия, балалар Жеңіс туының желбірегеніне 70 жыл. Қан майданда кеуделерін оққа тіккен боздақтардың ерлігін еш ұмытпауымыз керек. Оларға мәңгі тағзым етіміз керек. 2. Мына сан аралығында неше бүтін шешімі бар? 1995 20 санына байланысты қандай елеулі оқиғаны білесіңдер? Биылғы жыл Ассамблияға 20 жыл. Біз көп ұлтты мемлекетпіз.Көп ұлтты бола тұра біз татумыз, іргеміз берік елміз. Мына қос теңсіздіктің неше бүтін шешімі бар? 550 санына байланысты қандай оқиғаларды білесіңдер? Біздің қазақ хандық дәуірі де тарихымызда маңызды рөл атқарады. Тәуелсіз ел болуымыздың түп тамыры осы қазақ хандық дәуірінен бастау алады. Блум Таксономиясы бойынша сұрақтарға жауап береді: • Қандай теңсіздік квадрат теңсіздік деп аталады? • Квадрат теңсіздікті шешу кезінде қандай әдістер қолданылады? • Квадрат теңсіздіктің жауабы қалай жазылады? • Қандай әдіс тиімді? • Интервалдар әдісі сен үшін маңызды ма? Неліктен? Әр топ тапсырманы бірлесе орындап, бір оқушы жауабын айтады. Ұлы Жеңіске 70 жыл. Қазақ елі хандығына 550 жыл 20. Ассамблияға 20 жыл 550. Қазақ хандығына 550 жыл. Оқушылар топта ақылдаса отырып, жауап береді. Негізгі бөлім 20 минут «Пицца» әдісі бойынша жұмыстанады: Екі топтың тапсырмаларын алмастырып беремін. Оқушылар топтасып жұмыстанады. Пицца салып, бірнеше бөліктерге бөліп, артына тапсырмаларды жазып, бөлек таза бетке тапсырмаларының жауаптарымен тапсырады. Олар тақтаға іліп, кезекпен тапсырманы орындайды, көрші топ мүшесінен есеп жауабын тексеріп тұрады. Деңгейлік тапсырма: І деңгей Теңсіздікті шешіңдер: 1. х(х+1)(х-7)≥0 2. ІІ деңгей Теңсіздікті шешіңдер: ІІІ деңгей Теңсіздіктің ең үлкен, ең кіші бүтін шешімін табыңдар: Оқушылар жеке жұмыстанады. 10 минуттан соң оқушылар дәптерлерін алмастырып, интербелсенді тақтадан жауаптарын тексереді. Топ басшылары бағалап отырады. Қорытынды Теңсіздіктерді интервалдар әдісімен шешу алгоритмі? Үйге тапсырма: № 231,232 Әр оқушы ретімен бір қадамын айтып шығады. Күнделіктеріне үй тапсырмасын жазады. Бағалау Рефлексия Ал енді топ лидерлерін тыңдайық. Смайлик бойынша бүгінгі сабақ туралы пікірлерін жазып, қалдырады. Топ лидерлері өз бағалау парағы бойынша бағаларын талдап айтады. Сабақтың өзіндік талдауы: Сабақ бағдарламадағы жоспар бойынша өтті. Сабақ құрылымы талапқа сай 45 минутқа сыйдырылды. Сабақ жоспарында қойылған мақсат-міндеттер толығымен орындалды. Оқушылар «Пицца» әдісінде белсенділікпен, қызығушылықпен қатысты, есептерді өздері құрастыра білді. Бақылаушыларда шығарылған есептерді мұқият тексеріп, өз жұмыстарын жауапкершілікпен атқарды. Зерттеуге алған орташа деңгейде оқитын оқушым Батырова Алтынай сабақ кезінде өзінің қалыпты деңгейінен жоғары дәрежеде білімін көрсете білді. Сұрақтарға жақсы жауап берді, есеп шығаруда теңсіздік жауабын жазуда қателіктер кетті. | |
Просмотров: 2171 | Загрузок: 99 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|