Главная » Файлы » В помощь учителю » Математика |
[ Скачать с сервера (849.9 Kb) ] | 2015-05-23, 1:12 PM |
№17 орта мектеп Математика пән мұғалімі Бердимурат Айгуль 6 сынып математика Сабақ тақырыбы Сызықтық функция және оның графигі Сілтеме Жоспар (күнтізбелік жоспар) Жалпы мақсаттары Сызықтық функция формуласымен танысу, графигін салу берілген суреттердің ішінен сызықтық функцияны анықтай білу,берілген функцияның графигі бойынша формуласын құрастыру. Оқыту нәтижелері Сызықтық функция формуласын біледі, графигін сала алады, берілген суреттерін анықтай біледі,берілген функция графигбойынша формуласын құрастыра алады Негізгі мақсаттары Сыни тұрғыдан ойлау, топпен жұппен жұмыс, интербелсенді тақтамен жұмыс, топ ережелерін қадағалау. Әдіс-тәсілдері АКТ, диалогты оқыту Көрнекілігі Слайдтар, таратпалар, оқулық Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу • Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру (3 мин) • Топқа бөлу «Жүрек жылуы» тренинг -оң алақанымызбен жүрегіміздің тұсына қойып, лүпілдеп соққан кішкене жүрегіміздің дүрсіліне бір сәт құлақ жүрегіміздің дүрсіліне бір сәт құлақ түріп көрейікші. -Жүректерінің соғысын сезесіңдер ме? -Менің жүрегім сендерге деген мейірімділікке, толы. -Менің жүрегім қамқаршы; Менің жүрегім, адал. -Менің жүрегіім жақсылыққа толы;Менің жүрегім бақытты. -Менің жүрегім қайырымды, т.б. Олай болса, осы жылы да жұмсақ, батыл да ақылды, қайырымды да мейірімді, нәзік те сыпайы, бақытты да қуанышты жүрегімізден шыққан жылуды айналамызға таратайық. (Алақандарын айналаға үрлейді.) Математикалық диктант «Миға шабуыл» 1. Тәуелсіз айнымалының әрбір мәніне тәуелді айнымалының бір ғана мәні сәйкес келетін тәуелділікті функция деп аталады 2. Тәуелсіз айнымалы аргумент деп аталады. 3. Тәуелді айнымалы функция деп аталады. 4. Функцияның берілуі тәсілдері формуламен кестемен н/е графиктен беріледі. 5. Тәуелсіз айнымалының қабылдайтын мәндерінің жиыны функцияның анықталу аймағы деп аталады. 6. Функцияның мәндер жиыны функцияның мәндерінің аймағы деп аталады. 1-топқа Оқушы х дәптер мен альбом сатып алмақшы. Егер бір дәптер 50 теңге тұрса , ал альбом 300 теңге тұрса, ол барлық сатып алатын заттар қанша ақша төлеу керек. 2-топқа Қоймада 5 тонна картоп болды.Күнде 3 тонна картоп әкелініп тұрды. Қоймада қанша тонна картоп болады? 3-топқа Турист А пунктен В пункіне дейін 40 км жол жүрді.В пункітінен сол бағытқа қарай автобуспен 1 сағатта 65 км жол жүрді. А пункітінен 2,4,5 сағаттан кейін арақашықтығы қанша болады? 4-топқа Дүкенде 450 метр мата бар еді. Оған күніне 230 метр мата әкелініп тұрды.Дүкенге х күн мата әкелінді онда неше метр мата болды? Тапсырма: Сызықтық фунция графиктерін салу және айырмашылықтарын түсіндіру ж/е функцияларының графиктерін координаталық жазықтықта салу. Графиктердің өзара қиылысу нүктесін табу. Дене қимыл жаттығуларын жасау. Логикалық есеп Кітаптан есеп шығару №1344 . №1345, Нүктелерін тап Cөзжұмбақ “Шартараптан” 1. P=2(a+b), S=ab түрінде берілген теңдіктерді қалай атаймыз? 2. Тәуелсіз айнымалы қалай аталады? 3. Жазықтағы нүктенің орнын табу үшін нені білуіміз керек? 4. Екі нүктемен шектелген түзудің бір бөлігі 5. Шеңбер сызуға арналған құрал қалай аталады? 6. Координаталық жазықтықтағы горизонталь ось қалай аталады? 7. Координаталық жазықтықты құрайтын өзара қалай орналасады? Әр топ өзін-өзі формативті бағалайды, бүкіл сабақ бойы көрсеткен білімдеріне сәйкес жинақтау бағасын шығарады. Жеке-жеке оқушының бағасы қойылды. Сабақ соңында стикер жазып жабыстырады. Қызыл орындай алмаймын Сары Сенімді емеспін Жасыл орындай аламын Сызықтық функцияның формуласын білемін Оның графиктерін сала аламын Графигі бойынша формуласын құрастыра аламын Берілген суреттерден сызықтық функцияның графиктерін таба аламын Оқулықпен жұмыс №1350, №1353, №1358 Рефлексия есеп. Бұл сабағымды 6 сыныппен өткіздім. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру үшін «жүрек жылуы»тренинг өтііздім. Сабағымды Блум таксономиясына сүйене отырып құрдым. Білу математикалық диктант «миға шабуыл» анықтамаларды толықтыру. 4 топқа жеке –жеке есеп берілді. Әр топ шығарып болған соң тақтаға шығарып, тексерді. Келесі түсіну кезеңі сызықтық функция графиктерін салу және айырмашылықтарын түсіндіру. Әр топ постерге салып қорғады. Топ басшысы өз тобына түсіндіріп отырды. Сергіту сәтіне дене қимылын жасап және логикалық есеп шешті. Қолдану кезеңіне кітаптан шығардық. Талдау кезеңінде нүктелерді табу арқылы оқушылар ұшақтың суретін салды. Оқушылардың алда алатын асулар алда болғандықтан ұшақты соған теңедік. Жинақтау кезеңінде сөзжұмбақ «шартараптан» шештік. Бұл жерде үнсіз оқушының өзі жатап жұрген ережелерін естеріне түсіреді. Бағалаудың мақсаты ретінде: оқытудың қиындықтарын анықтау, кері байланыс, уәжді аламыз. Ынталандыру ретінде көбінде мадақтау қажет.. Мұғалімнің оқушы өміріндегі әркеті сабақ берумен шектелмейді, сол сияқты мұғалім оқушының дұрыс жол көрсетушісі және бағыт берушісі деп түсінемін.. Себебі оқушыларым сұрақтарын еркін қоя алады, таңдау кезінде еркіндік танытты, өздерінің жеке тұлға екендігін сезінді, өз ойларын саралай жеткізе білді. Шәкірттеріме берген білім ақылына сай, талаптарын шаттандыратындай, ойын оята аларлықтай, бастаған ісінің нәтижесіне жетерліктей нәрлі болу керек деп есептеймін.Бұның нәтижесінде оқушылардың білімге қызығушылығы артып өз беттерімен ізденуге мүмкіндік жасайды.Ойын тақырыбы мен түрлерін күрделендірген сайын оқушылардың білім деңгейі де көтеріледі. Математика сабағында сыни тұрғыдан ойлауды дамыту өте тиімді, әрі нәтижелі болмақ. Дарынды және талантты балалардың білімдерін шыңдау оларға жекеленген күрделі есеп берілді.Бағалау. Оқушылар өзін-өзі бағалайды, топтық бағалау, бағалау критерийі арқылы, бағалау парақтары арқылы бағаладым. | |
Просмотров: 2397 | Загрузок: 118 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|